Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет46/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

7.5 тақырып өзін-өзі бағалау


Өзіндік бағалау – өзіндік сана сезімдерінің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, жағымсыз) сияқты сипаттамалар тән болады. Өмірлік тәжірибелерде қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды.
К. Роджерс өзіндік бағалау теориясын және өзіндік бағалауға психотерапиялы әсер ету курсын ұйымдастырды. Оның ойынша өмірлік жағдайларға ең оңай бейімделу өзіндік бағалаудың икемділігін дамыту болып табылады, яғни өзіне деген адекватты қатынасты дамыту, бұл басқа адамдармен қарым қатынасты дұрыс қалыптастыруға, өзін-өзі сыйлаудың жоғарылауына әкеледі. Адам үшін «Меннің» саналы компоненттері адамның мінез-құлқын реттеудің негізгі құралы болып табылады [1, 62 б.]. Кеңес психологиясында өзін-өзі бағалау мәселесі теориялық деңгейде терең зерттелінген. (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, И. В. Чеснокова, В. А. Ядов және т.б).
Өзіндік бағалауды түсіндіруде К. Левин мотивтер, қызығушылықтар, талаптану деңгейі және олардың динамикалық арақатынасын қарастырды. Осы орайда, түрлі тапсырмаларды орындаудағы жетістіктер мен сәтсіздіктерге, талаптану деңгейіне, шағын топтардағы статусқа өзін-өзі бағалаудың тәуелділігі туралы фактілер анықтала бастады.
Өзіндік бағалау компоненттері болып табылатын өзіндік сана-сезімдердің онтогенетикалық даму ерекшеліктері Б.Г. Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің, Л.С. Выготскийдің жұмыстарында қарастырылады [3, 132; 5.6.].
Сондай-ақ, кеңес психологтары өзіндік бағалаудың әлеуметтік детерминациясына мән береді. Белгілі ғалымдар Л. И. Божович, А. А. Бодалев еңбектерінде тұлғаның өз қасиеттері мен құрылымдарын ұғыну және өзіндік бағалаудың белгілі бір деңгейі – өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарты, осы процестің маңызды факторы деп есептеді. Авторлар пікірінше, өзіндік бағалау деңгейі мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге тәуелділігі өзіндік реттелуде қарқындылықты қамтамасыз етеді.
Я.П. Коломинский зерттеулері бойынша өзі қатарлас құрбылар тарапынан қолдау таппаған жағдайда жоғары сынып оқушысы өзінің топтан өзге жерлерде дәрежесін шектен тыс жоғары бағалауға бейім келеді [7, 32 б].
Тұлғаның жастық позициясы өзіндік бағалау ерекшеліктерін детерминациялайды. Оның дамуы сыртқы ортамен өзара әрекеттесуде тұлға бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Мұнда өзін-өзі реттеу процесінің мәні мен өзін-өзі бағалау дамуы – өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші болып табылады [8].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет