6.3 тақырып Өнердің таңғажайып күші
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Өнер дегеніміз – өмір шындығын көркем бейнелер арқылы жеткізетін адам іс-әрекеттерінің формасы. «Өнер алды – қызыл тіл» деген халық даналығы өнерпаз қауымның дәстүрлі ережесіне айналды.
“Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық”
Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырға толы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал бұл сандықтың ең түбінде немесе кейде жарық жұлдыздай алға шоқ етіп шығатын бір нәрсе бар. Бұл не деп ойлайсыздар? Бұл тамаша нәрсенің аты- өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде өмірден түңілген кездерде немесе көңіл-күй түсіңкі болған жағдайларда, қолыңа гитара алып, бір шерткеннің өзі, сол басыңнан өткен көптеген ауыр кезеңдерді титтей болса да ұмытуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қандай керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы ғой, шіркін.... Бірақ өнер ол теке қана белгілі бір аспапты игере білу дегенге шектеліп қалмау керек, өнер – жан- жақты болады. Адамгершілік қасиетті сақтап жүру, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болудың өзі, тіпті ауыр хабарды біле тұра, өзге жанға жеткізудің өзі – өнер. Сондықтан да өнер – менің өмірімнің үлкен бір бөлігі деп білемін
1.Өнерлі өрде озар, Өнерсіз жігіт жер соғар. 2.Өнерлі өрге жүзер. 3.Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. 4.Өнерліге өлім жоқ. 5.Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөз алтын. 6.Өнерлі бала сүйкімді. 7.Өнер білсең-өлмейсің. 8.Өнерлінің өзегі толмас. 9.Өнер-таусылмас азық. Жұтамас байлық . 10Бай болмасаң бай болма Өнер, білімге сай бол, 11Өнерлі қол бақытқа жол. 12.Ілім-іштегі нұр, Өнер сыртқа салынған түр. 13.Өнер таусылмас азық, Сарқылмас байлық. 14.Өнерді үйрен Үйренде жирен. 15Өнер қанат Білім санат. 16.Қол өнері кілемде. Сөз өнері өлеңде. 17.Өнер көзі халықта. 18.Өнер қуып ой түзе Жұмыс қылып бой түзе. 19.Өнерлі адам ешкімге жалынбайды. 20Ел іші өнер кеніші. Өнер туралы мақал-мәтелдер.
Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміз жүйесі арқылы айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады. Өнер-туындысы адам сезіміне қозғау салумен берге, баяндалған оқиғаны басынан өткізгендей тебіреніске, кейіпкердің қуанышына сүйінген, қайғысына күйінген толғанысқа әкеледі, эстетикалық ләззатқа бөлейді. Ол ерекше көркем образды рәміз жүйесі арқылы айрықша көркем тіл ретінде көрініп, адамдардың санасына жол табады.
Достарыңызбен бөлісу: |