1.4 тақырып. Мен оқушымын.
Жақсы оқушы болашақ иесі.
Нақыл сөз
«Жақсы оқушы – болашақ иесі» деп жазып қояды және осы нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді:
– Оқушы мектепке оқу үшін келеді. Оқу арқылы білім, тәлім алады. Оқушы тек қана оқушы емес, жақсы оқушы болуы тиіс. Жақсы оқушы көп білуге, өзін, елін, әлемді тануға құштар болады. Өйткені нақыл сөзде айтылғандай «Жақсы оқушы – болашақ иесі». Олар – болашақтағы ғалымдар, ел басшылары, құрметті адамдар, жан-жақты мамандар. Жақсы оқушылар болашақты жарқын етеді.
Ойын. «Мен жақсы оқушымын»
Оқу алушылардың «оқушы» туралы түсініктерін бекіте түсу үшін ойын әдісін ұсынуға болады.
– Оқу алушылар,ата-ана сендердің жақсы оқушы болғандарыңды қалайды. Ол үшін сендер «Мен жақсы оқушымын» деген жазуы бар алқаны кезегімен тағып тұрып не себепті жақсы оқушы екендеріңді айтып шығыңдар. Мысалы:
– Мен жақсы оқушымын, өйткені сабаққа кешікпеймін.
:– Жақсы оқушы өздерің айтқандай сабаққа кешікпейді, оқу құралдарын таза ұстайды, тазалықты сүйеді, достарына көмектеседі, мұғалімді, үлкендерді сыйлайды және тыңдайды, тиянақты білім алады. Осы айтылып өткен жақсы қасиеттердің бәрі әдепті адам бойынан табылады.
– Оқу алушылар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Ойын-жаттығу. «Ойлан, тап!»
Бұл ойынның шарты бойынша балалар мұғалім қоятын мынадай сұрақтарға жылдам жауап беруі тиіс.
1) Қазір қай пәнді оқып отырмыз?
2) Мектепте саған сабақ беретін адамды кім деп атайды?
3) Бірге ойнайтын балаларды кімдер деп атайды?
4) Мектепке не үшін келесің?
5) Мектепке баратын баланы кім деп атайды?
Шығармашылық жұмыс
Оқу алушыларға бірлесіп еткен еңбектің нәтижесін көрсету үшін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.
Көзі мен тұмсығы салынбаған балапанның суреті алдын-ала дайындалып, балаларға таратылады .
– Оқу алушылар, қолдарыңдағы балапанның суретін анықтап қараңдар. Балапанның суретінде не жетіспейтінін табыңдар.
Оқу алушылардың жауаптары тыңдалғаннан кейін тапсырма беріледі:
– Балапанның суретіне жетіспей тұрған оның көзі мен тұмсығын өздерің әдемілеп салыңдар. Балапандарың көңілді балапан болу үшін оның көзі мен тұмсығын қалай етіп салар едіңдер?
Оқу алушылардың жауаптары.
Әрбір бала өзіне берілген балапанның көзі мен тұмсығын салып шығады және көңілді балапандарды үстел үстіндегі түрлі-түсті қағаздан жасалған көгалға жайғастырады.
Оқытушы оқу алушылардың жұмыстарын қорытындылайды:
– Оқу алушылардың тағы бір ерекшелігі – талмай еңбектене білуі. Сендер жұптасып, топтасып бірлесе отырып, еңбектене білетіндеріңді көрсеттіңдер. Қараңдаршы, аз уақыттың ішінде топ болып бірігіп жұмыс істеу нәтижесінде көп балапан дайын болды. Оқу алушылар үнтаспаға қосылып, ән шырқайды.
.1. Оқу құралдарының суретін салыңдар.
Оқытушы оқушыларға сабақтан үйренгендерін қорытындылауға ықпал етіп, өзі түйіндейді:
– Оқытушы колледжде оқу оқып, білім алып, еңбек етуді үйренеді. Сондай-ақ сыныптастарымен достасады, бір-біріне көмек береді, ұстаздарын, тәрбиешілерін үлкендерді сыйлайды, кішілерге қамқор болады.
Жүректен- жүрекке
Оқытушы ән айтылып жатқан уақытта оқушыларға «қоңырау» пішініндегі ішіне тілек жазылған ашықхатты таратып береді. Әр Оқу алушылардың атын атап, жазылған тілектерді оқып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |