Факторлар
|
Балл
|
Оқу (оқу материалының күрделілігі)
|
8 балл
|
Ұйқының жеткіліксіздігі
|
9 балл
|
Психо-эмоциялық күйзеліс
|
6 балл
|
Тамақтанудың кемшіліктері
|
7 балл
|
Күн тәртібінің бұзылуы
|
9 балл
|
Ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуал
|
6 балл
|
Физикалық белсенділігінің төмендеуі
|
7 балл
|
Физикалық жүктеме
|
3 балл
|
Студенттердің оқу әрекетін сапалы іске асыруы олардың кәсіби іс-әрекетке оңтайлы бейімделуінің басты көрсеткіші болып табылады. Жоғары оқу орнындағы оқыту үдерісінде студенттерге әсер ететін маңызды факторларға ұйқының жеткіліксіздігі, күн тәртібінің бұзылуы, оқу материалының күрделілігі жатады. Одан бөлек, жеке бастағы психо-эмоциялық күйзелістер, аудиториядағы әлеуметтік-психологиялық климат та оқу әрекетінің сапасына ықпал ететін факторларға жатады. Сонымен қатар, студенттердің тамақтануындағы кемшіліктері, физикалық белсенділігінің төмендігі кәсіби іс-әрекетке бейімдеу деңгейінің төмендеуіне ықпал жасайды. Осылайша, зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындары студенттерінің денсаулығының қанағаттанарлықсыз жағдайын, олардың денсаулығын қалыптастырудағы, сақтаудағы және нығайтудағы мінез-құлық факторларының маңызды рөлін айшықтайды.
Студенттерді психофизиологиялық тестілеу мақсатында Ч.Д.Спилбергердің «Реактивті және тұлғалық мазасыздық шкаласы» тесті, психoэмoциoнaлдық жaғдaйды қарастыратын әдістеме, Смирновтың тесті және Ш.Шварцтың құндылықтар сұрақнамасы, Остберг сауалнамалары және т.б әдістемелер жүргізілді. Ч.Д.Спилбергердің (%-бен) әдістемесі бойынша мазасыздану деңгейлерінің көрсеткіштері бойынша алынған нәтижелер төмендегі 22-ші кестеде берілген.
Кесте 22 – Ч.Д. Спилбергердің әдістемесі бойынша жағдаяттық мазасыздану деңгейлерінің көрсеткіштері (%)
Достарыңызбен бөлісу: |