р/с
|
Әдіснамалық тұғырлар
|
Көрнекті өкілдері
|
Мәні мен мазмұны
|
1
|
Кәсіби бағдар
|
Т.И. Данюшевская, В.Н. Дружинин,
Н.В. Самоукина,
Д.И. Фельдштейн,
Л.М. Фридман
|
Мамандықты саналы тұрғыдан таңдау, мамандық бойынша алдын ала белгілі бір көзқарасқа ие болу жеке тұлғаның кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпалын тигізеді.
|
2
|
Тұлғалық
|
А.К.Маркова, В.А.Сластенин, Н.В.Кузьмина
|
Тұлғаны жеке іс-әрекет субъектісі ретінде қабылдау. Тұлғаның өзіндік ерекшелігіне бағыттай отырып, оның әлеуетін, өзіндік сапаларын аша білуге және дамытуға бағдарлау.
|
3
|
Іс-әрекеттік
|
Б.Г.Aнaньeв, Л.С.Рубинштейн, А.Н.Лeонтьeв,
Б.Ф.Ломов,
Б.М.Теплов
|
«Іс-әрекеттік тұғыр» бұл мақсат қою және мотивация процестері арқылы тұлғаны жүйелі түрде қарастыруды білдіретін өте кең түсінік. Тұлғаның санасы мен оның іс-әрекеті біртұтас: сана
іс-әрекетте пайда болады, дамиды және көрінеді. Іс-әрекеттің бірнеше түрі қарастырылады: ойын, оқу және еңбек.
|
4
|
Жүйелілік
|
Б.Г. Ананьев, Э.Г.Юдин, Н.Д.Хмель
|
Тұлғаның кәсіби дайындығын жүйелі және кәсіби компоненттер бірлігінде жүргізу. Жүйелілік тұғыр білім, іскерлік, дағды және тәжірибесін, тұлғалық даму деңгейін сипаттайды.
|
5
|
Құзыреттілік
|
А.В. Хуторский,
И.А.Зимняя, Дж.Равен,
Б.Т.Кенжебеков,
Ш.Құрманалина
|
Тұлғаның нақты әрекет пен үдерістерде тиімді, өнімді әрекеттер жасай алу қабілетін, оның іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі, іскерліктер мен дағдыларының жиынтығын білдіреді.
|
6
|
Акмеологиялық
|
Е.А.Климов,
Н.В. Кузьмина,
В.Д. Шадриков
Р.В. Шрейдер
|
Акмеологиялық тұғырды даму барысында тұлғаның жоғары кәсіптік жетістіктерін зерттеу деп түсінуге болады.
|
Жеке тұлғаның бейімделу мәселесі белсенді болу, өмір сүрудің ең қолайлы жағдайларын іздеу және тану қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерістеріне әсер ететін биологиялық факторларды зерттеу негізінде қарастырылады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру өзінің түйсінулері мен сезімдерін талдау қабілеттерін дамытуға және өзін-өзі ұйымдастыра алу яғни, зейінді бағыттау, шоғырландыру, бөлу, тұрақтандыру қабілеттеріне едәуір дәрежеде әсерін тигізеді.
Кәсіби бейімделу үдерісін «ашық» жүйе ретінде қарастырған идеяларды А.Г. Портнова, А.М. Богомолов, А.А. Реан және т.б. шетелдік ғалымдардың еңбектерінен табуға болады [91, 29 б].
Педагогика және психология ғылымдары тұрғысынан талдайтын болсақ, педагог маманның кәсібилігі (Н.В.Кузьмина [92], В.А.Сластенин [93]), болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелері (Н.Д.Хмель [94]), педагогикалық қабілеттер мен шеберліктің қалыптасуы (Зязюн И.А. [95], И.A.Вишнякoв [96], Ж.А.Жүсіпова [97] т.б) бағытындағы бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын атап өтуге болады.
Студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісі бойынша талданған еңбектерге сүйене отырып, кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің бірнеше функцияларын талдауға мүмкіндік алдық. Олардың қатарында диагностикалық, болжаушы, оқыту, дамытушы, бағамдау, түзетуші, теңгерушілік және ғылыми-әдістемелік қызметтерді қарастыруға болады. Осы аталған кәсіби іс-әрекетке бейімдеу функцияларының сипаттамасын төмендегі 2-кестеден көруге болады.
Кесте 2 –Кәсіби іс-әрекетке бейімдеу функцияларының сипаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |