6.6 тақырып Бейнелеу өнерінің рухани тәрбиедегі рөлі.
Еліміз егемен ел болғаннан бері өркениетті елдер қатарымен терезесі тең болып, көркейіп келеді. Елімізді қазір бүкіл әлем тануда. Осыған қарамастан әзірге істеген ісімізден, істемегеніміз, атқарғанымыздан, атқаратынымыз жетіп жатыр. Осы тұста айта кетер бір жайт еліміздің саяси – әлеуметтік тәуелсіздігін баянды етудің тегеуірінді бір кепілі мәдени – рухани жаңғыру болса керек. Яғни біз саяси – әлеуметтік тәуелсіздігімізді мәдени рухани азаттыққа ұластыра алғанда ғана ел қамы, халық тағдырына қатысты мұраттарымыз өміршең болмақ. Бұл салада мәдени рухани саланы жаңғырта отырып дамытуға көп көңіл бөліну керек сияқты.
Жалпы өнер рухани байлықтың тұнып тұрған қайнар көзі болып саналады. Соның ішінде осы мақалаға негізгі арқау болып отырғанымыз – бейнелеу өнері саласы болмақ. Бейнелеу өнерінің адамға сыйлар рухани байлығы ұлан ғайыр.
Ертеден бастап қазақ халқы осы бейнелеу, қол өнерлеріне өте жақын, және біте қайнасып келгенін тарихтан жақсы білеміз. Әжелеріміз кезінде киім кешек, үйдің іші сыртын безендіруге керемет ою орнектер ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағада киіз үй мен ер тұрман, зергерлік бұйымдардың неше түрін ойлап тауып, соларды әшекейлеп қайталанбас әлемдік керемет туындыға айналдырып бізге мұра ретінде қалдырды. Осы ата бабамыздың осыншама өнерін көре тұра бейнелеу өнерінің нағыз өресі болмады деп кім айта алар. Алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында қолданылуы біздің ұлттық өнер шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымыз керек. Біз сол Батысты пір түтқанды жақсы көреміз. Қазіргі таңда бүкіл әлемде Дизайн шешімдерінің дұрыс қалыптасып оның дамуына біздің ұлттық шеберлеріміз тікелей әсер берді деп айтуға негіз бар. Егемендік алғаннан бастап елімізде жаңаша құрудың алғашқы кезеңдері байқалып, өнерде де еркіндікті пайдаланып әркім ойына келгендерін жасап, неше түрлі жаңа өзіндік бағыттар қалыптаса бастады. Бізге егемендік ел ретінде ең бастысы бейнелеу өнерінде ұлттық ерекшелігімізді сақтап қалу басты шарт. Бұл жахандану заманындағы бүгінгі күннің өнерге байланысты көкейкесті мәселесінің бірі. Өйткені қазіргі кезде қоғамда бейнелеу өнерінің неше түрлі ағымдары мен бағыттарыпайда болуда және олар өзара бәсекеге түсіп жатыр, себебі ең көркемі, халыққа түсініктісі, әсіресе жастарға ұлт туралы небір ой салып, тәрбие беретіні, ұлттық сана сезімді оятатын бағытына мән беріп, соны дамытуға қолдау жасалуымыз қажет. Ондай қажетті бағыттарды жанжақты насихаттап, өз ұлтымыздың, еліміздің өнерін, ұлттық құндылықтарын өзге елге көрсете білу біздің міндетіміз. Осындай арпалыс кезеңде өнер адамдары, ғалымдар мен мектеп ұстаздары, жалпы көзі ашық ұлт жанды азаматтар аянбай еңбек жасайтын сәттері туды. «Өткен ғасырдын бас кезінде кенеп бетіне сурет салуда Әбілхан Қастеев ағаларымыз балаңдық кезеңді бастан өткерді»- деп жатады, иә, бұл рас ол кезде орта қандай болды суретшілер де соны салды. Кеңестің алып саясат дәуіріндегі суретшілердің шығармаларын қазіргі заманмен салыстырып баға беруге болмайды. Әрбір тарихи кезіңнің өзіндік даму заңдылықтары мен қойылатын талаптары болатынын естен шығармағанымыз дұрыс. Кім біледі осы қазіргі кейбір аты шығып жүрген суретшілеріміздің туындылары жайлы келесі ұрпақ қандай баға берерін. Бірақ қазір қанша ағым,қанша стиль пайда болған сайын біздің өткенімізге, өздерінің әліне қарамай күйе жағушылар да көптеп табылуда. Қанша десек те Әбілхан атамыздың шығармашылық жұмыстары қайталанбас әлемдік деңгейдегі маңызы біз үшін өте зор туындылар.
Еліміз егемендік алған тұста біздің бейнелеу өнерінде толып жатқан «…измдер» қаптай түсті: реализм, сюрреализм, имперессионизм, абстракционизм тіпті соңғы кезде өзіміз де белгілі бір қазақи «…изм» ойлап тауып алып жатырмыз. Бұл мәселенің біздің ұлттық өнерді дамытуға тигізер кері әсері туралы марқұм ғалым Құдайберген Болатбаевта шырылдаған еді. Мүмкін бұл бір жағынан бізге пайдалы шығар, бірақ менің ойымша өнер ең алдымен қандай «…измге» жатпасын ұлттық сипатқа тән болу керек, яғни әр суретші өзінің Отанын, салт дәстүрін, әдет ғұрпы мен жерінің сұлулығын, өз менталитетімізге тән дүниелерді бейнелеуге тырысқаны жөн. Өйткені сол туындыларымыз арқылы келешек ұрпақты салт санамыз бен өз ұлттық колоритімізге тәрбилейміз. Бұлсалт дәстүрмен әдет ғұрпымызды келешекке біз жалғамасақ кім жеткізбек. Бұл біздің егемен ел болған шақтағыәрбір азаматтың мойнындағы парызы, өйткені өз отаныңды, ондағы ұлттық бояуымызды сенен артық бейнелеп, сенен артық сүйетін адам өзіңнен шықпаса өзге жұрттан не қайыр!
Достарыңызбен бөлісу: |