Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет26/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

3.8 тақырып Жақсылық пен жамандық.

  1. Видео бейне көру: Жақсылық пен жамандық екеуі қатар жүреді.

  2. Әңгіме оқу. Сабақтың тақырыбын ашу.

Жақсылық пен жамандық.

  1. Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді топтастыру.

  2. Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру, мәнін түсіндіру:

 1.Балапан ұяда не көрсе, (Ұшқанда соны алады.)
2.Аңдамай сөйлеген (ауырмай өледі.)
3.Сіз деген әдеп, (Біз деген көмек.)
4.Талап (талмас қанат.)
5.Жақсы ай мен күндей, (Әлемге бердей.)
6.Жақсының аты өлмейді, (Жазушының хаты өлмейді.)
7.Жақсы сөз сүйіндіреді, (Жаман сөз күйіндіреді.)
8.Досы көппен сыйлас, (Досы азбен сырлас.)
9.Ата көрген оқ жонар, (Ана көрген тон пішер.)
10.Ақыл көпке жеткізер, (Өнер көкке жеткізер.) 


  1. Мейірімділік тақырыбына сурет салу. Түсіндіру.

  2. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады.

Видео: Жақсы және жаман дос.
Жағдаяттар шешу.
*Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды. Топ жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді. Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?


Жақсылық жасау дегеніміз адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет