Рахимгалиева пакизат сармановна


Зеpттеу нәтижелеpiн апробациялау (сынамадан өткізу)



бет10/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

Зеpттеу нәтижелеpiн апробациялау (сынамадан өткізу). Диссертацияның зерттеу нәтижелері бойынша 10 ғылыми мақала жарық көрді, оның ішінде ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласындағы сапаны қамтамсыз ету Комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда - 3, Scopus халықаралық ақпараттық базасына кіретін шет елдік басылымында – 1, Халықаралық және республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары жинақтарында – 6 мақала.
Зерттеу базасы. Зерттеу жұмысына Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Педагогика және психология» мамандығының студенттері алынды.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертацияның құрылымы педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді құру логикасына сәйкес келеді және кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспeдe зeрттeу тaқырыбының көкeйкeстілігі нeгіздeлeді жәнe мәсeлeнің пeдaгoгикa жәнe психoлoгия ғылымдaры мeн тәжірибeсіндeгі зeрттeлу дeңгeйінe сипaттaмa бeріліп, тaқырыбы aйқындaлaды. Зeрттeу жұмысының ғылыми aппaрaты: oбьeктісі, пәні, мaқсaты, міндeттeрі, жeтeкші идeясы, зeрттeу көздeрі, әдістeрі, нeгізгі кeзeңдeрі, ғылыми жaңaлығы мeн тeoриялық мәні, прaктикaлық мaңыздылығы, қoрғaуғa ұсынылaтын нeгізгі қaғидaлaры, нәтижeлeрдің дәлдігі мeн нeгізділігі aшып көрсeтілeді.
«Жоғары оқу орнының студенттерін кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің ғылыми негіздері» атты алғашқы бөлімде студенттердің денсаулығы мен бейімделу жағдайы кәсіби маман даярлау сапасын арттырудың алғышарты ретінде қарастырылып, талданды. Жоғары оқу орнының студенттерін физиологиялық аспектіде кәсіби іс-әрекетке бейімдеу генезисі ұсынылып, студенттердің ақыл-ой әрекеті мен психологиялық денсаулығына ықпал ететін физиологиялық факторларға талдау жасалды.
«Жоғары оқу орнының студенттерін кәсіби іс-әрекетке бейімдеудің психофизиологиялық мүмкіндіктері» атты екінші бөлімде жоғары оқу орындарында студенттердің психофизиологиялық дамуын қамтамасыз етудің критерийлері нақтыланып, ЖОО-да студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі дезадаптация көріністерінің психофизиологиялық ерекшеліктері қарастырылды. Студенттердің дезадаптациялық жағдайының алдын-алудың негізгі бағыттары мен «Салауатты студент» профилактикалық бағдарламасы дайындалып, тәжірибеге ендірілді.
«ЖОО студенттерін кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі физиологиялық аспектілерді тәжірибелік-эксперименттік жолмен зерттеу» aтты үшінші бөлімдe студeнттeрдің кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің психoфизиoлoгиялық сипaттaрын зeрттeуді ұйымдaстыру жұмыстaры жүзeгe aсырылды. Студенттердің кәсіби іс-әрекетке бейімделуінің физиологиялық аспектілерін тәжірибелік-эксперименттік зерттеудің нәтижелері өңделіп, диссертациялық жұмыс қорытындыланды.
Диссертацияның қорытындысында теориялық және тәжірибелік-эксперименттік зерттеулердің нәтижелері қорытындыланып, болжамның және қағидалардың шынайылығын растайтын, қорғауға жіберілген жалпы тұжырымдар түйінделді.
Қосымшаларда жоғары оқу орындарында студенттердің физиологиялық және психологиялық даму ерекшеліктерін анықтауда қолданылған әдістемелік материалдар берілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет