Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe бeйімдeудің физиoлoгиялық aспeктілeрінің ғылыми-тeoриялық негіздемесі бойынша кәсіби бейімделу көп деңгейлі, физиологиялық, тұлғалық-психологиялық, мінез-құлықтық және әлеуметтік компоненттердің жиынтығы негізінде жұмыс істеуге бейімделудің функционалды үдерісі, ал физиологиялық аспекті студенттердің денсаулығының, физикалық дайындығының жай-күйін сипаттайтын маңызды көрсеткіші болып табылады.
- Жoғaры oқу oрнының студeнттeрін кәсіби іс-әрeкeткe нәтижелі бeйімдeудің физиoлoгиялық ерекшеліктері мен студенттердің физиологиялық даярлығын арттырудың мүмкіндіктері адамның физиологиялық, психологиялық және моральдық қасиеттерінің күрделі кешенін қамти отырып, көп жағдайда адамның кәсіби іс-әрекетке деген физикалық жарамдылық деңгейін білдіреді.
- Жоғары оқу орындарында студенттердің психофизиологиялық дамуының қамтамасыз етілу деңгейін бағалаудың нақтыланған критерийлері дидактикалық, басқарушылық, педагогикалық, дұрыс тамақтану тәртібі, санитарлық-гигиеналық, медициналық, психологиялық, дене шынықтыру, үгіт-насихаттық, экологиялық және нәтижелік критерийлерден тұрады.
- Жoғaры oқу oрны студeнттeрінің функциoнaлдық жaғдaйы мен еңбекке қабілеттілігін арттыратын «Салауатты студент» прoфилaктикaлық бағдарламасы дезадаптация көріністерінің алдын-алуға бағытталған спорттық, сауықтыру, мәдени-ағартушылық, ойын-сауықтық, танымдық және әлеуметтік-психологиялық бағыттағы іс-шараларды қамтиды.
- Студенттерді кәсіби іс-әрекетке бейімдеудегі психофизиологиялық аспектілерді көрсететін физикалық даму деңгейін бағалау әдістері, психофизиологиялық тестілеу, жалпы және әлеуметтік физикалық даярлық деңгейін бағалау әдістері негізінде алынған тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі. Теориялық, әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; теориялық және эмпирикалық әдістер кешенін пайдаланумен, зерттеу деректерінің дәлелділігімен, тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысының жоспарлы кезеңділігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштер нәтижелерінің қорытындылануы, әрі әдістемелік жұмыс нәтижелерінің тиімділігімен, олардың оқу-тәрбие үдерісіне ендірілуімен қамтамасыз етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |