Рахимгалиева пакизат сармановна


Жоғары оқу орнының студенттерін физиологиялық тұрғыдан кәсіби іс-әрекетке бейімдеу генезисі



бет12/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp

1.2 Жоғары оқу орнының студенттерін физиологиялық тұрғыдан кәсіби іс-әрекетке бейімдеу генезисі

Жоғары оқу орындарында студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеу болашақ маманның өмірлік іс-әрекетінің жауапты кезеңі болып табылады, өйткені кәсіби қалыптасу барысында тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы іске асып, өз мүмкіншіліктерінің толығымен жұмсалуы қамтамасыз етіледі. Кәсіби іс-әрекетке бейімдеу үдерісі жоғары оқу орнында сәтті жүзеге асса, студенттің кәсіпқой маман болуға деген ынтасы да жоғарылайды, кәсіп арқылы өзінің шығармашылық дамуын іске асырады, өзінің жеке қарым-қатынас мәнерін, мінез-құлқын, имиджін қалыптастырады.


Студенттің кәсіби маман ретінде қалыптасуы мен кәсібіне бейімделуі үздіксіз үдеріс. Оны бірінші курспен немесе соңғы оқу жылымен шектеп қоюға болмайды. Алғашында ол студенттік топқа бейімделуді, оқудың тәртібі мен кестесіне, сабақтағы міндеттемелер мен талаптарға үйренуді, оқу іс-әрекетінің ерекшеліктеріне төселуді білдірсе, ары қарай кәсіби маман ретінде қалыптасу үдерісін қамтиды. Кәсіби маман ретінде де өзінің білімі мен іскерліктерін күнделікті шыңдап, үздіксіз түрде заманауи ақпараттық қоғамның талаптарынан қалмай, жетілдіріп отыруы міндеттеледі.
Ғылыми әдебиеттерде кәсіпке бейімделудің ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік, психологиялық, экологиялық, биологиялық, физиологиялық және операционалдық аспектілері айтылады. Бұл аспектілердің мәнін дұрыс түсіну үшін біз Б.Г.Ананьевтің моделіне жүгінеміз. Оның еңбегінде адам еңбек субьектісі ретінде тұлға мен индивидтің қасиеттерінің жиынтығы түрінде қарастырылады. Индивидтің кәсіби ортадағы физикалық жағдайларға бейімделу бірлігі – психофизиологиялық аспект (жүйкелік-психикалық адаптация) болып аталады. Ал, кәсіби міндеттерге, орындалатын операцияларға, кәсіби ақпараттарға бейімделуді – кәсіби деп аталатын екінші аспект ретінде (оқу іс-әрекетіне адаптация), кәсіби ортаның әлеуметтік компоненттеріне бейімделуді – әлеуметтік-психологиялық деп аталатын үшінші аспект ретінде түсіндіреді [67, 29 б].
Төмендегі 5-ші суретте Б.Г.Ананьев бойынша «адам» және «бейімделу» түсінігінің құрылымы берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет