Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып. Қазақстан- біздің ортақ мекеніміз



бет51/55
Дата02.04.2023
өлшемі0,87 Mb.
#173526
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазм ны

8.2. тақырып. Қазақстан- біздің ортақ мекеніміз.


Қазақстан ( Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы ( Қазақстан Республикасы) - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.
Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен - 6467 км құрайды. Оңтүстігінде - Түрікменстан - 380 км, Өзбекстан - 2 300 км және Қырғызстан - 980 км, ал шығысында - Қытаймен - 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392,6 км. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.
2019 жылдың 1 тамызында елдегі тұрғындар саны - 18 528 900[5], бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).
Елдің астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.
Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың басым бөлігін тұрғылықты қазақ халқы құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,70%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар 5,56%. Халықтың 70% астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.
Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $205,539 млрд (2018). Экономиканың негізгі бағыты - отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.
1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет