Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет47/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

Өзіндік бағалау – еңбектің, танымның және қарым-қатынастың күрделі өнімі. Мұның негізінде тұлға өз мінез-құлығы мен әрекетін, сондай-ақ айналасындағылармен мақсатқа бағытты қатынасын ұйымдастырады.
Тұрақты өзіндік бағалаудың қалыптасуын, оның талаптану деңгейімен байланысын жә- не мінез-құлық мотиві ретіндегі рөлін Е.И. Савонько, Е.А. Серебрякова, Л.С. Славина 1 және т.б. ғалымдар еңбектерінде кездестіреміз. Өзіндік бағалаудың тұрақсыздығы өзіне қатынастың қалыптаспауының салдары болып табылмайды [9.10]. Өзіндік бағалаудың қалыптасуында тұрақсыз болып келетін екі кезең бар: Оның құрылу кезеңі; Жаңа жағдайларға байланысты оның «тербелісі», «сынуы». Екінші кезеңдегі өзін-өзі бағалаудың тұрақсыздығы жаңа және ескі өзінөзі бағалау арасындағы күрестен туындайды.
Өзін-өзі бағалау сипатындағы ерекшелік ақиқат өмірлік әрекеттер арқылы анықталады. Бұл жерде негізгі фактор бағалау қатынасында бейнеленетін адамның іс-әрекеті және айналасындағылармен қарым-қатынасы болып табылады.
Кеңестік ғалымдар Л.И. Божович және Л.В. Благонадежина еңбектерінде: «Тұрақты өзін-өзі бағалау баланың психикалық дамуында маңызды рөлге ие. Тұрақты өзін-өзі бағалаудың және талаптану деңгейінің қалыптасуы психикалық даму фактор ретінде ішкі қарама-қайшылықтар туындауына алып келуі мүмкін», – деп көрсетті [11,39 б.].
Өзіндік бағалау тұлға өмірлік іс-әрекеті процесінде қалыптаса отырып, оның дамуында маңызды қызмет атқарады және мінез-құлығы мен іс-әрекетін реттеуші ретінде алға шығады. Көптеген зерттеулерде өзін-өзі бағалауды психика дамуында белгілі қызметті орындаушы тұлға құрылымы ретінде қарастырды (лисина, серебрякова).
Кейбір зерттеулерде мектепке дейінгі кезеңнен бастап балалардың өз әрекетін басқаруы ерекше «ішкі механизмді» иеленеді деп көрсетті (Д.Б. Эльконин) [12, 304 б].
Кез келген психологиялық зерттеуге жүйелі түрде талдау жасап қарастыратын болсақ, тұлға өмірінде өзіндік бағалаудың маңыздылығы айқын көрінеді. Себебі, өмірлік мақсаттар қою, оған жету жолдарын қарастыру әрбір тұлға- ның өзіне деген қатынасы арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, өзіндік бағалау тұлғада өзін құрметтеу, өзін қабылдау, яғни «Мен» аумағы енетін өзіне деген қандай да бір позитивті қатынастың туындауы болып табылады [13,14].
Өзіндік бағалау тұлға дамуы барысында құрылады. Біртіндеп әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесінде қайта құрылып, тұлғаның өзіндік санасын қалыптастыра отырып, оның құрамына кіреді. Өзін-өзі бағалау өзіндік санада көрінеді. Тұлғаның өзіндік санасы негізінде қоғамдық сана қалыптасады.
Тұлғаның өзіндік бағалауы өзіндік сана бөлігі ретінде функционалданады. Өзіндік бағалау өзіне қатынасты, индивидтің сыни тұрғыда қаралатын өзіндік сананың арнайы функциясы. Өзіндік бағалау тұлғаның жайлылық немесе жайсыздық жағдайын детерминанттайтын өзіндік сананың тірек бөлшегі болып табылады. Яғни, өзіндік бағалау тұлғаның өзі туралы білімдерінің қайнар көзі. Белгілі ғалымдар В.В. Столин, С.Р. Пантилеев өзін-өзі бағалауды өзіндік қатынас құрылымында қарастырды [15, 284 б.], [116, 108].
Р.С. Пантилеевтің пікірінше, өзіндік бағалау тұлға дамуында әлеуметтенудің алғашқы тәжірибесінің әсерінен дамиды. Осыған орай, өзіндік бағалау – даму барысында биологиялықтың, психологиялықтың және психоәлеуметтіктің өзара әрекеттестігінің нәтижесі болып табылады. (Пантилеев). Өзін-өзі бағалау тұлға мінезқұлқының дамуында қоғамдағы өз орнын қабылдау үшін ерекше маңызға ие. Тұлға есейген сайын өзіндік бағалау шынайы сипатта көріне бастайды [16, 18 б.].
Сондай-ақ, өзіндік бағалау әлеуметтік ортада өзара әрекеттесу негізінде қалыптасатындығын тұжырымдайтын зерттеулер де белгілі. Яғни, тұлға өзін қоршаған адамдармен өзара әрекеттесе отырып, өз орнын анықтайды да, соның негізінде өзіндік бағалау қалыптасады
Тақырыпқа байланысты жоғарыда айтылған мәселелер бойынша біз зерттеудің келесі кезеңінде алдымызға төмендегідей мақсат қойдық. Зерттеуімізге мынандй әдістемелер алынды; AС.А. Буддасидің тұлғаның өзіндік бағалауы әдістемесі; B Дембо-Рубинштейн әдістемесі; FО.И. Мотковтың тұлғаның өзіндік бағалауы әдістемесі; G-Жастардың достарымен қарымқатынасын бағалау анкетасы алынды.
Қазіргі жастардың өзіндік бағалауын достарымен қарым-қатынас арқылы дамытса, онда оның интеллектуалдық қабілеттілігі, қарым-қатынаста өзін-өзі бақылау деңгейі, ата-аналар мен құрбыларымен тіл табысқыштық қабілеттілігі қалыптасады – деген болжам құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет