2.5 тақырып Әлемге деген махаббат.
Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.
Махаббаттың алуан түрлі сипаттары мен аспектілерін білдіру үшін гректер төрт түрлі терминдерді қолданды, олар: эрос, филиа, агапэ, строгэ.
«Эрос» —сөзін олар обьектіні өздеріне толығымен иеленіп алу мақсатымен, сол обьектіге бағытталған сезімдерді білдіру үшін қолданды.
«Рhilia» — сөзі жеке немесе әлеуметтік таңдау еріктеріне байланысты біріккен индивидтердің байланысын білдіреді.
«storge» — сөзі болса айырбастауға берілмейтін мәңгі органикалық түрде туыстық жақындықпен байланысты махаббатты білдіреді. Бұл ата ана мен бала, ері мен әйелі, отаны мен азаматтары арасындағы өте нәзік әрі өз өзіне деген сенімді махаббат.
«Аgape» — термині гректерде ғашық адамының, сүйіктісінің белгілі бір ерекшеліктерінің, оның ерекше бір мінезінің негізінде пайда болатын саналы махаббатты білдіреді
Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның эзотерикалық, тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де Махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша Махаббат — ғаламның, адамзат жаралуының телеологиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этик. ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан М. жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ой-пікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық.
Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі.
Ол құдайға сенетін адамдарды діни қиялдар әлеміне беріледі дейді, өйткені ол адам ләззат алады. Суфизмдегі құдайға деген махаббат.
Суфизм ілімінде құдайға деген махаббат ең негізгі тақырып болатын. Құдайға деген махаббат идеялары Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен іс әрекеттері туралы аңыздарда белгіленген сунналарда да, құрандарда да айқын көрініс таппаса да, суфизмде бұл идея кең мағынада қарастырылды. Өйткені онда құдіретті күштің алдындағы табынып, бас ию мен оған мойынсұну мотиві өте басым болды. Христиандық пен иудаизмдегі сияқты исламда да құдайда жыныстық айырмашылық жоқ, мұнда құдай көбінесе еркектік сипатта болады. Араб тілінде де осылай, бірақ мұнда орыс тіліндегі сияқты құдайды анықтау үшін құдайдың өзіндік ерекшелігі мен мәні деген сөздер қолданылады. Араб тілінде ол формасы жағынан еркектік сипатта, ал грамматикасы жағынан әйелдік сипатта. Құдайдың ең басты мәні – ол әйелдік сипатта болуында. Суфизм ілімінде махаббат тақырыбы жан жақты қамтылған, Жартылай ортодоксальды құдай ілімінде Мұхаммед пайғамбардың сөздері бар, онда ол Құдай туралы былай деген: “Мен құпия болатынмын, және мен өзімді танығанын қаладым, сондықтан адамдар мені танысын деп әлемді, дүниені тудырдым” — деді. Жалпы, құдайды танушылар Құдайды танудың элементтеріне назар аударады. Бірақ, суфизм ілімінше, махаббат дегеніміз әлем мен дүниені қозғалысқа келтіріп, реттеп тұратын күш дейді. Құдай да бүкіл әлем мен дүниені махаббатты сияқты жаратты, дүние мен әлемдегінің барлығы мен кез келген махаббат, яғни әйел мен еркектің махаббаты, ата ананың балаға деген махаббаты – бұлардың барлығы өмірге мән мен мағына беріп тұратын осындай махаббаттың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан өмірде махаббаттың алатын орны ерекше. Ал, енді осыдан тағы бір басқа мотивке әсемдік, яғни сұлулық жатады. Сондықтан, әсемдік пен сұлулықты жақсы көріп сүйіп, оған деген махаббатымыз оянады. Мұхаммед пайғамбардың — суфийлер соңына дейін дәледеп берген мынадай сөздері бар: “Құдай шын мәнінде көркем, сұлу және ол сұлулықты жақсы көреді”. Құдай дегеніміз бұл сұлулық.
Мынадай аңыз бар көрінеді: «Мұхаммед пайғамбар Құдайды сақалсыз, өте жас әрі сұлу бозбала образында өзінің әуеге саяхатында» — көріпті дейді. Құдай өзінің алуан түрлілігімен бізден жасырынады, егер де ол өзінің сұлулығын құпия ұстамаса, онда әлем жанып кетуші еді. Ол өзіне тән сұлулығын көрсетпейді, сондықтан бұл Құдайды барлық жерден іздестіруге деген мистиктердің құштарлығын оятады. Құдайдың ең жетілеген айнасы, яғни оның өзіне ең қолайлы келетіні ол — адам. Адам Атаның өзі Құдайдың айнасы, ол Хауа Анадан құдіреттің сұлулығының бейнесін көрген
Достарыңызбен бөлісу: |