Рабиға Сыздық. Тілдік норма және оның қалыптануы



бет1/3
Дата21.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#163618
түріДиссертация
  1   2   3
Байланысты:
Тілдік норма және оның қалыптануы

Тілдік норма және оның қалыптануы (кодификациясы)


Орындаған: Қалабай Толқын
Баспа ісі – 23

Рәбиға Сыздық


Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық – филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым қайраткері. Рәбиға Сыздық “Абай шығармаларының тілі” тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтиккалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV – XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған.

Мазмұны Кіріспе.............................................................................................................................. Негізгі бөлім: 1) Тілдік норма туралы ұғым 2) Тіл мәдениеті және оның проблемалары Қорытынды...................................................................................................................... Әдебиеттер тізімі.............................................................................................................

Кіріспе

  • Тілдік норма дегеніміз – белгілі бір қоғамның бір кезеңдегі көпшілік қабылдаған сөйлеу, жазу дағдылары. Басқаша айтқанда, норма – бұл тілдік құралдарды таңдау мен пайдаланудың жиынтық ережесі. «Норма» ұғымы «әдеби тіл» ұғымымен тікелей байланысты. Норма – әдеби тілдің бүтіндігі мен жалпыға түсініктілігінің кепілі. Ол ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтайды. Әдеби норма маңызды әлеуметтік және мәдени қызметтерді атқарады. Адамзат іс-әрекетінің барлық маңызды салаларын нормаланған тіл қамтамасыз етеді: онсыз ғылымның, білім беру мен алудың, мәдениеттің, техниканың, заң шығару ісінің, іс қағаздарын жүргізудің т.б. дамуы мен жүзеге асуы мүмкін болмас еді. Норма сүзгі сияқты: ол әдеби пайдалануға халық тіліндегі барлық анық, нақты, асыл да дәмділерін өткізе отырып, барлық кездейсоқ, тұшымсыз, мәнсіздерін ұстап қалып отырады. Соған байланысты норма динамикалы болады: ол тілдік құралдарды жаман және жақсы деп қатаң түрде бөлмейді. Сондай-ақ мынаны барлық жағдайда қолдануға болады немесе мүлде болмайды деп те көрсетпейді. Өйткені сөйлеудің бір жағдайында (айталық, тұрмыстық диалогта) ол дұрыс, мәнді болса, екінші жағдайда (мысалы, ғылыми стильде) ол ыңғайсыз, қолайсыз көрінуі мүмкін. Міне, бұл әлеуметтік лингвистикада норманың сөйлеу жағдайына тәуелділігі, норманың қарым-қатынастық мақсаттылығы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет