Құрал-жабдықтар Мақсаты


Металды пісірмей желімдеу



бет6/12
Дата23.08.2020
өлшемі146,54 Kb.
#76670
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
папка 1

Металды пісірмей желімдеу

“Эпоксидная шпатлевка”, “БФ-2” желімі металдарды өзара немесе оған басқа заттарды жапсыру үшін қолданылады. Желімделетін беттің бұдырлау болғаны дұрыс. Алдымен желімделетін заттардың бетіндегі май, тотық дақтары кетіріледі. Ол үшін ацетон немесе бензинмен май дақтарын немесе қалдықтарын тазалау қажет.

Алдымен тазаланған, құрғатылған бет қабаттарына желім жағылып, содан кейін желімделінетін зат бір-біріне беттестіріліп, біраз уақыт қысып ұсталынады.

Банкідегі “Эпоксидная шпатлевканы” пайдалану үшін оны алдымен ыстық суда 30 минуттай ұстайды. Желімнің температурасы 300С аспауы керек. Жылытылған шәйірді сұық кептіргішпен мұқият араластырады. 3г шәйір мен 0,5г сұық кептіргіштен дайындалған желім 10см2 ауданға жұмсауға жетеді. Желім қолданудан 15-20минут бұрын дайындалған жөн. Желім жағылып, заттар беттестіріледі де содан кейін 24 сағат бірімен бірін қысқыш арқылы қысып қойылады. Қысылған кезде шыққан желімді ацетон сіңірілген шүберекпен сүртіп тастайды.

Жұмыс істеген кезде кептіргіштің улы, денеге тисе зиянды екенін ұмытпау керек. Сондықтан жұмыс істегенде резина қолғапты пайдаланған жөн. Егерде кептіргіш сұйық не оның негізінде жасалған желім қолға немесе көзге тисе, тез арада жылы сумен жуу керек.

Метал бұйымдарға “БФ-2” желім жағылған соң 1 сағат кептіру керек те, содан кейін 50-600С температурада газ пешінің духовкасында 10-15 минут ұстау қажет. Әрі қарай желімделінген беттің үстіне екінші рет қалыңдау етіп “БФ-2” желімі қайта жағылады. Сәл кептіріп барып бөлшектерді беттестіріп қысады да духовкада 130-1500С температурада 1-2 сағат қайта ұстайды. Желімденетін заттар бір-бірімен қатты қабысу үшін тағы да 48 сағат қойып, қысқышты содан кейін алады. “БФ-2” желімі дансаулыққа зиянды болғандықтан онымен ыдыстарды желімдеуге болмайды. Аталған желімге немесе онымен жапсырылған жерге суды тигізбеу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет