Тілдік норма туралы ұғым - «Норма» - белгілі бір «тәртіп, жүйелілік, дұрыстық».
- Тіл мәдениетінің ең өзекті мәселесі – тілдік норма. Тілдік норма және оның кодификациясы жеке зерттеу нысаны болып тұңғыш рет әңгіме етіліп отыр. Мұнда тілдік нормаға анықтама берілді, оның меже - белгілері, түрлері көрсетілді; қазақ әдеби тілінің нормативтік негіздері айқындалды, қалыпқа түскен нормалардың реттеліп, жинақталып хатқа түсуі (кодификациясы), оның теориялық-практикалық негіздері әңгіме болды. Тілдік нормадан уәжді-уәжсіз ауытқулар да тіл мәдениетіндегі күрделі де маңызды мәселе деп қаралып, оның түрлері мен себептері көрсетілді.
Кодификация дегеніміз не? - Кодификация дегеніміз — дұрыс деп танылған тілдік нормаларды қалыпқа түсіріп, жинақтап көрсету. Оны «заңдастыру», «қалыпқа түсіру», «қалыптандыру» , тіпті одан да ықшамдап «қалыптану» деп атаймыз.
Узус Узус дегеніміз – тілдік жүйеге қайшы келгенмен, тілдік дағдыға арналған қолданыстар. Мысалы: - ер – ерле – ертте;
- қозы – қозылады – қоздады;
- туған – туылған емес (туған жер, туған – туысқан)
Тіл мәдениеті және оның проблемалары - Рәбиға Сыздық «норма, нормалану (нормализация) және кодификация» терминдеріне былайша түсінік береді. Норма — тілдің өзі ұсынған тәртіп, нормалану — сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Тілдің нормалануы мен ол нормалардың кодификациясы тілдік нормаларды реттеу, сұрыптау, дұрысын бекіту, қалыптанғандарын хатқа тіркеу сияқты іс-әрекетті білдіреді.
Терминология
Кірме сөздер: самаурын, божы, шыт, сәтен
Бөгде сөздер: президент, парламент, сессия, бюджет, компьютер
Единица – бірлік
Мотив – уәж
Мотивация – уәждеме
Потенциал – әлеует
Пропорция – шама – шарықтық
Тіл мәдениеті деген не? Профессор тіл мәдениеті – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру туралы ілім деп анықтама берді.
Достарыңызбен бөлісу: |