Қалыптастырылатын құзыреттілік/Формируемая компетенция
Жаңа педагогикалық технологиялар пәнін оқу нәтижесінде білімалушылар келесі құзыреттіліктерді игеруі тиіс:
топтық және ұжымдық оқыту тәсілдерінің ұқсастығы мен ерекшеліктерінің айырмашылығын анықтау;
Лысенкованың (перспективтік) түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясын толық меңгеру;
оқытудың компьютерлік технологиясына толық анықтама беру, практикалық сабақта сабақ жоспарын оқытудың компьютерлік технологиясын пайдаланып құру;
оқытудың ақпараттық технологиясын меңгеру;
дамыта оқыту технологияларын (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Довыдов жүйелері) және әдіс-тәсілдерін меңгеру, тақырып бойынша мысалдар келтіру;
оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясына анықтама беру;
ақпараттық коммуникациялық технологиясы бойынша көрнекіліктер даярлай білу;
компьютерлік оқыту технологиясы, мультимедиа - технология, желілік технология, интернет – технология, қашықтықтан оқыту технологиясы, интерактивті технология, оқу процесін автоматтандыру технологиясы ұғымдарына анықтама беру, толық тірек-сызба құру арқылы талдау;
электронды оқулық ұғымына сипаттама беру, оқу үрдісінде қолданылу шарттарын атау.
Достарыңызбен бөлісу: |