Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып Ұжымдық, достық, әріптестік



бет23/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

3.4 тақырып Ұжымдық, достық, әріптестік.


Адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы — ұжым.
Ұжым — ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Ұжымның белгілерін А.С.Макаренко анық та толық айтып берді. Ұжым дегеніміз — жек адамдардың өз алдарына мақсат қоя ұйымдасқан ұжымдық органдары бар комплексі.
Достық — адамдарды бір – біріне туғандай бауыр етіп, жақын ететін, араларын кіршіксіз таза етіп байланыстыратын ізгілікті қарым – қатынас. Достық сезімі адамдардың бойында жаратылғаннан бар. Қандай болмасын адамның өз сырын айта алатын, дертін сөйлей алатын, жарылып шынын жасырмайтын, еш нәрсесін бүкпелемейтін адамдар болады. Міне – ол дос адам. Дос болу — таныстықтан бастап, шынайы тілектестікпен араласу, керек кезінде қол ұшын беру, басына қиын жағдай туған кезде жанынан табылу, оны қажетсіну, сыйлау, құрметтеу, алдамау.
Әріптестік дегеніміз — белгілі бір ұйымдарда бірігіп жұмыс жасайтын қызметтес адамдар. Әріптестік әр түрлі жас аралығын қамтиды. Әріптестік белгілі бір мамандықтар бойынша бөлінеді. Мәселен мұғалімдер, дәрігерлер, әншілер, құрылысшылар.
Әлеуметтік әріптестік дегеніміз – атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік әріптестік-әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге асырылады.Келісім қызметкерлердің еңбек жағдайларын,жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін айқындайтын,әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1. Әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау
2. Қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін обьективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу
3. Қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу,олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру
4. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялармен келіссөздер процесіне жәрдемдесу
5. Ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.

Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестікпен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық,қалалық, және аудандық комиссиялар (бұдан әрі -аймақтық) қамтамасыз етеді.Аймақтық комиссия-әлеуметтік әріптестертер мүдделерін үйлестіруді тиісті келісімдерімен ресімделетін консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.Жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері,жұмыс берушілермен қызметкерлердің өкілдері аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет