Құрал-жабдықтар Мақсаты



бет10/12
Дата23.08.2020
өлшемі146,54 Kb.
#76670
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
папка 1

Жаздық дәнді дақылдар

Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидайарпасұлыкүрішжүгеріқарақұмықтарықонақ жүгері.


Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:

  • Ерте себілетін - жаздық бидайарпасұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.

  • Кеш себілетіндер - күрішжүгерітары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.

Екінші топтағы дәнді дақылдар

Екінші топтағы дәнді дақылдарға тарыжүгерікүрішқонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.

Астық дақылдары дәндерінің құрамы

Астық дақылдары дәндерінің құрамында суақуызмайкрахмалжасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13,8-20,0% болса, ал күріш дәнінде 6,7-7,6% ғана болады.


Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1,5-3,0%, ал көмірсутегі 67,8-80,9% шамасында болады.
Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына, қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.

Дәнді дақылдардың өсіп-дамуы



Тұқымнан өніп, көктеп шыққанна дәннің пісіп детілуіне дейінгі мерзімді өсімдіктердің вегетациялық кезеңі деп атайды.
Дәнді масақты дақылдар өсімдіктері вегетациялық кезеңде бірнеше фенологиялық өсу және даму сатыларынан өтеді. Олар:

  • тұқымның бөртуі және өнуі

  • көктеу

  • түптену

  • түтік шығару

  • масақтану(шашақ бас шығару)

  • гүлдену

  • пісу(сүттеніп, қамырланып және толық пісуі)

Өсу және даму фенологиялық сатыларда өсімдіктерде сыртқы морфологиялық өзгерістер байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет