Қағаз пішімі (орысша: формат бумаги) — см. өлшемінде берілген стандартты қағаз табағының ені мен ұзындығы: 60x90; 70x90; 70x108; 84x108; 90x120 т.б. қ.п болады.
Қағазды климатқа бейімдеу
Қағазды климатқа бейімдеу (орысша: акклиматизация бумаги) - сырттан әкелінген қағазды өңдеу, басу цехтарының климатына бейімдеу. Қағаздың ылғалдылығын, температурасын тиісті дәрежеге келтіру үшін бұл операция арнайы аспалы құрылғыда атқарылады.
Қағазды кондиционерлеу
Қағазды кондиционерлеу (ор. кондиционирование бумаги) басуға дайындалған қағазға арнайы құрылғыларда бөлмедегі ылғал және температура параметрлеріне сәйкес қажетті ылғалдық беру.[2]
Экологияға әсері
Қазір әлемде АҚШ, Канада, Жапония, Швеция елдері әлемдегі қағаз өндірісінің басым бөлігін шығарады. Индустриялық мемлекеттерде тұратын халықтың 20 пайызы әлемдегі қағаз өндірісі көлемінің 85 пайызын пайдаланып отыр. Бүгінде жер бетіндегі қоқыстың төрттен бірі қағаз өнімдерінен қалған қалдық болып отыр. Бір ғана дерек, америкалықтар жыл сайын пошта арқылы 4 миллион тоннаға жуық хат-хабар, бандероль алады екен. Бұл әрбір америкалыққа шаққанда, ондаған келіге тұратын зат болып табылады. Ең қызығы, осының барлығы электрондық байланыс арқылы келсе, жыл сайын 150 мың ағашты сақтап қалуға мүмкіндік бар екен. Егер бір тоннадан астам қағаз қалдықтарын қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты аман алып қалады екенбіз. Жалпы қағазды тиімді пайдалану жағына келсек, әр елдің тұтынуы әртүрлі. Мысалы, Қытай мен Үндістанда оны көп пайдаланады. Орташа есеппен алғанда, әрбір еуропалық жыл сайын 4 тонна қағаз тұтынады, ал австралиялыққа қажеттілігі-130 келі ғана екен. Ал британдық отбасы жыл сайын кесілетін 6 ағаштан жасалатын қағаз қалдықтарын далаға тастайтын көрінеді.
Қағаз өндірісі
Қағаз өндірісі әртүрлі 7-8 технологиялық операциядан тұратын процесс. Аз уақытты алмайды. Егер бір тоннадай қағазды қайта өңдеуден өткізетін болса, 17 ағашты, 26 мың литр суды, 3 текшеметр топырақты, 240 литр жанар-жағар май мен 4000 киловатт - сағат электр энергиясын үнемделеді екен. Ал қайта өңдеуден өткізілген өндіріс барысында электр қуатын екі есе аз үнемдеуге болады. Осының арқасында ауаны былғайтын зиянды қалдықтар 70 пайыз төмендейді.
Соңғы 20 жыл ішінде әлемде қағаз бұйымдарын тұтыну 92 миллионнан 208 миллионға артып, оның көрсеткіші 128 пайызға артты. Қазіргі заманғы технологияның жанданып, электрондық құжаттың өмірге келуі мен компьютерлік байланыстың артуы бәрібір қағаз өндірісіне кері әсерін тигізіп отырған жоқ. Сұраныс та, қажеттілік те бар. Мысалы, миллион тонна қағаздың 14 мың теміржол вагонына сиятынын ескерсек, бұл саладағы өнімнің азаймай, қайта жыл сайын артып келе жатқанын түсінуге болады.
Қызық деректер
Негізі бір парақ қағазды өз заңдылығы бойынша жеті рет қана бүктеуге болады дейді сарапшылар, одан ары бүктеу өте күрделі. Алайда жуырда бұл қисынды америкалық бір оқушы бұзды. Ақ қағазды 12 рет бүктеп, ол рекорд жасаған көрінеді. Бұл нәтижені осы уақытқа дейін ешкім түзей алған жоқ.
Жақында бір жазушы жаңашыл бастама көтеріп, оны өзі жүзеге асырды. Ол әжетханалық қағаз арқылы өзінің көркем туындысын жазып, кітап етіп шығарған. Франкфурттегі мұражайда кітап көрмесін өткізген. Жазушының ойынша, «әжетхана -нағыз кітапқұмарлардың орны».
Атақты «Титаник» кемесінің 3 класты қонақтары тамақтанатын мейманханасынан бір жолаушының «менюі» табылған. Белгісіз қонақ ішкен бұл дастарқан мәзірі кеме апатқа ұшыраған маңда су бетінде қалқып жүрген. Бұл дастарқан мәзірі аукционда 45 мың долларға сатылды.
Калифорния штатында іс-қағаздары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес, жиналған макулатурадан қайта өңделіп, яғни қалдықтан шыққан қағаздан жүргізіледі екен. Американың тәуелсіздік декларациясының ең алғашқы жобасы коноплядан жасалған қағазға жазылған көрінеді.
2010 жылы бұрын хайуанды қорлағаны үшін АҚШ-тың бір азаматы екі жылға сотталды. Ол хамелеонды түрлі-түсті суретті қағаздың үстіне отырғызып қойып, тыныштық бермей әбігерге түсірген. Ақырында хамелеон 19 рет түсін өзгертіп, қорлыққа шыдамай өліп кеткен.
Жалпы әлемде әжетхана қағазына сұранысы өте жоғары ел - Испания. Әсіресе, футбол ойындары басталған шақта испандық жанкүйерлер домалақ әдемі етіп оралған түрлі-түсті әжетхана қағаздарын сатып алып, лента ретінде алаң ортасына қарай атады. Футбол алаңында отшашулар болып, лентаға оралып жатқан жанкүйерлер бұл сәтті жеңіс үшін, өз клубын қолдау үшін ұйымдастырады.
АҚШ үкіметі Kimberly-Clark компаниясын патриоттық қызметі үшін мемлекеттік марапатқа ұсынған. Өйткені компанияның әжетхана қызметіне арнап шығарған түрлі-түсті жұмсақ қағаздары екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарбаздардың қажетіне жараған. Сондай-ақ 1991 жылы АҚШ армиясы «Шөл даладағы дауыл» операциясы кезінде танк пен әскери машиналардың үстін жасырын жабу үшін түрлі-түсті қағаздарды пайдаланған.
Дереккөздер
↑ “Балалар Энциклопедиясы”, V-том
↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
Достарыңызбен бөлісу: |