2-кесте. 1-курс білім алушыларының эксперименттен кейінгі бақылау жұмысын талдау нәтижелері
-
№ | Деңгейлер | Эксперименттен кейін | 1 | Жоғары | 43,8 % | 2 | Орта | 28,5% | 3 | Төмен | 27,7% | 4 | Білім алушылар саны | 86 |
1,2-кестелерден көрініп тұрғандай, эксперименттке дейінгі және эксперименттен кейінгі нәтижеге қарағанда материалды игеру деңгейі едәуір жоғарлағаны анықталды.
Алынған мәліметтерден көрінетіндей, эксперименттік топтарда сипаттаудың ғылымилығының көрсеткіші, түсініктер аппараты 2 есе бақылау тобындағыға қарағанда жоғары.
Білім алушылардың жалпы химия пәнін модульдік технологияны пайдалу арқылы оқыту әдістемесі туралы білім деңгейлерін салыстыру диаграммасы
Эксперименттік зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, жалпы химия курсына модульдік технология компоненттерін қосу барысында жалпы химиялық білімдерді жүйелі қарастыру, нысандарды жан-жақты мазмұнды блоктарға бөлу тұрғысынан қарастыру, химиялық есептерді шешу, химиялық бағытталған лабораториялық жұмыстарды орындау білім алушылардың қарастырылып отырған мәселеге деген қызығушылығын арттырып, химияны оқуға деген мотивациясын күшейтіп, химиялық білімдер жүйесінің меңгерілу тиімділігін арттырды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезеңде білім алушылардың химиялық білімінің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденциялардың бірі - бұл оқу технологияларын қолдана отырып білім беру болып табылады.
Жоғары оқу орындарында биология мамандығы білім алушыларына жалпы химия пәнін модльдік технлогиямен оқыту төмендегідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
білім алушылардың жалпы және кәсіптік пәндерден алған білімдерін іс жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастыруға;
жаңа технологияларды пайдалану арқылы білім беруді ақпараттандыруды кеңінен қолдануға;
оқу материалын білім алушылардың білім деңгейіне лайықтап пайдалану арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға;
модульдік технологияның теориялық негіздері арқылы болашақ мамандардың өндірістік қызметіне қажетті ұғымдарды саналы меңгеруіне мүмкіндіктер туады.
Модульдік технологияны пайдаланып жалпы химия пәнін оқытуды жүзеге асыру үшін оқытушыға төмендегідей талаптар қойылады:
оқу үрдісінде модульдік технологияны пайдалануды жүзеге асыру барысында оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;
білім беру жүйесіндегі модульдік технологияны қолданудың ролін түсіну және оларды дамыту перспективаларын көру;
оқу үрдісінде модульдік технологияның мазмұндық, іс-әрекеттік ерекшеліктерін білу;
оқыту үрдісінде модульдік технологияны жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық негізін білуі.
Жүргізілген зерттеу ұсынылған гипотезаны дәлелдеп, төмендегідей қорытындыға алып келеді:
1. Химия курсына модульдік технологияның негізгі компоненттерін жүйелі енгізу біріншіден, білім алушылардың химиялық білім алу жүйесін тиімді меңгеруіне алып келеді.
2. Жалпы химияның теориялық білімдерін меңгеру демонстрациялық тәжірибелер, сандық есептер және зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалырының құрылуы тиімді екендігі дәлелденді.
3. Оқу пәні жүйесіне сәйкес құрастырылған жалпы химия курсының модульдік технологиясының модульдік бағдарламасы білім алушылардың химиялық нысандарды жан-жақты қарастыруды химиялық құбылыстардың химиялық аспектілерін түсіндіретін заңдылықтарын қарастыру негізінде ынталандыруды күшейтуге бағытталған.
4. Ұсынылып отырған жалпы химия курсынның модульдік технологиясы арқылы химиялық білім жүйесін қалыптастырудың әдістемелік моделінің тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оны оқу процесінде пайдалану химияны оқыту мотивациясына оқыту технологияларының компоненттерін енгізген кезде күшейтуге мүмкіндік береді.
5. Педагогикалық экспериментке қатысқан оқушылардың 90 пайызы жоғары бiлiм нәтижесiн көрсетiп ғана қоймай, тестiк бақылау кезiнде теориялық бiлiмдерiн практикалық iс-әрекетте қолдана бiлгендiгi, оқу-құралын тиiмдi қолданудың нәтижесi екендiгiнiң дәлелi болды.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі:
1. Раманқұлова Ә.С., Сәдуақасқызы К. Көміртек және оның атом құрылысы тақырыбын модульдік оқыту. «Химия мектепте» журналы, 2013 ж. №2.
2. Раманқұлова Ә.С., Сәдуақасқызы К. Алкиндер тақырыбын модульдік оқыту. «Қазақстан мектебі» журнал 2013 ж. №1.
3. Раманқұлова Ә.С., Еспенбетова Ш.О. ЖОО-да Жалпы химия пәнінен бейнедәрісті пайдалану жолдары. Мұғалім және қоғам 2013 ж. №2
4. Раманқұлова Ә.С., Сәдуақасқызы К. Зерттеушілік ұстанымын енгізу «Білім-Образование» журналы 2012 ж. 32-35 бет.
5. Раманқұлова Ә.С., Еспенбетова Ш.О. Қышқылдар тақырыбын модульдік оқыту «Химия мектепте» журналы 2013 №3
6. Раманқұлова Ә.С., Еспенбетова Ш.О. Металдар тақырыбын модульдік оқыту «Қазақстан мектебі» журналы, 2013 ж.
РЕЗЮМЕ
На автореферат диссертации на соискание академической степени магистра педагогических наук по специальности-6М011200-химия
А.С.Раманкулова
«Методика использования технологии модульного обучения по курсу общей химии для студентов биологической специальности»
Диссертация соответствует общей логике исследования: диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы и приложений.
Во введении обосновывается актуальность проблемы исследования, определяются его объект, предмет, цели и задачи, характеризуются его методологические основы и методы, раскрываются научная новизна, теоретическое значение и практическая значимость исследования, характеризуются основные этапы работы.
В первой главе «Теоретические основый модульной технологии» на основании изучения научной литературы и проведенного эмпирического исследования уточняется понятие «модульная технология», «модуль»; определена парадигма и конечная цель модульного обучения; описаны возможности и рассмотрены философские основы модульной технологии; выявлена сущность и содержание модульной технологии профессионально-ориентированного обучения студентов педагогического вуза по специальности биологии.
Вторая глава «Практические особенности применение модульной технологии в обучении курса по общей химии ВУЗе» рассматривает условия, способствующие эффективному обучению студентов высшей школы общей химии при переходе на модульную технологию обучения. В ней описываются теоретические основания модульной технологии профессионально-ориентированного обучения общей химии будущих специалистов по биологии педагогического направления высшей школы, рассматривается ее структура и содержание; анализируются результаты подготовительного, констатирующего, формирующего и контрольного этапов эксперимента.
В заключении обобщены результаты исследования, изложены его основные выводы, подтверждающие обоснованность положений, выносимых на защиту, определены дальнейшие перспективы исследования.
SUMMARY
On the thesis abstract on competition of the academic degree of the master of pedagogical sciences in the specialty- 6М011200 - chemistry A.S.Ramankulova "A technique of use of technology of modular training at the rate of the general chemistry for students of biological specialty"
Thesis with the overall logic of the study: the thesis consists of an introduction, two chapters, conclusion, bibliography and appendices.
In the introduction the relevance of the study, is determined by its object, subject, goals and objectives, characterized by its methodological principles and methods are disclosed scientific novelty, the theoretical value and practical significance of the study, characterized by major milestones.
In the first chapter, "The theoretical basis of the modular technology" based on a study of the scientific literature and empirical research clarifies the concept of "modular technology", "module", defined paradigm and the ultimate goal of modular training, are described and discussed the possibility of the philosophical foundations of modular technology, the essence and content modular technology-oriented professional training of students of pedagogical high school in biology.
The second chapter, "The practical details of the use of modular technology in teaching the course in general chemistry University" addresses the conditions conducive to effective teaching high school students of general chemistry in the transition to modular technology education. It describes the theoretical foundations of modular technology-oriented professional training of general chemistry of the future experts in biology teaching areas of higher education, it is considered the structure and contents are analyzed preliminary results, ascertaining forming and controlling phases of the experiment.
In conclusion the results of the study are set out its main conclusions, confirming the validity of the provisions for the defense, identify further research perspectives.
Достарыңызбен бөлісу: |