Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет7/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

1.3 тақырып. Мен адаммын.
Бүгін бізге «Адам» деген ерекше ұлы тұлғамен танысуға Махаббат періштесі көмектеседі. Махаббат періштесі адамның бойындағы өзіне тән қандай жағымды қасиеттердің бар екені туралы былай дейді. Тек Адам ғана өзге адаммен кездескенде «Сәлеметсің бе!» деген жақсы сөзді айта алады. Адам осы сөзді айту арқылы барлық жақындарына, таныс және бейтаныс адамдарға, Табиғат-Анаға саулық пен бейбітшілік тілейді.
Балалардың бойында адамның жағымды қасиеттері туралы ұғымды қалыптастыру; балалар санасындағы адамның жалпы мүмкіншіліктері туралы ойды дамыту; адамдармен мейірімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
– Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» сөзін естеріңде сақтағандарыңа өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз адам, табиғат , өзіміз туралы өте қызықты мәліметтер аламыз.
Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.
Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)
Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)
Армысың, менің досым!
Әңгімелесейік
Құстар бір-бірімен қалай амандасады? Жануарлар мен құстар да адам сияқты «Сәлеметсің бе!» деген сөзді айта алады ма?
(Балалардың жауаптары.)
– Дұрыс айтасыңдар, балалар! Құстар да, жануарлар да – бәрі де өз тілдерінде амандаса алады. Алайда, біз – адамдар олардың тілін түсінбейміз. Тек адам ғана өзге адаммен сөйлесе және түсінісе алады.
– Айта қойыңдаршы, адам тағы не істей алады?
(Балалардың жауаптары.)
– Дұрыс! Басқа адаммен дос бола алады, қоршаған ортаны қорғайды, өсімдіктер мен жануарларды күтеді. Адам үй сала алады, әр түрлі машиналарды ойлап табады, көлік жүргізе алады, ағаш отырғызады, кітап жазады, керемет ойыншықтарды жасай алады. Адам өзге адамды, оның үлкенін де, кішісін де, танысын да, бейтанысын да қуанта алады.
– Балалар! Адам басқа адамнан бойы, шашының, көзінің түсі, жасы бойынша ерекшеленеді.
Ал ұқсастығымыз – әрқайсымызда қол, аяқ, бас, көз, жүрек бар. Біз сөйлесе аламыз. Бәріміз адам деп аталамыз. Әрқайсымыз – адамбыз. Кәнеки, осы керемет сөзді бірге қайталайық – «Адам!».
– Енді осы «Адам» сөзін әндетіп айтып көрейік.
– Енді осы «Адам» сөзін сыбырлап айтып көрейік.
– Енді бар дауыспен – «Мен – Адаммын» деп айтайық.
(Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды.)
– Жарайсыңдар, балалар! Қараңдаршы, сендер әр түрлісіңдер, ұлдар мен қыздарсыңдар. Сонда да біздің бір ұқсастығымыз бар. Бәрімізде де мейірімді және сүйе алатын жүрегіміз бар. Қолдарыңды жүректеріңнің тұсына қойып, дүрсіліне құлақ салыңдар... Ол сендерге жақсы адам әрқашан жақындары мен туыстарына көмектесетінін, оның мейірімді, батыл және қамқоршы болатынын түсіндіреді.
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет