Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру
Көрнекілігі: сызбалар, интерактивті тақта
Сабақтың құрылысы:
І. Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру.
Ядролық күштердің басты ерекшеліктері қандай?
Масса ақауы дегеніміз не?
Ядроның байланыс энериясы нені сипаттайды?
Массалық сан дегеніміз не?
ІІ. Жаңа сабақ:
Атомның күрделі құрылысын сипаттайтын құбылыстың бірі – радиоактивтік болды. Бұл құбылыс –сәтті кездейсоқтықтың жемісі еді.Рентген сәулелері – алғаш рет шапшаң электрондар разрядтық түтіктің шыны қабырғасына соқтығысуынан алынған болатын. Дәл осы сияқты Беккерель ұзақ уақыт осы тектес құбылысты күн жарығына сәулелендірілген заттардың сәуле шығаруын бақылаған. Мұндай заттарға эксперимент ретінде уран тұздарын пайдаланған.
Беккерель тәжірибесі: фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстіне уран тұздарының қиыршықтарын сеуіп, ашық күн сәулесіне қойды.Кейін пластина ның тұз жатқан бөліктері қарайғанын көрді. Ендеше уран рентеген сәулелері сияқты мөлдір емес денелерден өтіп, фотопластинкаға әсер ететін белгісіз сәуле шығарады екен.Беккерель бұл сәулелер күн сәулесінің әсерінен пайда болады деп ойлады.
Кейін 1896 жылы ақпанның бір күнінде ауа бұлтты болғандықтан, кезекті тәжірибені жүргізудің сәті түспей, уранның тұзы себілген мыс крест жатқан пластинаны шкафтың суырмасына салып қояды. Екі күн өткен соң пластинаны алып қараған кезде пластина бетінде крестің айқын бейнесі түрінде дақ пайда болғандығын байқаған.
Ураның қосылыстарын зерттей келіп, мынадай маңызды фактіні анықтады: сәуле шығарудың интенсивтілігі тек уранның мөлшерімен анықталады, оның қандай қосылыстарға кіретініне тәуелсіз. Ендеше бұл қасиет – тек уранға, оның атомдарына ғана тән.
Көптеген ғалымдар ураннан басқа химиялық элементтердің сәуле шығаруын бақылауға ұмтылды.
1898 жылы Францияда Мария-Склодовская–Кюри және тағы басқа ғалымдар торийдің сәуле шығаруын байқаған. Бұдан әрі жаңа элементтерді іздеуге күш салған Мария-Склодовская–Кюри және оның ері Пьер Кюри болды.
Пьер Кюри – француз физигі. Ол бар болғаны 35 жыл ғана өмір сүрді. Жол апатынан қайтыс болды. Пьер Кюри мен Мария-Склодовская –Кюри
радиактивті элементтерді зерттеумен шұғылданды.Олар – бүгінгі күннің басты тақырыбы радиактивті элементтердің тірі ағзаларға әсерін зерттеді. Уран мен торийі бар рудаларды зерттеп,олардың ішінен бұрын белгісіз элементті тапқан. Оны Мария-Склодовская–Кюридің Отаны – Польшаның құрметіне полоний деп аталған. Ақырында өте катты сәуле шығаратын тағы бір элемент – радий ашылды. Өздігінен сәуле шығару құбылысын ерлі-зайыпты Кюрилер радиоактивтік деп атады.
Мария-Склодовская –Кюри – жаңа радиоактивті элементтерді ашып қана қоймай, олардың қасиеттерін де зерттеді.Бірқатар жылдар бойы радиактивті сәуле шығарудың қасиетін олардың тірі клеткаға әсерін зерттеді.1934 жылы ол белгісіз аурудан қайтыс болды.Кейіннен дәрігерлер көптеген жылдар бойы радиактивті сәулелерді зерттеумен шұғылданғандықтан, сәуле шығару- дың ағзаға, ең алдымен жұлынға зақым келтіргенін дәлелдеді.
Мария Склодовская физика мен химия саласы бойынша Нобель сыйлығын екі мәрте алған тұңғыш-ғалым.
Кюрилердің зерттеулері негізінде реттік номері 83-тен жоғары химиялық элементтің бәрі де радиоактивті болатындығы анықталды.
Радий немесе уран сияқты өз-өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді радиоактивті элементтер деп атайды.
Радиоактивтілік деп кейбір атомдардың ядроларының өздігімен басқа элементтердің ядроларына түрленуін айтады. Радиоактивтілік табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи радиоактивтілік табиғатта кездесетін тұрақсыз изотоптарда байқалады. Жасанды радиоактивтілік ядролық реакциялардың нәтижесінде алынған радиоактивті изотоптарда байқалады.
Радиоактивтілік құбылыстардың келесі түрлері кездеседі:
1. α – ыдырау;
2. β – ыдырау;
3. ядролардың γ – сәулелер шығаруы;
4. ауыр ядролардың спонтанды (өз-бетімен) ыдырауы;
5. протондық радиоактивтілік.
α – ыдырау 2Не4 ядросынан тұрады;
β – ыдырау -1е0 электрондар ағынынан тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |