Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып Қазақстан – біздің ортақ мекеніміз



бет19/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

2.8 тақырып Қазақстан – біздің ортақ мекеніміз.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік- рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Руханилық - адам жанының ізгілігі. Оның негізінде адам мінез-құлқы қалыптасады. Ар-ұят өзін-өзі адамгершілік бақылау мен бағалау арқылы жүзеге асырылады. Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді.
уханилыққа апаратын жолдың бірі -білім алу және сол білімді пайдаға асыру. Руханилыққа жеткізер екінші сатыда - адам алған білімінің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын өзгертуге әрекет жасайды. Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Философтардың пікірінше, адамзаттың ең негізгі, өзекті мәселелері экономикалық та, саяси да, ғылыми да емес, ең бірінші - рухани- адамгершілік. Қазіргі замандағы жеке материалдық қамсыздық пен жоғары әлеуметтік статус-мықтылық емес, керісінше әлсіздік көрсеткіші.Адамның жақсы игі істері, мейірімділік пен жанашырлық таныту ғана нағыз адамның күші болып табылады.
Шындығына келгенде, жылдан жылға артып келе жатқан адам өмірі үшін жасалып жатқан барлық ыңғайлы жағдайларға қарамай, бүгінгі заманда тыныштық пен сенімділік жоқ. Осының барлығына адамның кері іс-әрекеттері әкеліп соғуда. Мысалы, заманауи әлемнің глобальды мәселелерін еске түсірейік: экологиялық, әлеуметтік-экономикалық, террористік актілер, ұлтаралық және дінаралық шектігістер.Сонымен қатар, дағдарыс бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық және экологиялық ауқымда ғана емес, ол жеке тұлғаларда өмірдің мәнін жоғалтуларында, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау түрінде етек алуда. Бірталай білім қорын игере, адам рухани байлық, мейірімділік пен зұлымдық, сүйіспеншілік пен жанашырлық туралы ойланбайынша бақытты бола алмайды.
Дағдарыс түрлеріне тоқтала кетсек, ол:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет