Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


Түсініктеме хат/Пояснительная записка



бет2/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

Түсініктеме хат/Пояснительная записка

«Рухани – адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (2013 жылғы 24 сәуірдегі №150 бұйрығымен ) сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.
«Рухани – адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері» пәнінің мақсаты біртұтас үйлесімді
Тұлғаны қалыптастыру, дене және рухани-адамгершілік жағынан даму үйлесімділігіне қол жеткізу, өзін-өзі тану, рефлексия, өзін-өзі талдау және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамыту негізінде студенттердің тұлғалық дамуына ұйымдастырушылық – педагогикалық жағдай жасау.
Пәннің міндеттері:

  • Студенттерде рефлексия қабілеттерін қалыптастыру;

  • өз «Менін» жан – жақты талдауға үйрету;

  • студенттердің өз жеке ерекшеліктерін, мінезін, темпераментін, қызығушылығын, қажеттіліктері мен қабілеттерін, бағалылық пен құндылықтарын, тұлғалық бағалау деңгейін зерттеуі;

  • студенттерде болашақ кәсіби қызыметі, оқу талаптары және өзін – өзі тану материалдары негізінде өз мүмкіндіктерін бағалау қабілеттерін қалыптастыру;

  • студенттерде өзін – өзі дамытуды түзету, тұлғалық және кәсіби өсу стратегиясын дұрыс таңдауды қалыптастыру;

  • тұлғалық өзін – өзі жетілдіру бағдарламасын құрастыру бірлігіне үйрету.

Жалпы жоспар бойынша сағат саны: 108 сағ. оның ішінде:

  • Теориялық сабақтар: 65 сағ.

  • Практикалық сабақ 43 сағ.




  1. Пәннің/модульдің сипаттамасы/Описание дисциплины/модуля

«Рухани – адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері» пәні бойынша жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың дәріс, семинар, тәжірибелік сабақтар және басқа түрлері ұсынылады.


Оқу материалынын мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелрді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқа оқыту әдістері ұсынылған.
Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық білім беруді ізгілендіру, проблемалық оқыту, ойын, дидактикалық бірліктерді ірілендіру, модульдық, ақпараттық - коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп - саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.
Танымдық іс- әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
«Рухани – адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері» пәнін педагогика, психология, философия, жаңа педагогикалық технологиялар пәндерімен байланыстырып оқыту ұсынылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет