Астықты дәнді дақылдардың қазақша және ағылшынша атаулары
Мазмұны
1Бірінші топтағы дәнді дақылдар
1.1Күздік дәнді дақылдар
1.2Жаздық дәнді дақылдар
2Екінші топтағы дәнді дақылдар
3Астық дақылдары дәндерінің құрамы
4Дәнді дақылдардың өсіп-дамуы
4.1Тұқымның бөртуі және өнуі
4.2Көктеу
4.3Түптену
4.4Түтік шығару
4.5Масақтану
4.6Гүлдену
4.7Дәннің толысуы және пісуі
5Қазақстандағы астық дақылдарының сорттары
6Астықты дәнді дақылдардың шаруашылықтағы маңызы
7Дереккөздер
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар- бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.
Бірінші топтағы дәнді дақылдар
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |