Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


- бөлім. Мәдениетке құндылық қатынас



бет48/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

8- бөлім. Мәдениетке құндылық қатынас.
8.1.тақырып . Сенім қозғаушы күш.

Бүгінгі күні жасампаз тұлғаның қалыптасуындағы сенім мен руханилық ұғымдарының тәжірибелік мәнін адамзат феномендерінің бірі ретінде қызығушылық тудыруда.


Сенімнің маңыздылығы неде?
Егер біз философиялық сөздікке қарайтын болсақ, онда сенім дегеніміз – өзіне жеке және жаппай (қоғамдық) санаға кешенді ерекшелікті белгілейтін тереңде жатқан жалпыадамзаттық әмбебабты мәдениетті көптеген төмендегідей аспектілерін қамтиды:

  • гносеологиялық (нақты дәлелсіз немесе принципсіз дәлел, нағыз, шынайы тезис ретінде қабылданған )

  • психологиялық (терең мотивациялық фактор ретінде жеке өмірлік стратегия – «сенім» «сенім» өзінен бас тартуға шейін, өмірлік жағдайлар мен күмәндерға қарамастан оны ұстап қалуға шешім құндылық ретінде берілген ұғымның мазмұнын саналы ұғыну және уайымдау).

  • діни (айтылған сенім объектісінің мазмұнын тылсым күштер, яғни теологиялық салаға жатқызатын болсақ).

Жоғарыда айтылған ой пікірлерді (постулаты) Фома Аквинский ұсынған, яғни ол ақыл мен сенімнің үйлесімділігі абсолютті нұсқада белгіленген сенім догматикалық артылықшылықтарында туады: егер, шындыққа қарама – қарсы рационалдық қорытынды жасалса, онда талқылаудағы өателіктердің болғандығын дәлелдейді. Бұдан басқа да, Фома Аквинскийдің, философтардың, яғни теологиялық зат ретінде қарастыратын (құдай тірі, жанның мәңгі өлмейтіндігі және т.б. догматикалық ұғымдар) және адамның ұғымына сай емес, түсініксізжәне теологиялық танымнан тыс зат ретінде (құдайдың көпжандылығы, әлемді өзгерту, қайта жасау, күнә жайында және т.б.) рационалды, догматикалық түсініктерді бөліп көрсеткен.
«Сенім» ұғымы өзінің айналасына философиялық дәстүрлер шеңберінде де және терең гносеологиялық, сондай- ақ әлдеқайда кең ұғымда – жалпыантропологиялық жоспарда маңызды мәселелерді жинақтайды. «Сенім» категориясы экзистенциализм философиясында «құдайға сену» және «ғылымға сену» қғымдарын бірге алып жүретін «философиялық Сенім» ретінде түсіндіріледі.
Сенім ұғымы «краеугольных камней» адамзат тұрмысының фундаментін құрайтын бастауы деп айтар болсақ асыра айтпағандық болар. Шын мәнінде «мен бұл әлемдегінің барлығын таныдым» деп айтуға дәті бара бермес, бұған қарағанда ұлы грек ойшылы Сократтың «Менің білгенімнен, еш нәрсені білмеймін» деген дұрыс сияқты. Адам мына әлемнің бір кішкентай бөлшегі оның қысқа да, өтпелі өмірінде ең қажетті нәрселерді ғана танып білуге жетеді. Басқалардың тәжірибесіне сеніп, көпшілігіне сенммен қабылдайды.
Әрбір адамның танымдық жолы ата-анаға, ұстаздарға, кітаптарға деген сенімнен басталады. Тек кейінгі тәжірибе ғана, өзінің сенімін білімге айналдыра отырып бұрынғы алған ақпараттың қаншалықты дұрыстығына көз жеткізеді, сенімі күшейеді (немесе әлсірейді). Бұл жолда сенім мен білім толық бір нәрсеге айналады, адам өзінің әр түрлі ісәрекет саласында бірте бірте өседі, дамиды. Дінге деген сенім де біздің рухани ұмтылыстарымыз, ізденулеріміз және осы тәжірибе мен білімге ие, сәйкес адамдарга сенімнен жиі басталады. Сенім өмірді терең интуитивті сезіммен танудан және жеке өзін- өзі тану тәжірибесінде өзіндік күшке ие болудан басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет