Рахимгалиева пакизат сармановна


Б.Н.Смирнов сауалнамасының кілті



бет56/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

Б.Н.Смирнов сауалнамасының кілті


р/с

Темперамент қасиеттері

Жауап «ИӘ»

Балл

Жауап «ЖОҚ»

Балл

1

Экстраверсия



1, 7, 13, 19, 25, 31, 37

3

2

1

4, 43

2







2

Ригидтілік

8, 26, 32

3

37

2

2, 14, 20, 38, 44

2

19, 46

1

3

Эмоционалды тітіркену



15, 21, 33, 39, 45

3







3, 9

2







27

1







4

Реакциялар темпі (жылдамдығы)



4, 16, 28

3







10, 22, 34, 40, 46

2







17, 29, 37

1







5

Белсенділік



5, 11, 17, 23, 29, 35, 41, 47

3

38

1

10

1







6

Шынайылық

30, 36, 42, 48

3

23

1

6, 12

2







18, 24, 25

1








Темперамент қасиеттерінің орташа дәрежелері мен көрініс аймақтары


Экстраверсия

Ригидтілік (қаттылық)



Эмоционалды тітіркену



Реакциялар темпі (жылдамдығы)

Белсенділік



22-26
Өте жоғары

16-20
Өте жоғары

18-20
Өте жоғары

20-22
Өте жылдам

24-26
Өте жоғары

17-21
Жоғары

12-15
Жоғары

14-17
Жоғары

14-19
Жылдам

21-23
Жоғары

12-16
Орташа

7-11
Орташа

8-13
Орташа

9-13
Орташа

14-20
Орташа

7-11
Жоғары интроверсия

3-6
Жоғары икемділік

4-7
Жоғары эмоционалды тепе-теңдік

5-8
Баяу

9-13
Төмен

0-6
Өте жоғары интроверсия

0-2
Өте жоғары икемділік

0-3
Өте жоғары эмоционалды тепе-теңдік

0-4
Өте баяу

0-8
Өте төмен


ҚОСЫМША Г

«Өмірге қанағаттану шкаласы бойынша рефлексия жүргізу» тесті


Мақсаты: өнімдер мен өз қызметінің нәтижелерін талдау, сондай-ақ оларды қайта қарастыру. - 10 мин. Тест нәтижелерін талқылау - 20 мин.
Төменде сіз келісуге немесе келіспеуге болатын бес тұжырым келтірілген. 7 балдық шкаланы пайдалана отырып, сіздің ойыңыз бойынша сәйкес келетін баллдарды қойып шығыңыз. Жауап беруде шыншыл және ашық болыңыз.
1. Менің өмірім барлық жағынан менің идеалыма сәйкес келеді.
1. Толығымен келіспеймін
2. Келіспеймін
3. Аздап келіспеймін
4. Бейтарап (келіседі де, келіспейді де)
5. Аздап келісемін
6. Келісемін
7. Толығымен келісемін


2. Менің тұрмыс жағдайым өте жақсы.
1. Толығымен келіспеймін
2. Келіспеймін
3. Аздап келіспеймін
4. Бейтарап (келіседі де, келіспейді де)
5. Аздап келісемін
6. Келісемін
7. Толығымен келісемін


3. Мен өз өміріме қанағаттанамын.
1. Толығымен келіспеймін
2. Келіспеймін
3. Аздап келіспеймін
4. Бейтарап (келіседі де, келіспейді де)
5. Аздап келісемін
6. Келісемін
7. Толығымен келісемін


4. Мен қазірге өмірде қалағанымның бәріне қол жеткіздім.
1. Толығымен келіспеймін
2. Келіспеймін
3. Аздап келіспеймін
4. Бейтарап (келіседі де, келіспейді де)
5. Аздап келісемін
6. Келісемін
7. Толығымен келісемін


5. Егер мен өз өмірімді қайтадан сүріп өте алсам, ондағы ешнәрсені өзгертпес едім.
1. Толығымен келіспеймін
2. Келіспеймін
3. Аздап келіспеймін
4. Бейтарап (келіседі де, келіспейді де)
5. Аздап келісемін
6. Келісемін
7. Толығымен келісемін


Жауаптардың кілті
1. Толығымен келіспеймін - 1 балл
2. Келіспеймін - 2 балл
3. Аздап келіспеймін - 3 балл
4. Бейтарап (келіседі де, келіспейді де) - 4 балл
5. Аздап келісемін - 5 балл
6. Келісемін - 6 балл
7. Толығымен келісемін - 7 балл

Тест нәтижелері:


• 1-ден 5 баллға дейін – айтарлықтай қанағаттанбау
• 6-дан 10 баллға дейін – қанағаттанбау
• 11-ден 15 баллға дейін – қанағаттанудың орташа деңгейінен төмен
• 16-дан 20 баллға дейін – орташа қанағаттану
• 21-ден 25 баллға дейін – жеткілікті қанағаттану
• 26-дан 30 баллға дейін – жоғары қанағаттану
• 31-ден 35 баллға дейін – өте жоғары қанағаттану

ҚОСЫМША Ғ

«Интроверсияны және экстраверсияны бағалау» тесті


Мақсаты: қарым-қатынаста және қоршаған әлемді тану мен талдау тәсілдерінде көрінуі - 10 мин. Тест нәтижелерін талқылау - 20 мин.
Нұсқаулық:
Төмендегі мәлімдемелермен келісу және келіспеуіңізге байланысты «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз.


Тест тапсырмасы

А тобы

1

Сіз өз күніңізді әртүрлі оқиғалармен толтырасыз: сіз күніне 100 нәрсені жоспарлап, оның 10-нын дәл орындайсыз.

иә

жоқ

2

Үйде интернет, музыка, телефон, теледидар болмаса, зерігесіз және өзіңізді жайсыз сезінесіз



3

Сіздің достарыңыз бен таныстарыңыздың саны үнемі артып келеді



4

Сіз күндерге, формулаларға қарағанда адамның бет жүзін, жағдайларды, өмірбаяндарды оңай есте сақтайсыз



5

Сіз көңілді ортаны жақсы көресіз және жалғыздыққа шыдамайсыз



6

Сіз дауласуды ұнатпайсыз, бірақ әзіл-қалжың, жаңа өсектерді талқылау, анекдоттар айту – нағыз сіздікі, яғни сізді қызықтырады.



7

Сіз көпшілік алдында сөз сөйлегенді ұнатасыз және көпшіліктің назарында болғанды жөн көресіз



8

Сіз әрқашан барлық соңғы оқиғалардан хабардар болып отырасыз



9

Сіз бейтаныс адамдармен тез тіл табысып кетесіз, бейтаныс жағдайға жақсы бейімделесіз



10

Сіздің шешімдеріңіз импульсивті және асығыс



11

Басқа қалаларға қуана барасыз



12

Сізде жоспарлардың, ниеттер мен идеялардың көптігі соншалық, түрлі тапсырмалардың тек оннан бірін ғана орындауға үлгересіз



13

Маған денсаулығыма алаңдайтын адамдар ұнамайды, әсіресе мен оны қажет етпеген кезде



14

Басқаларға жақсы әсер қалдырғанды ​​ұнатамын



Б тобы

1

Менің шешіміме әртүрлі оқиғалар әсер етеді



2

Мен фильмнен, бейнебаяннан, спектакльден, кітаптан маған әсер қалдырған сәттерді еске түсіргенді ​​ұнатамын



3

Сізде достар саны шектеулі және топта болуға тырыспайсыз



4

Сізге жағдайды тұтастай есте сақтау оңайырақ, ал жағдайдың егжей-тегжейі жиі есте қала бермейді.



5

Қатты шу, күлкі, музыка сізді мазасыздандырады



6

Мен өзіме жарасатын киімдерді ғана кигенді ұнатамын, олар тіпті аз болса да



7

Сіз суретке түскенді жақсы көресіз, сізге әшекей бұйымдар мен әдемі кәдесыйлар ұнайды



8

Сіз тамақ дайындағанды ​​ұнатасыз



9

Үлкен орталарда мен байқалмай қалуға тырысамын, жалғыздықты қалаймын



10

Маған жаңа ортаға, жағдайға, ұжымға жылдам бейімделу қиын



11

Мен жеткілікті деңгейде принципшіл адаммын



12

Мен үнемі өз денсаулығымның жайын ойлаймын және ауырып қалудан қорқамын



13

Сіз түпкілікті шешімді қабылдамас бұрын, сізді қызықтырған сұрақ туралы ұзақ уақыт ойлана аласыз



14

Сізді кейде біртүрлі адам деп санайды, бірақ сіз оған мән бермейсіз.









Интроверсия мен экстраверсияны бағалау тестінің кілті
Егер сауалнамада А тобының мәлімдемелеріне оң жауаптар саны басымырақ болса, сыналушы экстраверт, егер В тобы басымырақ болса, интроверт болып табылады.
Егер екі топтағы оң жауаптардың саны шамамен бірдей болса, сыналушы амбиверт болып табылады және оған екі типтің де белгілері тән болып келеді.
Нәтижелерді интерпретациялау
Экстраверт ашық, белсенді өмірді жақсы көреді. Оны әрдайым бастамашылық танытып, белгілі бір дәрежеде өзін көрсетіп қалғысы келетін адам деп айта аламыз. Бірақ ол көзге көріну үшін ғана емес, өзі көбірек нысандарды көріп, бағалау үшінде алдыға ұмтылады.
Интроверт өзін де, өзгелерді де алға тартпайды. Ол белсенді адамдардың барлығын өзін-өзі көрсеткісі келетін адамдар деп санайды. Өйткені, түбінде ол да белсенді болуға ұмтылады, бірақ әр нақты жағдайда одан белсенділік талап етілмейінше, өздігінен бастамашылық танытпайды. Орынсыз белсенді болудан қорқады.
Экстраверт қоғамда құнды, әрі пайдалы болу үшін әрекет етеді. Сапалы объект болғысы келеді. Мүмкін болса, тіпті орны толмас объекті болуға ұмтылады. Ұжымда экстраверт басқаларға көбірек назар аударады, оларды қозғауға тырысады, осы әрекеті басқаларға ұнаса, қуанады. Егер, жан-жағында көңіл бөлетін ешкім болмаса, жалыға бастайды.
Интроверт борыш бен міндеттерін орындай отырып, тек қажеттілік туындағанда ғана әрекет етеді. Экстраверттер парыз бен міндеттерді ұнатпайды – олар жауапкершілікті жоғары бағалайды. Айналада болып жатқан барлық жағдай үшін олар жауапкершілікті сезінеді және сол сезім оларды одан сайын белсендендіреді, әрекет етуге мәжбүрлейді. Жұмысқа, адамдарға және кез-келген нәрсеге қатысты жауапкершілікті арқалайды. Бірақ, олар борыш, міндет ұғымдарын зорлық-зомбылықпен байланыстырып қабылдайды. Интроверттер жауапкершілікті ұнатпайды – олар міндеттеуді жақсы көреді. Олар өздерінің борышы мен міндеті болып саналатын барлық нәрсені белсенділікпен орындайды және жауапкершілік дегеннен аулақ болуға тырысады. Олар үшін «жауапкершілік» деген сөздің өзі үкімді, жазаны білдіреді. Интроверт өзіне назар аударуын күтеді. Егер, оған ешкім назар аудармаса, бұл оны жалықтырады.
Экстраверт – бастамашыл, шабыттандырушы және ұйымдастырушы. Интроверт көбіне көзге көрінбейтін істерді тындырады – тіпті, істің басында ынта танытпаса да, соңында басқалар бастаған істі аяқтап тастайды. Ол қарапайым және сабырлы, істеген ісінің мәні мен маңыздылығына аса сенбегендіктен, өзіне жоғары сын көзбен қарайды.
Әрбір экстраверт сезімнің мазасыздығымен, белгілі бір деңгейдегі белсенділігімен ерекшеленеді және осы қасиет оны интроверт тек бақылап отыратын жағдайларда да, әрекет етуге итермелейді. Ойға шомып кеткен әсер туғыза отырып, бақылайды. Бірақ интроверттің назары – бұл өзінің ішкі әлеміне емес, сыртқы әлемнің субъектілері мен объектілері арасындағы қарым-қатынасқа бағытталады. Егер, интроверт қалың ойға шомып кетсе, демек ол өзінің ішкі әлеміндегі мәселелерді емес, басқа объектілер және субъектілермен арасындағы қарым-қатынас мәселелері туралы ойланып отыр деген сөз.
Интроверт үшін әлеммен, оның субъектілерімен қарым-қатынасы өте маңызды. Интроверт өзін, ішкі және сыртқы қасиеттерін өзгертеді. Өйткені, әлемнің, оның субъектілерінің өзіне деген қарым-қатынасы осыған байланысты болғандықтан, бұл интроверт үшін өте маңызды. Экстраверт үшін объектінің сапасы маңызды. Ол үшін әлем оны объект ретінде қалай бағалайтыны маңызды, ал әлемнің оған жақсы немесе жаман көзқараста қарайтындығын білу онша маңызды емес. Экстроверт үшін объектілерге деген көзқарас олардың сапасына байланысты болады.
Экстраверт басқа объектілерді өзгерте отырып, басқалардың өзін өзгертуге тырысуын өте ауыр қабылдайды: ол мұндай әрекеттерді мұқият қадағалап отырады және оларды бірден тоқтатады. Экстраверт өзінің объектілік қасиеттері нормаға сәйкес келмеген жағдайда ғана өзін-өзі өзгертеді. Интроверт басқаларды өзгертпейді және өзін өзгертуге де аса талпынбайды– бұл ол үшін маңызсыз әрекет, егер оның басқа объектілермен қарым-қатынасы оған құнды болса, ол онсыз да өзін-өзі өзгертеді.


ҚОСЫМША Д


«Өзін-өзі бағалау» тесті
Мақсаты: Тұлғаның қазіргі жағдайын анықтау. - 10 мин;
- тест нәтижелерін талқылау - 20 минут;
Нұсқаулық:
Сіздің алдыңызда тұлғаның сапаларының жиынтығы берілген: белсенділік, ұқыптылық, ашықтық, көпшілдік, табандылық, принципшілдік, мейірімділік, жайдарылық, қарапайымдылық, адалдық, енжарлық, жалқаулық, тұйықтық, күдікшілдік, ашкөздік, қорқақтық, сараңдық, тәкаппарлық, өзімшілдік, немқұрайлылық.
1 нөмірінің (дәрежесінің) астындағы «идеал» бағанына жоғарыда айтылғандардың ішінен сіз адамдардың бойынан ең қатты бағалайтын сапаны жазыңыз, 2-шісіне– маңыздылығының төмендеуіне қарай, сіз аздап төмен бағалайтын сапаны жазыңыз және т.с.с. 13 санының астына жоғарыда айтылғандардан сіз адамдарда оңай кешіре алатын сапаны – кемшілікті көрсетіңіз (өзіңіз білетіндей, мінсіз адам болмайды, әрбір адамда кемшілік бар, бірақ сіз олардың кейбірін кешіре аласыз, кейбірін жоқ), 14 нөмерінің астына – кешіру қиынға соғатындарын жазыңыз және т.с.с., 20 нөмірінің астына – сіздің ойыңызша, адамның бойында кездесетін ең сорақы қасиеттерді жазыңыз.
1 (дәрежелік) «Мен» бағанына жоғарыда айтылғандардың ішінен өз бойыңызда ең қатты дамыған сапаны жазыңыз (ол артықшылық немесе кемшілік болуына қарамастан), 2-ші нөмердің астына – кему ретімен, сіздің бойыңызда төменірек дамыған сапаны жазасыз және т.б., соңғы нөмердегі бағандарда – сіздің бойыңызда ең аз байқалатын немесе мүлдем жоқ сапалар жазылады.
Тест нәтижелерін өңдеу:
3 бағанда респондент әрбір жазылған сапа бойынша дәреже нөмірлерінің айырмасын есептеуі тиіс. Мысалы: «ұқыптылық» сияқты сапа бірінші бағанда (Идеал) 1-ші рангілік орында, ал екіншісінде (Мен) – 7-ші орында; d мәні 1-7 = -6 болады; «принципшілдік» қасиеті біріншісінде де, екінші бағанда да 3-ші рангілік орында. Бұл жағдайда d мәні 3-3=0-ге тең болады; «немқұрайлылық» қасиеті бірінші бағанда 20-шы рангілік орында, ал екіншісінде - 2-ші орында. Бұл жағдайда d 20-2 = 18-ге тең болады және т.б.
4-бағанда әр сапа үшін d2 есептеу керек.
5-бағанда d2 қосындысы есептеледі, яғни:
Σd2 = d12 + d22 + d32 + … + d202;
Спирмен бойынша рангілік корреляция коэффициентін есептеу қажет:
R = 1 – 6Σd2/(n3 – n), мұндағы:
n - салыстырылған жұптардың саны
n = 20 жағдайында формула келесі түрге ие болады:
R = 1 – 0,00075Σd2
R мәндері [-1; +1] шегінде болады.


Тест нәтижелерін интерпретациялау


Өзін-өзі адекватты бағалауға «жоғары деңгей» және «орташадан жоғары» (адам өзін лайықты бағалайды, өзін құрметтейді, өзіне қанағаттанады), сонымен қатар «орташа деңгей» (адам өзін сыйлайды, бірақ өзінің әлсіз тұстарын біледі және өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға ұмтылады) жатады.
Өзін-өзі адекватты емес жоғары бағалайтын адам сәтсіздіктердің бәрі өзінің қателіктерінің, жалқаулығының, білімі мен қабілетінің жеткіліксіздігінің немесе дұрыс емес мінез-құлқының нәтижесі екенін мойындағысы келмейді. Өзінің жеке тұлғасын асыра бағалау стереотипінің тұрақты сақталуынан адам адекватты емес аффекті, яғни ауыр эмоционалды жағдайға тап болады. Егер, жоғары өзін-өзі бағалау шынайы жағдайға сәйкес өзгеретін болса, яғни жетістік кезінде жоғарылап, сәтсіздікке байланысты төмендейтін болса, демек, бұл тұлғаның дамуына ықпал етуі мүмкін, өйткені ол өз мақсатына жету үшін бар күшін салуы, қабілеттері мен ерік-жігерін дамытуы керек болады.
Өзін-өзі бағалаудың тым жоғары немесе тым төмен болуы өзін-өзі басқару, өзін-өзі бақылау үдерісін бұзады. Бұл, әсіресе, өзін-өзі бағалауы жоғары және төмен адамдар қақтығыстарға себеп болатын қарым-қатынас кезінде байқалады. Өзін-өзі жоғары бағалау кезінде қақтығыстар басқа адамдарға деген немқұрайлы қатынас пен оларды құрметтемеу, олардың жеке басына тым қатал және негізсіз мәлімдемелер айту, өзгенің пікіріне төзбеушілік, тәкаппарлық пен менмендік көрсету салдарынан пайда болады. Өзін-өзі сынаудың төмендігі олардың өзгелерді менмендікпен және бұлтартпас үкімдермен қалай ренжітетінін байқауға мүмкіндік бермейді.
Өзін-өзі төмен бағалау кезінде қақтығыстар осы адамдардың шамадан тыс сыни көзбен қарауынан туындауы мүмкін. Олар өздеріне де, өзгелерге де тым талапшыл, бірде-бір сүрінуді немесе қателікті кешірмейді және үнемі басқалардың кемшіліктерін баса айтып отыруға бейім. Бұл әрекет жақсы ниетпен жасалса да, осының есебінен кикілжіңдер көбірек туындайды, өйткені көп адам жүйелі түрде «кемсітуге» төзе бермейді. Егер, адам бойынан үнемі тек жамандықты байқап, әрқашан соны көрсетіп тұрса, онда мұндай бағалаудың, ойлардың және әрекеттердің иесі де ұнамсыз бола бастайды.
Адекватты емес аффекті өзін-өзі бағалауы жоғары адамдардың өзін нақты жағдайлардан қорғауға және әдеттегі өзін-өзі бағалауды сақтауға ұмтылысы ретінде туындайды. Бұл басқа адамдармен қарым-қатынастың бұзылуына әкеледі.
Реніш пен әділетсіздікті сезіну өзін жақсы сезінуге, өзінің қабылдауындағы тиісті биіктігінде қалуға, өзін зардап шеккен немесе ренжіген адам ретінде санауға мүмкіндік береді. Бұл адамды көз алдында жоғарылатады және өзіне деген наразылықты жояды. Өзін-өзі жоғары бағалау қажеттілігі қанағаттандырылады және оны өзгерту, яғни өзін-өзі басқарумен айналысу қажеттілігі өзекті болмай қалады. Осы тұлға туралы, оның қабілеттері, мүмкіндіктері мен қоғамдық құндылықтары туралы басқаша көзқарастағы адамдар арасында сөзсіз қақтығыстар туындайды. Адекватты емес аффекті – бұл психологиялық қорғаныс, ол уақытша шара, өйткені ол негізгі мәселені шеше алмайды, нақтырақ айтқанда – қолайсыз тұлғааралық қатынастардың себебі болып табылатын адекватты емес өзін-өзі бағалаудың түбегейлі өзгеруіне ықпал ете алмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет