Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып Зиялылық жолы жастық шақтан басталады



бет44/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

7.3 тақырып Зиялылық жолы жастық шақтан басталады.


Қай кезде, қай елде болсын, жаңа да төлтума идеяларды жүзеге асыруға бейім, жоғары шығармашылық әлеуетке ие топ та, қоғамның барынша белсенді бөлігі де - жастар екені белгілі. Жастар қашан да ересектерге бір түрлі, қызықтау болып көрінеді, өйткені адамзат ұмытшақ қой, өздері сондай тауы шағылмаған жасөспірім кезден өтпегендей. Дей тұрғанмен, қазіргі заман жастары бұрынғы жастардан өзгешерек.
Расында, құндылықтар тұрмақ, мәдениеттің тасымалдаушысы түбегейлі өзгеріске түсіп отырған бұл заманда жастардың сұраныс-талаптары да түрленіп отыр. Бүгінгі қоғамды қоршаған ақпараттық шындық адамзатты 70-80 жылдары қоршаған шындықтан мүлдем бөлек екені анық. Ол виртуалды шындық туындатқан ғайып болмысқа байланысты. Бүгінгінің мәдениетіндегі компьютерлендіру үрдісі адамсыз технологиялар негізін салып, ақпарат қоғам өмірінің маңызды элементіне айналып қана қоймай, барлық салаға тікелей әсер етіп отыр.
Компьютерлік технологиялар жетістігінің арқасында жастарда жаңа «өмір сүру» кеңістігі - киберкеңістік (көзбояу болса-дағы) пайда болды. Қазіргі жастар мен ересектер әртүрлі кеңістікте өмір сүреді деп айтуға негіз бар. Бірі - нақты шындықта, енді бірі - ғайып шындықта. Желілік қауымдастық ретіндегі Интернет - Ғаламтор бүгінде жастардың ең бірінші тәрбиешісіне айналып отыр. Сондықтан ақпараттық зорлық сынды жаңа зорлық түрін туындатқан алмағайып заманда жастарға деген көзқарас та жаңаша болу керек. Оларды өткеннің үлгісімен пішіп-жонуға еш болмайды. Әлеуметтік дамудың жеделдеуі, әрқилы ақпараттық дерек көздеріне кеңінен жол ашылуы балалардың көп нәрседен хабардар болып, олардың эрудициялық көкжиегінің кеңеюіне ықпал етті. Бірақ, әйгілі Гераклит айтпақшы, көпті білгенің әлі де болса ақылды болғаның емес. 
Жастыққа тән мінездерден мәңгілікке арылмау мүмкін емес, өйткені мәңгілік тек Алланың еншісі, қалғаны - фәни. Ал жастыққа тән мінездердің адам жастық шақтан орта жасқа немесе егделікке өткенде де кездесіп тұруы әбден мүмкін. Жастыққа ғана жарасымды немесе тек жас болғаны үшін оған кешіріммен қарайтындай мінез-қылықтар бар. Олар көбінде терең рухани діңгекке қатысы жоқ, көбіне сезіммен қабаттастырылған дүниелер болуы мүмкін. Мысалы, алды-артын ойламайтын аңғалдық, аңдамай сөйлейтін ұр да жықтық, қызуқанды қызбалық, адуын мінез, жүйке жүйесінің қайраттылығы, т.т. Сонымен қатар, адамның ішкі жан дүние түкпірінен қай кез болсын орын табар жағымды мінез түрлері бар ғой, олар - адам өмір жолының өн бойына серік болатын, адамгершілікке қатысты биік нысаналы қасиеттер деп білемін. Мысалы, арманшылдық, ашық-жарқындық, өмірден жерімеген қызығушылықты құлшыныс, риясыз көңіл, қайраттылық, тәуекелшілдік, жігерлілік, жылдам әрекет ету және сол сияқты қамкөңіл өмір күзінде сирек кездесетін қасиеттер. Әр нәрсе табиғи үйлесімді болғаны дұрыс шығар. Қазірде гендік түрлендірілген тағамдарды жегеннен жадаған біздер нағыз табиғи өсірілген азық-түлік парқын біліп жатыр емеспіз бе? Сол сияқты, сырты әдемі, қап-қатты көрінгенімен, іші нәрсіз тағамды ағзамыз қаламайтыны секілді, кәрінің жасаң көрінгісі келгенімен, жасармайтыны белгілі. Жас көрінем деп рэпперлерше киініп, күлкі болып, көшеге шығып ролик тебем деп аяғын сындырып жатса, одан адам әбүйір таппас, сірә. Өз жасыңды сыйлай білу және сыйлата білу де - ақылдылық. Алла кім-кімді болса да қәдірсіз қартаю сұмдығынан сақтасын! Ал ол дегеніміз өзінің әлін білмей, жастыққа тән мінез-қылық стереотиптерінен арыла алмай, әлек болу деген сөз. Әрине, БАҚ, сән индустриясы, әсіресе, сән салондары бізге қаншама жылдар бойы жастыққа табынуды насихаттап келеді. Ол түсінікті жай, оған өкпелеп қажеті жоқ, себебі олар сөйтіп ақша табады, соны кәсіп етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет