Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет24/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

3.5 тақырып Адамды түсіну.


Тусіну – ойлау әрекетінің нәтижесінде белгілі бір оқиғаның немесе құбылыстың мағынасы жайлы ой-тұжырымға келу. Тусіну мүмкіндігімен сан алуан құбылыстардың себеп-салдарын, елеулі белгілерін, өзара байланысын, маңызы мен мағынасын ұғынуға болады. Басқа адамның амал-әрекетінің, ой-пікірінің мазмұнын ұғынуда, кез келген ақпаратты қабылдап, оған лайық ой түю түсіну арқылы жүзеге асады. Түсінудің арқасында адам қоғамдық және мәдени ортада, өзара қарым-қатынаста, ақпараттық кеңістікте өз орнын, өзіндік ой-пікірінің лайықты мүмкіндігін айқындайды.
Өзгенің ой-пікірін, көңіл-күйін, мақсатын түсінбей тұрып, өзіндік ой-пікір тұжырымдау, қарым-қатынасқа түсу мүмкін емес. Сондықтан түсінудің алғышарты өзгемен санасу, оны мұқият тыңдау. 
Ғылымдағы түсіну жүзеге асуы үшін арнаулы методол. ережелер, логик. қисындар, ғыл.-теор. нәтижелер пайдаланылады. Мәселені дұрыс түсіну үшін адамға тиянақты, саналы білім, ақыл-парасат, дағды қажет. Түсіну үшін мәселенің негізгі мәнін іздеу, түйінін шешетін сұрақ қоя білу, дәл тұжырымдау, жалпылау, топтастыру, т.б. шарттарды орындау керек.
Адамдарды түсіну үшін, олардың бала кездері туралы сұрау керек екен. Тек бала кезімізде сезімдері жасырылмаған ізгі болғанбыз. Тек бала кезде жүрегіміздегі көзіміздегімен расталатын. Тек бала кездерімізде мінезіміз анық шығатын. Ешқандай өтірік, өкініш. Тек сол кезде мына дүниенің тек ақ жағын ғана көріппіз.
1. Дос – адам өмірінің айнасы. Айнаң түзу болса, кескін-келбетің, тұлғаң да шуақтана түседі. Айнаң қисық болса, онда азаматтық ажарыңның да аза бастағаны.
2. Бойында сыр, жүрегінде жұмбақ болмаған жанда адамдық болмыс та жоқ. Адамды өзіне тартатын құдірет оның ойлылығы, іште сақтаған сыры, жұмбақ дүниесі, адамдық ізгілігі емес пе? Жұмыр басты пендені сұлу ететін қасиеті де осы ғой.
3. Әдемі адам ғана әдемілікті көреді.Бұл тек жүрегі сұлу жанға қатысты.Таудай биік жан тауды байқамай тұра алмайды. Жанында сұлулығы жоқ адам ешқашан сұлулықты көре алмайды.
4. Бала күлкісі естіліп, ана мейірімі, әке шуағы сезіліп тұрса - міне бақыт деген осы!
5. Бұл жалған да, адамдар да тұрақты емес! Бәрі де өзгереді. Адамдық ниет те, сыйластық та. Танысың бейтанысқа, досың - жауға, жауың - досқа, жақының бөтенге айналады. Тек таң қалуға болмайды.
6. Өзгенің пікірімен адамды бағалау - өзіңнің бар екеніңді ұмытумен бірдей.
7. Өміріңді де өзіңді де жоғалтпа. Әрбір қайта келмес шағың өте қымбат! Ешбір күніңді, аяулы сәтіңді қайтара да, ауыстыра да, сатып та ала алмайсың...
8. Әйел де бір, гүлде бір. Көктем келгенде жайнайды. Ыстық ықыласқа толы Күннің нұры мен ер азаматтың ілтипатын сезінген сайын құлпыра түседі. Қашанда жанына жылылық, нәзіктік, сұлулық қажет етеді. Сондықтан да жігіттер қыздарға гүл сыйлаңдар!
9. Адамды білу үшін бір кездесу аз. Адамды түсіну үшін де кейде уакыт керек.
Кейде оған бүкіл ғұмырың да аздық етуі мүмкін.
10. Адам біткенді әдемі етіп көрсететін қасиеті - қарапайымдылығы мен ізгілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет