Рабиға Сыздық. Тілдік норма және оның қалыптануы



бет3/3
Дата21.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#163618
түріДиссертация
1   2   3
Байланысты:
Тілдік норма және оның қалыптануы
388865.pptx 2

Уәжді және уәжсіз ауытқу

  • Әдеби нормадан уәжді және уәжсіз ауытқу және олардың орын алу себептері де – тіл мәдениетінің өзекті проблемасы. Уәжсіз ауытқудың түрлері:
  • 1) әдеби баламасы бар жерде диалектизмдерді, қарапайым сөздерді жұмсау;

    2) қажетсіз тұста жаңа жасанды тұлға (сөз) ұсыну (мысалы, касса жұмыстады) және оның мағына жағынан сәтсіз шығуы;

    3) штампқа айналған ерғашқы тіркестерге үйірсектік (майталман тракторшы, биік тұғырдан, көріну, ырғақты жұмыс т.т.);

    4) сөз мағынасын, әсіресе көне, сирек сөздердің беретін ұғымын дұрыс білмей жұмсау (82 жасар Пиночет – жастағы болса керек);

    5)әдеби тіл нормасынан, тіпті жалпы сөйлеу тәжірибесінен шығып қалған араб, парсы сөздері мен морфологиялық элементтерді тықпалау (әйели, заңи);

    6) Тұрақты тіркестерді, мақал – мәтелдердің компоненттерін ауыстырып жіберу («той тойға ұлассын» – «той тойға жалғаса берсін»).

Қорытынды

  • Қорыта айтқанда, тіл мәдениетінің өзекті мәселесінің бірі – норма. Тілдік нормалардың анықтала, тұрақтана түсуі және олардың әлеумет тарапынан мақұлдануы, осылардың нәтижесінде қалыптастырылып хатқа түсуінің – кодификациялануының бүгінгі қазақ тілі үшін мәні өте-мөте зор. Бұл еңбектің тілдік нормаларды танытуда, олардың түрлерін, негізін, қазіргі күй-қалпын көрсетуде орны ерекше. Мемлекеттік мәртебеге ие болып, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейе түскен бүгінгі тіліміздің лексика-фразеологиялық қазынасы молығуда; сөз жасаудың грамматикалық, семантикалық мүмкіндіктері күшеюде; функционалдық стильдердің белгілері анықтала түсуде; тілдің ауызша жұмсалу процесінде орфоэпиялық заңдылықтары айқындалуда; жазу мәдениетіне, яғни ғылыми негізде түзілген орфографиялық нормаларды жүйелі сақтау талабы алға тартылуда – міне, осылардың баршасы тіліміздің лексикалық, грамматикалық, стильдік, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларының мақұлданған, зандастырылып хатқа түскен кодификациясын жақсы көрсетіп, дұрыс танытуды қажет етеді.
  • Пайдаланылған әдебиет: Рабиға Сыздық «Тілдік норма және оның қалыптануы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет