Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»



бет25/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

3.7 тақырып Тағдыр мен мінез.

Жалпы, пси­хология ғы­лымында адамдар табиғатына қарай циклотимик, эпилеп­тоид, шизоид, истероид, ас­теник болып негізгі бес түрге бөлінетіні белгілі. Сондық­тан да әркім өзінше өмір сүреді, өзінше қарым-қатынас жасайды, өзінше сүйеді, түрлі күйзелістен өзінше жол тауып шығады.


Алдымен «циклотимик» деген қандай адам дегеннен бастайық. Олар көңіл күйі өте тез құбылып отыратындар. Былайша айтқан­да, көңілді адамдар. Өмірді барынша сүйетін, қуаныш-қызығын шын сезініп, рақатын бастарынан өткере алатындар.
Ал енді «эпилептоид» адамдар жиі-жиі ашуланшақ келеді. Ай­наласындағы жандарға, қорша­ған ортаға көңілі толмайды. Олар би­лікті сүйеді, жұрттың бәрін билеп-төстегісі келеді, өмірлік оқиға­лар­дың барлығын өз бақылауында ұстағанды қалайды. Уысында ұс­тай алмаса, міндетті түрде уын ша­шады. Әрине, пенде болған соң олар да жиі-жиі маска киіп, ке­рек кезде жұртқа мейірімді нә­зік жан болып көрініп, биліктің жолында өлуге бар шын бейнесін жасырады.
«Шизоид» тектестер – екі әлем­де өмір сүретіндер. Біреуі – біз көретін, еститін, қолмен ұстап көретін әлем де, екіншісі – оның көрінбейтін ішкі әлемі. Олар өмі­рінің көп бөлігін осы ішкі әле­мінде өткізеді. Жалғыздықты сүйе­тіндер, шын өмірден алыстап, өз ішкі әлемін қызықтап жүре­тіндер – осы шизоидтар. Тұрақ­ты және жауапты болады. Өзі тура­лы айтқанды дұрыс көрмейді, адам­дармен белгілі бір арақашық­тық ұстанады. Моданы қумайды, өзіне ыңғайлы киім киеді. Дауысы бә­сең, сөйлегенде қолын, бетін қи­мылдатпайды. Кейде олар тәулігіне 20 сағат тер төгіп, еңбек­қор­лығымен таңғалдырады. Аз ұйықтайды. Мұндай мінезді адам­дарға өркениеттің дамуын қоз­ғалысқа келтіретін Эйнштейн секілді ірі оқымыстылар, атақты шахматшылар жатады. Бас құрау­лары қиын. Сүрбойдақтар мен кәрі қыздардың көбісі шизоид­тар болып келетіні ғылыми түрде дә­лелденген.
Төртінші тип – «астеник» – бұлар өмірлік күші аз, әлсіз, өте нәзік, ұялшақ адамдар. Өздерін төмен бағалайтындар. Олар өмір шындығын ауыр түйсінеді, кез келген сөзді өзіне қабылдайды, ұсақ-түйекке мән береді. Мінез­дері жұмсақ болғандықтан, «жоқ» деген сөзді айта алмайды, бәріне көмектескісі келіп, қалай уәде беріп қойғанын білмей қалады. Әдетте олар бастама көтергенді қаламайды. Тез басқарылады, на­ғыз орындаушылыққа таптыр­майтын адам. Дауысы бәсең, анық шықпайды. Қарапайым киінеді. Сөзжұмбақ шешкенді, шах­мат ойнағанды тәуір көреді. Доста­­ры үшін өздерін құрбандыққа бе­ру­ге бар. Көптеген адамдар өте сенім­ді болғандықтан да достарын астениктерден таңдағанды құп көреді. Бір қарағанда олар әлсіз секілді көрінгенмен, өзі сүйетін жандары үшін бәріне төтеп бере алады. Жеңілдің үстімен, ауырдың астымен жүретіндер – нағыз осылар.
Бесінші тип – истероидтар – шәт-шәлекейге, көкбеттікке бейім адамдар. Олар бәрінен де бұрын өздерін сүйетіндер. Жұртқа ұнағысы келіп, соның жолында тонын шешіп беруге бар. Бай­ланысқа түсуге құмар, кімнің бол­сын бірден ішіне кіріп кетеді, өзгелердің әлсіздігін өз қажетіне пайдалана қояды. Көптің көзіне түскенді өте-мөте жақсы көретін­діктен жарқырап киінеді. Қолын сілтеп, бет-жүзін әманда қимыл­датып сөйлейді. Егер өзіне еш қатысты болмаса, айналасында­ғы адамдар өртеніп жатса да олар­ға салқын, немқұрайлы қарайды. Жақсы ма, жаман ба, аш па, тоқ па, ол үшін ол түк те қызық емес. Олар үшін ең бастысы – таңғал­дыру. Қалған адамдар оны тама­шалау үшін театрға келген көрер­мендер секілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет