Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет9/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

1.5 тақырып. Менің сыныптастарым.

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өміріндегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатыны рас. Мектеп-білім айдыныдағы үлкен кеме. Ал, мұғалім оның ішінде сынып жетекшісі осы қоғамдық орында баламен, ата-анамен ынтымақтаса бай ланыста жұмыс жасайтын негізгі адам.


Сынып жетекшісі болу - бұл өз оқушыларының ортасындағы қарым –қатынас қуанышына кенелу. «Тәрбие – тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өмірімен, қоғамның мақсат-міндеттерімен байланысты болуы керек»,- деп А.С.Макаренко айтқандай бала жанын түсінетін бірден-бір тұлға ол – сынып жетекшісі.
Менің осы 9- сыныпқа жетекшілік еткеніме 3 жыл уақыт болыпты. Мен өз сыныбыммен бірге жүріп, әр қайсыларының мінездерін, әдеттерін, жақсы жақтарын көре білдім. Мен қазіргі таңда өз сыныбымды мақтанышпен айта аламын. Өйкені олар әр уақытта да мектепішілік ұйымдастырылған іс-шаралардың белсенді мүшелері. Сөзімнің дәлелі ретінде айта кетейін, сыныбымдағы 7қыз бала, 4 ер баланың әрқайсысы да өнерлі жандар. Барлығы да мектебіміздегі спорттық секцияның белді мүшелері, үнемі спорттық сөмкелерін асынып алып, бос уақыттарын спорт залда өткізеді. Оның нәтижесі де жоқ емес. Аудандық спартакиадада спорттың жеңіл атлетика түрінен 500метрге жүгіруден және «Ақбидай» спартакиадасынан Аманғосова Қанымай жүлделі ІІІ орын иеленсе, «Ә.Молдағұлованың 90 жылдығына арналған» аудандық «Мерген ару» сайысына қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Аудандық спартакианың волейбол түрінен Қанатов Нұрғизат, Тоғайбаев Нұрлыбек жүлделі орындарды иеленді. Аудандық шағын футбол ойындарына қатынасқан сыныбымның қыздары жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Сонымен қатар оқушыларым «Қолөнер» саласы бойынша да біраз жетістіктерге жетіп келеді. Жылма жылғы мектепішілік ұйымдастырылған көрмелерге өздерінің ұйымшылдықпен бірлесе отырып, қолдан жасаған түрлі бұйымдарын қойып жүлделі орындарға ие болып жүр. Аудандық «Қарлығаш» қолөнер көрмесіне түрлі бұйымдары қойылып, жүлделі орындар алып келеді. Биылғы көрмеден сыныбымыздың шебері Әлібек Сымбат І және ІІІ дәрежелі дипломмен мадақталды. Аудандық «Балар бастауы-2015» атты байқауда «Өз өлкемді мақтан етемін» тақырыбы бойынша Қанатов Нұрғизат бас жүлдеге ие болып, облысқа жолдама алды.
Міне, сыныбыммен осындай ұйымшылдықпен жұмыс жүргізе жүріп мен де аудандық «Үздік сынып жетекшісінің портфойлесі - 2015» байқауынан І орынды жеңіп алдым, бұл да болса осы оқушыларымның арқасы деп білемін.
Ұстаздық жолында менің түйгенім: «Бала – нәзік тамыршы».
Ол - ең адал, пәк мінезді, турашыл, айтқаныңды бұлжытпай орындайтын, сенімшіл, болашаққа ақиқатпен қарайтын нәзік жан. Ен¬деше, ұстазы әділ, адал болса, шәкірт озады.
Алда, алар асуымыз, бағындырар белесіміз әлі де көп. Алдағы уақытта бірлігіміз нығайып, биік белестерді бағындыра берейік деп тілеймін.
Сынып жетекшісі Күн болса, шуағы шәкірттері емес пе?! Ол шуақ мәңгі баланың жанында жылу беріп, ақыл беріп тұрғандай сезіледі.

Ғылымда жолы болар ұстамдының,


Білімдіні замандасым құптар бүгін.
«Ат басындай» алтынға ауыстырмас,
Ол менің мамандығым, ұстаздығым
Сыныбым, мақтанышым ұландарым,
Иесі болашақтың қырандарым.
Болса да сәл тентектеу, әрі ерке
Жайқалған жас қайың ғой, шынарларым.
Кенжесі, әрбір үйдің еркетайлар,
Тұңғышы тағы да бар гүлдей жайнар.
Ата- әже мәпелер немерелер,
Кілең тәтті сүйкімді құлын-тайлар
Сынып жетешісімін, жауаптымын,
Бағын ашам талаптының.
Тәрбиешімін, тәрбиелеймін,
Білемін Ұстаздықтың ғажаптығын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет