2 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІН КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ БЕЙІМДЕУДІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Жоғары оқу орындарында студенттердің психофизиологиялық дамуының қамтамасыз етілу деңгейін бағалау критерийлері
Жoғaры oқу oрнындa бoлaшaқ мамандарды кәсіби даярлау мәсeлeсі үлкeн жaуaпкeршілікті тaлaп eтeді. Бұл сұрaнысқа eңбeк сaпaсының жoғaрылaуы, әлeумeттік-экoнoмикaлық жәнe рухaни дaмудaғы өзгeрістeр, білім мен ғылымдағы сoңғы жaңaлықтaр өз әсeрін тигізeді. Салауатты жастар – қоғамның баға жетпес байлығы, әрі келешегі болғандықтан, олардың өсіп-өнуі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайларды жасау әрқашан құзырлы мекемелердің назарында.
Денсаулық сақтау қызметін ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік ұйымдар мен денсаулық сақтау субъектілері іске асырады. Қазақстандағы заңнамалық құжаттарға сәйкес, жоғары оқу орнындағы медициналық қызмет студенттердің денсаулығын сақтауға және олардың денсаулық жағдайын динамикалық тұрғыдан мониторингтеуге бағытталған. Сонымен қатар, ЖОО-дарында студенттерді профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізіледі және солардың нәтижелері бойынша тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жіберу жұмыстары ұйымдастырылады. Сауықтыру бағытындағы іс-шаралар жүргізіліп, физикалық және психикалық саулықты сақтау, денсаулыққа зиянды заттарды тұтынбау, салауатты өмір салтын ұстану қағидаттары насихатталады.
Елімізде студент жастардың денсаулығын сақтау және физиологиялық мүмкіндіктерін арттыру бағытында бірқатар маңызды жұмыстар атқарылып келеді. Денсаулық сақтауға бөлінетін қаражаттың да мақсатқа сәйкес тиімді пайдаланылуы мемлекеттік құзырлы мекемелер тарапынан қатаң бақылауда ұсталынады. Қазақстан денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың тиімділік көрсеткіші бойынша Блумберг халықаралық агенттігінің рейтингтік бағалауына сәйкес 2012 жылы рейтингке қатысушы мемлекеттер арасында 111-позицияға ие болды. Ал, 2018-2019 жылдары бұл көрсеткіш 44-позицияға дейін жоғарылап, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігінің артқандығы дәлелденді. Статистикалық деректерге сүйенетін болсақ, елде күтілетін өмір сүру ұзақтығы шамамен 2010 жылдары 68,41 жасты құраса, соңғы он жылдық кезең ішінде 5 жылға көтеріліп, 73,15 жасты құрайды.
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары мен оларға қолжеткізудің жолдары мен тиісті шаралары қарастырылды.
Жалпы қоғамның, оның ішінде әсіресе студент жастардың мәселелерін шешу үшін мемлекетімізде «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен 2020 жылдың 7 шілде күні ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекс қабылданды. Осы аталған заңдық күші бар құжаттар денсаулық сақтау жүйесін кешенді жақсартуға және жастардың денсаулық жағдайын күшейтуге бағытталған. Денсаулық туралы жаңа кодекске сәйкес кәмелетке толмаған жасөспірімдер психикалық және репродукциялық саулықты қорғау бойынша медициналық, психоәлеуметтік және заңгерлік қызметтерді құпия түрде алуға құқылы болып табылады. Бұл жаңартылған тәсілді енгізу жастардың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды қадам. Өйткені, жастардың басым бөлігі репродукциялық немесе психикалық саулық мәселелері бойынша ата-анасы мен туыс-туғандарынан қысылып, ашылып айта бермейді және соның салдарынан денсаулығында кінәрат пайда болып, кейде тіпті өмір бойы оңалмайтындай сырқаттарға душар болып жатады.
Елімізде, осындай қызметтердің құпиялығынан бөлек, студент жастар үшін көптеген медициналық қызметтерді қолжетімді ету, олардың медициналық көмек алу турасындағы хабардарлығын арттыру сынды маңызды іс-шаралар қолға алынуда.
2020 жылдың 7 шiлдесінде қабылданған ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінде: «Денсаулық сақтау – аурулардың алдын алуға және оларды емдеуге, қоғамдық гигиена мен санитарияны қолдауға, әрбір адамның тәндік және психикалық денсаулығын сақтауға және нығайтуға, оның ұзақ жыл белсенді өмір сүруін қолдауға, денсаулығынан айырылған жағдайда оған медициналық көмек беруге бағытталған саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, медициналық сипаттағы шаралар жүйесі», - деп анықталған [51].
Кейінгі жылдары студент жастардың арасында кездесетін ауру түрлерінде белгілі бір тенденциялар байқалады. Олардың ішінде өкпе туберкулезін атап өтуге болады. Туберкулез әлемде ең жиі кездесетін және адам өліміне себеп болатын кең таралған аурулардың бірі. Көбінесе өкпе туберкулезі ауруымен 19-24 жастағы адамдар ауырады және бұл жас студенттік кезеңге сәйкес келеді. Төмендегі 4 кесте мен 9 суретте ҚР ДСМ дереккөзі бойынша, студент жастар арасында өкпе туберкулезі жағдайларының статистикалық мәні көрсетілген.
Кесте 4 – Студент жастар арасында өкпе туберкулезі жағдайларының статистикалық мәні
Жастар арасында өкпе туберкулезі жағдайларының саны
(ҚР ДСМ дереккөзі бойынша)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |