Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып.Тұлға бостандығы және оған алып баратын жол



бет52/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

8.3.тақырып.Тұлға бостандығы және оған алып баратын жол.

Адам құқығы — азаматтың басты игілігі. Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістігі адам құқығы мен бостандығын нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап, оған кепіл болуы тиіс. Осындай ізгілікті үрдістен тәуелсіз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.


Заң ғылымында адам құкығы, азамат құқығы, жеке тұлға құқығы деген ұғымдар бар. Оларға қысқаша түсінік берейік.
 Адам кұқығы - табиғи құқық, табиғи бостандықтар субъектілері оған мемлекеттің ешқандай қатысы жоқ. Егерде ол табиғи құқықтарды мемлекет бекітсе онда ол адам сол мемлекеттің адамы болады.
 Азамат құқығы — табиғи кұкықтар жинақталып, жүйеге келтіріліп мемлекеттің заңдарында, нормативтік актілерде көрсетіліп, мемлекеттің қорғауында болып адамдар сол қоғамның азаматы болу.
 Тұлғаның құқығы - жеке адамның құзыреті, іс-әрекет жасау мүмкіншілігі. Оның шеңбері жеке тұлғаның саяси-қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық мәртебесінің шеңберіне байланысты.
Адам құқықтарын бекiтуге, оларға кепiлдiк беру, қамтамасыз ету, қорғау және iске асыруға ұмтылыстың артуы құқықтық мемлекеттiң (қалыптасқан немесе ендi ғана қалыптасып келе жатқан) сипаты мен тегiне, оған тән басқару, реттеу және ықпал жасаудың құқықтық құралдарының басымдылықтарына, онда байқалып отырған гуманистiк бастаулардың, демократияландырудың күшеюiне, мемлекеттiк құрылымдардың халық бұқарасы үшiн ашықтығына байланысты. Құқықтық (немесе оны құруды аяқтап келе жатқан) мемлекет мәжбүрлеу және күш қолдану шараларын шектен тыс қолдана алмайды, өйткенi оның нәтижесi қолданылған тәсiлдерге барабар болып шығады.
Жақын болашақтағы міндет - жаңа ғасырдың мыңжылдық басындағы кезеңде басымдықтарды дамытудың жаңа перспективаларын есепке алып жүзеге асыру болып табылмақ.
Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғауға байланысты маңызды халықаралық құжаттарды мақұлдағаны жөн, өйткені бұл үкіметке ықпал жасау үшін халықаралық механизмдерді қолдануға, құқықтары мен мүдделері үшін аяққа басылып, ұлттық заңмен қорғалмаған адамдарға тиімді көмектесуге мүмкіндік береді.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мемлекеттiң қорғаушылық қызметiнен бөлген меншiктi, құқықтық тәртiптi, заңдылықты не т.б. қорғау қызметiнен ажыратқан және оларды басқа қызметтiң негiзiне алып, оның мазмұнын кеңейткен абзал. Бiздiң пiкiрiмiзше, мемлекеттiң адам құқықтары саласындағы қызметiн тек оларды қорғаумен шектеуге болмайды. Мемлекеттiң адам құқықтарын бекiту, қамтамасыз ету және оларға кепiлдiк беру, оларды iске асыруға жәрдемдесу жөнiндегi iс шараларының маңызы бұлардан артық болмаса, кем емес. Оның бергi жағында мемлекет қызметiнiң барлық аталған түрлерi бiр-бiрлерiне өте жақын, бағдарлары бойынша бiр-бірiне ұқсас, оларды бiр-бiрiнен ажыратуға, бөлек және дара қарастыруға болмайды. Өйткенi, сайып келгенде, олар белгiлi бiр бiрлiк пен тұтастықты құрайды
Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жүзеге асыру барысында халықаралық және ұлттық институттардың түрлерін, мәнін және мазмұнын түсініп білу үшін, оның адам құқықтары мен бостандықтарының пайда болуы, түсінігі және түрлеріне шолу жасай отырып, аталған институттардың қазіргі кездегі жай-күйіне тоқталу қажет. Жаңа дамып келе жатқан мемлекет үшін бұл институттарды дәйекті зерттеу және қазіргі кезеңде құқықтар мен бостандықтардың қорғалуын жүзеге асыру мәселесі тәуелсіз еліміздің алдына қойған мақсат мүдделері негізінде жүйелі түрде зерттеу қажеттілігі туындауда.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Қарастырылып отырған проблемаға Ресей және Қазақстан ғалымдарының бiрқатар зерттеулерi арналған. Бiрiншi кезекте бұлардың қатарына РҒА академигi Е.А. Лукашеваның басшылығымен жасалынған iргелi еңбектердi атауға болады. Ол КСРО ыдырауынан кейiнгi Ресей мен ТМД елдерiндегi адам құқықтарын қорғау проблемасын бiрiншi болып ғылыми зерттеу деңгейiне көтердi.
Жеке тұлға институтының қоғамда пайда болуы мен қалыптасуын ғылыми зерттеу дәрежесін отнадық және шетел ғалымдарының еңбектерінен көруге болады. Бұл мәселеге Қазақстанда ТА. Ағдарбеков, М.Т. Баймаханов, С. С.Қ.Амандықова, Башимов, С.З.Зиманов, С. Өзбекұлы, З.Ж. Кенжалиев, А.К. Мұхтарова, Ғ.С. Сапаргалиев, С.Н. Сәбiкенов, Н.А. Шайкенов, С.А. Табанов сияқты ғалымдардың жұмыстары арналған. Бұл қатарда Еуразия кеңiстiгiнде адам құқықтарын iске асыру теориясы мен практикасына талдау жасалынған Ж.Д. Бусурмановтың зерттеуi ерекше орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет