Пәннің/модульдің сипаттамасы/Описание дисциплины/модуля
Ұсынылып отырған оқу жұмыс бағдарламасы «Жаңа педагогикалық технология» пәні бойынша қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру мақсатында сабақ ретінде беріліп отыр. Бағдарламаның мақсаты: педагогика ғылымында ашылған жаңа педагогикалық технологиялардың мәнін ұғындыру, мазмұнымен таныстыру, құрылымы бойынша сабақтарды өткізу технологиясымен таныстыру.
Жалпы «Жаңа педагогикалық технологиялар» пәні 3 курс білімалушылары үшін дәріс және практикалық сабақтардан тұрады. Әр тақырып кең мағынада қарастырылады. Топтық және ұжымдық оқыту тәсілдерінің ұқсастығы мен ерекшеліктері, Лысенкованың (перспективтік) түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы, Дамыта оқыту технологиялары (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Довыдов жүйелері), Компьютерлік оқыту технологиясы, Презентацияны құру технологиясы, Мультимедиа- технология, Желілік технология, Интернет–технология, Қашықтықтан оқыту технологиясы секілді арнайы ауқымды тақырыптар қарастырылады. Жоғарыда аталған тақырыптар бойынша видеосабақтармен де қамтылған.
Жаңа педагогикалық технология пәні жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, педагогика, психология, тәрбие жұмысының әдістемесі, физиология, жеке пәндік әдістемелер пәндерімен байланыстырыла оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |