Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет34/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

5.4 тақырып Алғыс пен рахмет.

Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Оқушыны имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді бала бойына жас кезінен сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз. Адамгершілік- адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Бүгінгі күні өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қойылған мақсаттың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыру. Адамның бойында адамгершілік сезімі қалыптасқан күнде ғана Отан алдындағы парызды орындау үшін саналы түрде қауіп-қатерге бас тіге алады. Б.Момышұлы «Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге міндетті деген. Бұны отбасында өсіп келе жатқан жас буындарды ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ерен үлес қосатын аса маңызды әлеуметтік орта деп ой түюге болады». Кез келген баланы ата-ана, мұғалім, балалар ортасы тәрбиелейді. Оған өмірдің түрліше жағдайлары әсер етеді. Мектеп өсіп келе жатқан баланың рухани-адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етеді. Ол белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргеннен кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сондықтан балалардың мектепте алған адамгершілік тәрбиесі адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс. Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы міндетті.


Адамгершілік тәрбиесі балалар арасындағы тәрбие жұмысының барлық буындарында, сабақта, оқу және еңбек үрдісінде, дене тәрбиесінде жүзеге асырылады. Адамгершілік нормаларын тек жаттап алу жеткіліксіз, оны ой елегінен өткізіп, бастан кешіруі керек. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» дегендей, оқушыларды мектепке келген күннен бастап парасат биігіне, адамгершілікке тәрбиелеу, ежелгі халық тәрбиесі үлгісімен адамгершілік дағдысына үйрету – тәрбие жұмысының негізгі бөлігі. «Тәрбиесіз адам – адамгершілік жағынан надан, дүмше,- деп жазады В.А.Сухомлинский,- бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді». Баланың өзін ізгі, адамгершілігі мол адам ретінде көрсетуіне жағдай жасап, өзгелерге жақсылық, қайырымдылық жасау оның да қолынан келетінін үнемі ұғындырып отырған жөн. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» дегендей, мектеп ұжымынан бөлек ата-ананың бала тәрбиесіндегі ролі ерекше, үйретері, берер тағылымы, үлгі-өнегесі мол. Баланы рухани-адамгершілікке, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу өзі өскен ортада ата-анасы арқылы беріледі. «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас кезінде көрген өнеге» деген екен Ж.Аймауытов. Олай болса, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей, ата-ана отбасында баланы бауырмашылдыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, жақсы ізгі мінез-құлықтарға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу керек. Жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиетін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген азамат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыруда жатыр деп түсінеміз. Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек» деген сөзін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін ат салысуымыз қажет. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіріп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелей аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет