Рахметулина ж. Б


Келесі тапсырмаларды ойланып көріңіздер



бет33/34
Дата09.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#131173
түріПрактикум
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Рахметулина ж. Б

Келесі тапсырмаларды ойланып көріңіздер:

1. Кестеде берілген мәліметтердің негізінде келесі көлемдерді есептеңдер:


А) жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің нақты көлемі (алынған мәліметтерді кестеге салыңдар).



жыл

Тұрғындар саны
(млн.адам)

ЖҰӨ-нің нақты көлемі, млн. $

Жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің нақты көлемі, $

1

30

9




2

60

24




3

90

45




4

120

66




5

150

90




6

180

99




7

210

105




Б) Осы елдегі тұрғындардың оптималды санын.


В) 1-ші жылмен салыстырғандағы 2-ші жылдағы ЖҰӨ-нің өсімінің нақты мөлшерін.
Г) 3-ші жылмен салыстырғандағы 4-ші жылдағы ЖҰӨ-нің өсімін (пайызбен).
Д) 6-ші жылмен салыстырғандағы 7-ші жылдағы жан басына шаққандағы ЖҰӨ-нің өсімі (пайызбен)
2. Кестеде берілген мәліметтердің негізінде анықтаңдар:
А) әр жылдағы ЖҰӨ-нің нақты көлемін (алынған мәліметтерді кестеге салыңдар).
Б) 1-ші жылмен салыстырғанда 2-ші жылы еңбек өнімділігі қанша пайызға өсті? Соның нәтижесінде ЖҰӨ-нің нақты мөлшері қаншаға өсті?
В) 2-ші жылмен салыстырғанда 3-ші жылы еңбек саны қанша пайызға өсті? Соның нәтижесінде ЖҰӨ-нің нақты көлемі қаншаға өсті?
Г) 1-ші жылмен салыстырғанда 3-ші жылғы ЖҰӨ көлемі қанша пайызға өсті?



Жыл

Еңбек саны (сағат)

Еңбек өнімділігі, $

ЖҰӨ-нің нақты көлемі, $

1

1000

100




2

1000

105




3

1100

105




КЕЙС 1

Қазақстанның индустриалдық стратегиясы өнеркәсіптік- технологиялық саясатты кезең бойынша дамытуды көздейді. 1-ші тұрақтандырушы (2001-04ж.), 2-ші индустриалдық (2005-08ж.) және 3-ші инновациялық (2008-10ж.).


Көздеген шаралардың табысты іске асуы жалпы алғанда 2010ж. ЖІӨ деңгейінің 2 есеге өсуіне көмектесуі керек.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Осы стратегияны өз пікіріңіз бойынша түсіндіріңіз.

  2. Инновациялық стратегияның мәні неде?



КЕЙС 2
Қазақстан 2030ж. дейінгі даму стратегиясы бойынша республикада аралас экономикалық жүйе қалыптастырылып, әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономика құрылып жатыр.
Бәсеке қабілеттілік рейтингі бойынша дүние жүзінде алдыңғы қатарда Сингапур, АҚШ, Гонконг елдері тұр. Олардың экономикалық өсуіндегі ақпараттық индустрияның маңызы өсуде. Қазір ҚР-сы бәсеке қабілеттіліктің төменгі деңгейінде, технологиялық пирамиданың төменгі қабатында тұр.
Талқылауға арналған сұрақтар:

    1. Ары қарай дамуы үшін қандай шара жүргізуі қажет?

    2. Бәсеке қабілеттіліктің қандай жолдары мен тәсілдері сіздерге белгілі?



КЕЙС 3
Көптеген саяси- экономикалық шешімдер көп шешім жинау нәтижесінде қабылданады. Белгілі бір топта дауыс беру арқылы шешілген мәселе ешқашан да толық болмайды. Біреулердің мүддесі аздау, екіншілердің мүддесі көбірек ескеріліп шешіледі, барлығының мүддесі толық немесе бірдей есепке алынып, шешім қабылдануы мүмкін емес.
Көпшіліктің қолдауымен шешім қабылдау – негізгі демократиялық қағида екені белгілі. Бірақ нақты саяс- экономикалық өмір өте күрделі екені де белгілі. Сондықтан, саяси-экономикалық жағдай осы демократиялық қағидаға қайшы қалыптасуы мүмкін.
Мысалы, АҚШ-та 1970-80жж. жұмыссыздық пен инфляция қатар өскен жағдайда президент әкімшілігі көпшіліктің күнделікті мүддесіне қайшы келетін экономикалық саясат бағытын ұстануға мәжбүр болғаны белгілі. АҚШ-та 60-шы жылдары инфляция қарқынын тежеу мақсатында табыс пен бағаны тежеу саясаты жүргізілген. Бұл саясатта сол кезде көпшіліктің қарсылығына қарамастан демократия қағидаларын формалды түрде сақтай отырып, заңдастырылған екен. Осы әдіс экономикалық саясат теориясында «Логроллинг» деп аталады.Сонымен, логроллинг – бұл ерекше экономикалық жағдайда көпшіліктің қарсы болуына қарамастан, дауыс беру процесінде әр түрлі бағыттағы мүдделердің қайшылықтарын реттеу арқылы азайтып, оларды өзара жақындастырып, ортақ шешім қабылдау әдісі саяси процесте саясаткерлердің іс-әрекетін шешім қабылдау қағидасын түсіндіретін тұжырымдама.
Кез-келген әлеуметтік-экономикалық мәселені екі түрлі ғылыми көзқарас тұрғысынан шешуге болады: 1) әрбір адам өзінің экономикалық-тұрмыстық жағдайын өз еңбегімен, ынта- жігерімен шешуі қажет; 2) адамның экономикалық- әлеуметтік жағдайын қоғам қамтамасыз етуі қажет. Бірінші тұжырымдама теорияда консервативтік (оңшыл) көзқарас ретінде анықталады, ал екіншісі – социалистік солшыл) көзқарас тұжырымдамасы болады. Олардың ішінде орталық (центристік) көзқарас ұстанушылардың, орташа әлеуметтік топтың саны басым болады.
Сайлаушыға саясаткердің бағдарламасынан гөрі оның өзінің ықпал-әсері жоғары, сайлаушы саясатшының нені айтқанын түсінеді. Саяси ықпал жасау тобы – лобби белгілі бір заңдардың немесе үкімет шешімінің қабылдануын немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді. Қатты ұйымдастырылған және жан-жақты мәліметтелген ерекше мүдделі шағын топ қана саясаткерлерге қысым-ықпал жасап, олардың ұстанған пікірінен бас тартуға мәжбүрлейді. Нәтижесінде экономикалық заңдар немесе шаруашылық құжаттар осы топтың мүддесіне сәйкес қабылданады. Лобби тобы негізінен рента алуға ымтылады. Лобби топтарының қоғамға келтірілген шығындары заңдастырылған, сондықтан олар заңды түрде табыс алады. Ықпал- қысым жасау тобы (лобби) – ерекше мақсаттағы, рента алуға ұмтылған топ. Бұл топтың іс-әрекеттерінің нәтижесінде көпшіліктің мүддесі аяқ асты қалып, шағын, бірақ жақсы ұйымдасқан топтың мүддесі жеңіске жетеді. Дамыған елдерде осындай күшті ұйымдасқан, саяси және экономикалық ықпал жасау мүмкіншіліктері жоғарғы топтарға қарсы көптеген қоғамдық ұйымдар құрылып, олар сан жағынан көп, бірақ ұйымдастырылмаған, сондықтан әлсіз әлеуметтік топтардың мүддесін қорғайды.
Қазақстан қоғамында негізгі рөлді саяси партиялар құрайды. Елдегі қызмет етіп отырған саяси партияларды екі топқа бөлуге болады:

  • жалпы демократиялы партиялар типіне: «Нұротан», «Руханият» және т.б.;

  • әлеуметтік және әлеуметтік-демократиялық партиялар: «Коммунистік», «Ауыл» және т.б.

Жалпы Қазақстанда лоббизмнің экономикалық дағдарыстың тереңдеуі, билік арасындағы қатынастардың мәселелері, жергілікті менталитетпен байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Лоббизмнің пайда болуының себептерін көрсетіңіздер.

  2. Лоббизм қажет пе?

  3. Қазақстандағы лоббизмді қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңіз.

  4. Қазақстандағы лоббизмнің зардаптарының кері ерекшеліктері бар деген тоқтаммен келісезі бе?

  5. Біздің лобби мен батыстық лоббидің айырмашылығы?

Іскерлік ойындарды жүргізу мысалдары


Іскерлік ойындардың негізгі кезеңдері келесілер :

      1. Мәселелік жағдайларды қалыптастыру.

      2. Міндеттері мен құқықтарына байланысты рөлдерді бөлу және рөлдердін негізгі міндеттерін түсіндіру. Әр қатысушы өзінің рөлдік құқығына байланысты көзқарастарын нақты мәліметтермен ұсынады.

      3. Белгілі жағдайларды шешудін нұсқаларын қарастыру көрсету керек (әр рөлдін көзқарастарына байланысты).

      4. Нақты мәліметтердің оптималды нұсқалары таңдалады.

      5. Қорытынды шығару.

Ойында төмендегілер сақталуы керек:

  • Қатысушылардың сөз алуын тианақты тыңдау.

  • Ойынның жүргізілуіне қарай бейімделеу. Ойынды жүргізу уақыты.

Оқытушының іскерлік ойында алатын орыны оның типтеріне, мазмұнына және топтын дайындық деңгейіне яғни, белсенді және белсенді еместігіне байланысты. Бірақ оқытушы соныңда ойынға жалпы баға беру керек және артықшылықтарымен кемшіліктерін атап өтуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет