ӘӨЖ 371.3:004.422.833:54:57
Қолжазба құқығында
Раманқұлова Әйкерім Советбекқызы
Биология мамандығы бойынша оқитын студенттерге жалпы химия курсын оқыту барысында модульдік оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі
6М011200-Химия мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
рефераты
Қызылорда, 2013 жыл
Магистрлік диссертация жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және экология» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы Еспенбетова Ш.О.
Ресми оппоненті Әл-Фараби атындағы ҚҰУ «Жалпы
және бейорганикалық химия»
кафедрасының доценті, химия
ғылымдарының кандидаты
Түгелбаева Л. М.
Қорғау 2013 жылдың «___» маусым күні сағат «_______» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. Мекен-жайы: 120014 Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі, 66, Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты, 9-оқу ғимараты, дәрісхана 303.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 120008 Қызылорда қаласы, К.Байсейітова көшесі, 100.
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Білім беру жүйесі – әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде болашақ мамандардың инновациялық ic-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін мeңгepyi – маңызды мәселелердің бipi. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мамандарды даярлау – оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бipi және педагогтың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі әрекеттің нәтижесі болып табылады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру білім беру ордасының басты міндеті болып саналады.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күні оқу орындарының алдында тұрған басты міндет – өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді мамандар тәрбиелеп шығару. Биология пәні мамандары өз тәжірибелерінде химия жайлы білім өте қажет екендігіне кездеседі. Осыған орай жоғары оқу орындарында 5В011300-Биология мамандығы бойынша білім алушылардың жалпы химия курсын меңгеру өте маңызды және терең білім алып шығуы міндетті.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру жүйесінің алдына жаңа тұлғаны қалыптастыру және оны дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқытудың заманауи теориясы мен тәжірибесі сәйкес келетін оқытудың оңтайлы жолдарын табуға мүмкіндік беретін педагогикалық технологияны үнемі іздейді. Тұғырлы білім мен біліктерді жүйелі сабақтастыра отырып, кәсіби міндеттерін білімділікпен шеше білетін болашақ мамандарды – оқытудың түрлі технологиялармен қаруландыру жоғары оқу орындарының міндеті. Сондықтан жоғары оқу орындарында білім алушылардың кәсіби бағыттағы білім нәрімен сусындану үдерісін жаңаша сипатта қарастырып, олардың білім сапаларын дамыту негізінде меңгерген білімдері мен білік, дағдыларын өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдана білуге үйрету маңызды.
Көрсетілген мәселенің өзекті тұстары Қазақстан Республикасы-2030 жылдарға дейін стратегиялық дамуын жүзеге асыру бағдарламасы мазмұнында, «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы «Білім» бағдарламасында, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2015-жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарлама талаптарымен үндеседі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі білім алушыға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер – оқытушы мен білім алушыға тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Белгілі дәуірге, қоғамның әрбір даму кезеңіне білім берудің нақты міндеттері сай келеді. Сол міндеттер білім ордасының орындауға тиісті әлеуметтік тапсырысын айқындайды. Жаңа тарихи бұралаңдар жаңа идеяларды, құндылықтарды туындатып, «жаңа адам» моделін қалыптастыруды көздейтін, білім алуға икемдейтін, құрамдасқан келелі оқыту сапасын белсендіретін, дамуды бағыттай алатын жаңа педагогикалық технологиялар аса қажет.
Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты. Ал шығармашылық іс-әрекет арқылы жаңа нәтижеге жету мен өзекті мәселенің шешімін табу негізінде жүзеге асады.
Қазіргі заманғы жоғары мектеп дидактикасы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігі, ойлау белсенділігі жоғары, ізденімпаз, дербес, шығармашыл болып қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес жаңаша негіздеуді қажет етеді.
Оқу үдерісінде модульдік технолгияны қалыптастыру проблемасының жаңа мүмкіндіктерін саралауда, өткен тарихи кезеңдердегі бұл мәселенің даму тарихында жинақталған мәліметтерді талдау негізінде, жаңаша бағдар мен құбылыстың мәнін, сипатын анықтауға мүмкіндік алдық.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға білім алушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогикалық ғылымының бір ерекшелігі – білім алушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында білім алушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Педагогикалық үдерістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, білім алушыларға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.
Модульдік оқыту технлогиясы – болашақ маманның танымдық-интеллектуалдық әлемін дамытып қана қоймай, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқыту технологиялары жеке тұлғаның дамуына, оның рухани тұрғыда жетілуіне маңызды зор, білімдік және психологиялық мәні терең құндылық бағдар ретінде танудың мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру технологиясы, Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқында оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық оқыту технологиясы, М.М.Жанпейсованың, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның, П.А.Юцявичене, Т.И.Шамова, Т.М.Давыденко, Г.Н.Шибанова модульды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың жобалап оқыту технологиясының және басқа көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал. Қазақстанда және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заныңда оқыту формасын, әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің оқытушыларына, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезеңдегі еліміздің күннен-күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси- экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл-ой белсенділігін, өзекті мәселені шешіп, оны оңтайлы пайдалануды талап етеді. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда көрсетілген міндеттерді шешудің басты тұғыры ретінде білім алушылардың дербестігін қалыптастырудың маңыздылығы өте жоғары.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдаулар, жоғары мектеп практикасында болашақ мамандарды даярлаудың дидактикалық мүмкіндіктері мен оны дамытудың бағдарын сараптау нәтижелері төмендегідей қарама-қайшылықтарды көрсетті: еліміздің ертеңі – жас мамандардың білім деңгейлерін дамытуға деген қоғамдық қажеттілік пен «Биология» мамндығы бойынша білім алушылардың «Жалпы химия» пәнінің теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру мәселесінің дидактикалық тұрғыда негізделуінің жеткіліксіздігі арасында; жастардың химиялық біліммен оны жоғары мектеп жағдайында жүйелі ұйымдастырылмауы арасында; химия пәні курстарында терең теориялық білім қалыптастыру талаптары мен химиялық білім негізінде білім алушылардың терең білім дербестігін қалыптастыру әдістемесінің қажеттігі арасындағы қайшылықтарды зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты: «Биология мамандығы бойынша оқитын студенттерге жалпы химия курсын оқыту барысында модульдік оқыту технологиясын пайдалану әдістемесі» деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеу мақсаты – Жоғары оқу орындарында биология мамандығы бойынша оқитын студенттердің жалпы химия курсына модульдік оқыту технологиясын пайдалану әдістемесін жасау.
Зерттеу міндеттері:
– модульдік технологияның негізгі элементтерін зерттеу;
– модульдік оқыту технологиясының білім алушы тұлғасына дамытуға және білім сапасын арттыруға әсері барын экспимент түрінде дәлелдеу;
– жалпы химия пәні бойынша модулдік технологияның дидактикалық кешенін жасау;
– жалпы химия сабағында модулдік оқытуды қолданудың тиімділігін анықтау;
Зерттеу нысаны – жоғары оқу орны.
Зерттеу пәні – жоғары оқу орнында жалпы химия пәнін оқыту үдерісінде модульдік технологияны пайдалана отырып білім беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Жоғары оқу орны жалпы химия пәнін оқытуда модульдік технологияны қолданудың теориялық негізі жасалып, оқыту әдістері мен құралдарын дайындау, жалпы химия курсының сәйкес тақырыптары бойынша модульдік технология кіріктірілсе, жалпы химия сабақтарында зертханалық сабақтар, мамандыққа байланысты есептер мен жаттығулар, тест тапсырмалары, өзіндік жұмыстар тақырыптары модульдік технологияның элементтерін пайдалана отырып дайындалса, білім алу барысында білім алушылардың оқу - зерттеу қызметі тиімді ұйымдастырылса, онда білім алушыларда жүйелі химиялық және кіріктірілген білім қалыптасады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша әдіснамалық, психология-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау, жоғары оқу орнында жалпы химия курсын оқыту үдерісінде модульдік технологияныны енгізудің мәселелерін зерттеу мақсатында жоғары оқу орнының химия пәні оқытушыларын анкеталау, білім алушылардың білім деңгейін тестілеу әдісімен анықтау, педагогикалық зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің әдістемелік негіздері:
– оқытудың жүйелік әдісі (Н.Ф.Талызина, Л.Я.Зарина, М.М.Жанпейсова, О.С.Зайцев, Т.А.Сергеева, З.А.Решетова т.б.);
– модульдік технологияны қолдану арқылы білімдерді қалыптастыру проблемасы бойынша еңбектер.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеудің бірінші кезеңінде (2011-2012жж) зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталды, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік, оқу және ғылыми әдебиеттер талданды. Зерттеу мәселесін нақтылап зерттеу барысындағы оқыту технологиялары арқылы білім берудің қалыптасуын, оны қалыптастыру кезінде кездесетін проблемаларды зерттеу мақсатында білім алушылардан тестілеу және оқытушыларға анкета жүргізілді.
Осы кезеңде жоғары орнында жалпы химияны модульдік технология арқылы оқытудың моделі және әдістемелік ұсынымдары жасалынды. Екінші кезеңде (2011-2012жж) ұсынылған әдістемелік ұсынымдар бойынша білім алушылардың жалпы химиядан білімдерінің меңгерілу тиімділігі зерттелді, жалпы химия курсының модульдік технология бойынша модульдерге бөлу бағдарламасы жасалынды. Педагогикалық зерттеудің сапалық және сандық анализі жүргізіліп, нәтижелері өңделді, негізгі зерттеу қорытындылары жасалынды.
Зерттеудің жариялануы мен алынған нәтижелердің енгізілуі. Зерттеу нәтижелері Республикалық «Қазақстан мектебі», «Химия мектепте» және «Білім» журналдарында жарық көрді.
Диссертация материалдары бойынша 6 мақала жарияланды.
Диссертация құрылымы. Диссертция кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі негізделіп, зерттеу мақсаты мен мәселелері тұжырымдалған, жұмыстың ғылыми және сарамандық құндылықтары көрсетілген.
«Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде қазіргі кездегі оқытудың инновациялық технологиялардың біріне жататын модульдік технлогияның құрылысына, оның принциптеріне толық тоқатлып көрсетілген.
Қазіргі кездегі жоғары оқу орындарының басты мақсаты – әрбір адамның оның қабілеттеріне, қызығушылықтары және мүмкіндіктеріне сәйкес білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту жүйесін құру. Бұл мақсатқа жету үшін оқу процесіндегі оқытушы мен білім алушының арасындағы қарым-қатынасты қарастыратын парадигманы алмастырып отыру қажет.
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде көп қолданылмайтын келесі қарама-қайшылықтар сақтап қалуда: фронтальді оқыту формасы мен әрбір білім алушының оқу-танымдық әрекетіндегі білімді игерудің жеке тәсілі арасында; білім берудің дифференциялылығы мен жалпы білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары арасындағы кейбір қарама-қайшылықтарды жоюға арналған дидактикалық жағдайлар құрылуда. Бірақ оқытудың дәстүрлі үрдісін жақсартуға жасалып жатқан әрекеттер оның құрылымындағы өзгеріс бағытына ие болмағандықтан нақты емес.
1. Модульдік оқытуда мазмұны өз бетінен аяқталған кешен ретінде ұсынылады (ақпараттық блок-модуль), оны игеру мақсатқа сәйкес жүзеге асады. Қалыптасқан дидактикалық мақсат игерілетін материал әрбір білім алушы оқытушыдан қалай әрекет ету керектігі туралы, қажетті материалды қайдан табу керектігі туралы кеңестерді жазбаша түрде алады.
2. Модульдік технология білім алушының нақты қарым-қатынас формасын ұсынады. Модульдер оқытуда субъект-субъективті негізге алмастыруға мүмкіндік береді.
3. Модульдік оқытуда көп уақыт білім алушының өз бетінше жұмысына кетеді, ол өзіндік мақсатына, өзіндік жоспарына, өзіндік ұйымдастыруына, өзіндік бақылау және өзіндік бағалауына сәйкес оқиды. Бұл өз әрекетін танып білуге, білімді игеру деңгейін өзіндік анықтауға, өз білімі мен білігіндегі кемшіліктерін көріп, білуіне мүмкіндік береді. Әрине, оқытушы білім алушылардың оқу-танымдық әрекетін модульдер арқылы үздіксіз басқарып отырады.
4. Модульдердің болуы оқытушы жеке білім алушылармен жұмысын жекешелендіруге мүмкіндік береді. Модульдік оқытуда жеке кеңес беру мен жеке көмек беруде проблемалар жоқ.
5. Модульдік оқытуда оқу процесінің уақыт бірлігі сабақ емес, оқу аптасы және де оқу материалы бір-екі тақырыпты емес, толық оқу тақырыбының мазмұнын құрайды, ол оқу процесінің бір бөлігін топтық, тіпті жеке жұмысқа арнауға мүмкіндік береді.
Модульмен оқыту мәселесін жан-жақты зерттеген ғалымдар Дж.Д.Рассельдің, В.Гольдшмидт, М.Л.Гольдшмидт, Я.Л.Клиндштат, В.Б.Закорюкин, В.И.Панченко, Л.М.Твердин П.Юцявичене К.Вазинаның еңбектері болып табылады.
1-сурет. Оқыту технологиясының белгілері
Модульдік оқытудың жүйелік құрылымы білім алушыларды тәртіпке үйретіп, олардың жұмысын үйлестіреді, нәтижесінде, білім сапасын көтереді. Аталған технологияның маңызды жетістігене интеграциялық сапа, немесе біріккен мазмұны және оны оқыту технологиясы болатын модуль. Модуль біріккен кешен технологиялары арқылы жүзеге асады: проблемалық, алгоритмдік, бағдарламаланған, ойша әрекетердерді «толық игеру» сатылы қалыптастыру. Модульдік оқыту білім алушының оның қажеттіліктеріне сәйкес білімдік мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
«Жоғары оқу орындарында химия курсын оқыту процесінде модульдік технологияны қолданудың практикалық ерекшеліктері» атты екінші бөлімде жалпы химия курсын оқыту кезінде химиялық білімдерді қалыптастырудың әдістемелік негіздері көрсетілген, модульдік технологияның компоненті бар жалпы химия курсының мазмұнын жүйелі қарастыру негізінде оны қалыптастырудың ұйымдастыру формалары, әдістері мен құралдары негізделген. Жалпы химия сабақтарын модульдік технологияның құрылымының үш бөлімі бойынша кіріспе бөлімінде мамандандырылған дәріс сабақтары, сөйлеу бөлімінде әр түрлі мағанадағы ойын сабақтары, зертханалық сабақтар әртүрлі мазмұндағы есептер шығару мен эксперименттік жұмыстарды пайдаланудың әдістемелік ұсынымдары көрсетілген.
Жалпы химия пәнінің тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша пәнаралық байланыстар беруге болатын ғылыми химиялық ұғымдар, білім, оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған оқу құралдарының мазмұны, оқутудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әркетімен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде олар теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейде көтеру мақсаты жүзеге асады.
Модульдік оқытудың жаңа парадигмасы – білім алушы өзі оқиды, оқытушы оқытумен негіздеуді басқаруды жүзеге асырады. Оқытушының рөлі алмасады. Ол дәлелдеуді, ұйымдастыруды, үйлестіруді, кеңес беруді, бақылауды талап етеді. Бұл технологияны қолдануда білім алушыны оқытушыны тыңдатудың, жаттығулар мен тапсырмаларды шешуді қинап орындаутыдң қажеттілігі жоқ. Модуль білім алушыдан интеллекттісінің, дербестілігінің, ұжымдылығын, оқу – танымдық әрекетін басқара білу қабілеттілігінің дамуын қамтамасыз етеді.
Модульдік технология білім алушылардың оқу әрекетінің белсенділігіне негізделген, оқу материалының мазмұны тез және сапалы қабылдауға болатын тақырыптарды қамтиды.
Химия сабағында модульдік технологияны қолдану әрбір білім алушының дербестік қабілеттерін дамытады, оқу-танымдық әрекетінде нақты мақсатқа жетуге, білімді игеру деңгейін өздері анықтауға, білім мен біліктегі аралықты көруге, оқу-әрекетінде өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға үйретеді.
Модульдік оқыту сабақтарында білім алушылардың танымдық белсенділігін жоғрылату дәрежесін құратын жарыс элементтері қатысады.
Модульдік сабақты өңдеу барысында, ол 2 академиялы сағатты алу керектігін ұмытпау керек, себебі кәдімгі сабақ барысында оқылатын тақырып бойынша білім алушылардың бастапқы білім және білік дәрежессін анықтау керек, жаңа ақпарат беріп, оқу материалын өңдеп, қорытынды бақылау жүргізуі қажет. Модульдік сабақты құруға келесі алгоритм көмек береді:
1. тақырыптағы модульдік сабақтың орнын анықтау.
2. сабақ тақырыбын реттеу.
3. сабақтың мақсатын анықтау және реттеу, бұл мақсат–біріккен, және оқытудың соңғы нәтижесі.
4. қажетті фактілік материалды таңдау.
5. оқыту және бақылау әдісі мен формасын таңдау .
6. білім алушылардың оқу әрекеті тәсілін анықтау.
7. оқу мазмұнынан бөлек логикалық аяқталған оқу элементтеріне бөлу және олардың әрайсысына нақты дидактикалық мақсатты анықтау.
Әрбір оқу элементі – сабақтың біріккен мақсатына жетуіне қадам басады. Оқу элементі көп болмауы керек (максимальді мөлшері - 7), келесілері міндетті:
ОЭ-1 – оқытудың нәтижесіне жетуі бойынша біріккен мақсатты анықтайды.
ОЭ-2 – тақырып бойынша бастапқы білім деңгейін және жаңа материалды игеруге арналған тапсырмаларды қамтитын тапсырамаларды енгізеді;
ОЭ-n - (n – келесі оқу элементінің нөмірі) білімді қорытынды бақылауды, сабақтың қорытындысын шығаруды (сабатың мақсатына жету дәрежесі бағаланады), үй тапсырмасын таңдауды (білім алушының сабақ барысындағы жұмыс жетістігіне байланысты беріледі), рефлексияны (басқалардың бағалауын ескере отырып өзінің жұмысына, өзі баға беру ) қамтиды. Білім алушылардың дербес жұмыс істеуі үшін тапсырма түрлерінің әртүрлілігіне назар аудару керек: сұрақтарға жауап (ауызша және жазбаша), кестені толтыру, тест тапсырмалары, суреттермен жұмыс, оқулықпен жұмыс, оқу материалын конспектілеу және т.б. тапсырма логикалық сипаттағы жұмыстарды қамтуы мүмкін: ребустар, сөзжұмбақтар, жұмбатар және т.б. тапсырмалар оқу материалының қарапайым репродуктивті өнімі болып есептелуі керек. Олар білім алушыларды әртүрлі ақпарат көзі бар жұмыстармен: мәтіндер, суреттер, кестелер, сызбалармен таныстырады.
Оқылған материалды тексеру және бекіту үшін әртүрлі қиынды деңгейіндегі тапсырмалар қолданылады. Білім алушылар оны өз беттерінше, өз қалауларынша таңдай алады.
Әрекет түрлерін алмастыру, сонымен қатар білім алушылардың әртүрлі қиындық дәрежесіндегі тапсырмаларды орындауы сабақты біршама қызықты етеді, психологиялық жүктемені шектетеді, білім алушыларды сабақта өздерін жақсы көрсетуіне мүмкіндік береді.
8. Аталған сабақтың модулінің ақпараттық картасын құру.
9. Оқу материалының мәтінінің қажетті мөлшерлі көшірмесін, және сабақтың технологиялық картасын дайындау. (Модульдік сабақтың жоспары әрбір білім алушыда болуы тиіс).
Жаңа модульмен жұмыс істеуді бастағанан соң, білім алушылардың жұмысқа дайындық дәрежесі туралы ақпарат алу үшін білімін және білігіне бастапқы бақылауды жүргізіп отырған жөн және де әрбір оқу элементін меңгергеннен кейін күнделікті және аралық бақылау (өзін-өзі бақылау, өзара бақылау, үлгімен салыстыру) алған маңызды. Бақылаудың бұл түрлері білімді меңгерудегі кемшіліктерді көрсетеді және оны шектеуге мүмкіндік береді. Модульмен жұмыс аяқталғаннан соң барлық модуль барысындағы деңгейді анықтайтын қорытынды бақылау жүзеге асады.
Модульдік оқытуда көбінесе білім алушылардың білімін және білігін рейтингтік бағалау қолданылады. Рейтинг – бұл ұпай жинау арқылы алынатын нақты сан. Оқу жылының аяғында барлық ұпайлар жинақталып, рейтингтік баға шығады. Рейтинг арқылы бағалау осы мамандыққа арналған білім алушының дайындығының сапасын сипаттауға мүмкiндiк бередi. Модульдік оқытуада әрбір тапсырма ұпаймен белгіленеді, оның рейтингісі және орындалу уақыты құрылады, және де рейтингтік бақылаудың негізгі принципі – бұл білімді бақылау және бағалау, жүйелі жұмысты ескеруде білік пен дағды болып табылады. Сол сияқты, оқытудың модульдік технологиясын қолдану кезінде дәрежелі дифференциация принципі жүзеге асады. Бұл білім алушылардың мемлекеттік білім беру стандартын игеру ғана емес, білім алудың жоғары сатысына дейін жетуге мүмкіндік береді.
Пәннің әдістемелік тұрғыдан жабдықталуына оқу жоспары, бағдарламасы, студентке арналған оқу-әдістемелік кешенін құру жатады. Оқу-әдістемелік кешендер Қазақстан Республикасы білім беру стандартына, Қазақстан Республикасы жоғары білімін дамыту бағдарламасына, типтік бағдарламаға сүйеніп құрылады. Мазмұндық компонент пәнді оқытуға қажетті құралдарының толықтығын және оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданылуды керек етеді. Білім алушыларды оқытудың әр түрлі формаларын (дәріс, семинар, зертханалық жұмыс, сарамандақ сабақ), БАӨЖ және БАОӨЖ-ын дұрыс ұйымдастыруда олардың жекебас ерекшеліктерін ескеріп, тапсырманың мазмұны мен көлемін олардың деңгейлеріне қарай беру өте маңызды мәселенің бірі.
Білім алушының қолында осындай оқу-әдістемелік кешеннің болуы білім алушының оқу үдерісін дұрыс ұйымдасутырына, уақытын үнемді пайдалануына жағдай туғызады.
«Биология» мамандығында оқитын білім алушыларға «Жалпы химия» пәнін игерту барысында модульдік технология қолданылды. Кредиттік жүйе бойынша бұл пәнге 3 кредит бөлінген. 3 кредит - бұл 30 дәріс, 15 зертханалық сабақ, 15 оқытушы мен білім алушының өзіндік жұмысы және 75 білім алушының өзіндік жұмысы бар. Бұл пән қазіргі кезде базалы пәндердің таңдаулы компонентіне жатады. Осыған байланысты бұл пәнге мамандық ерекшелігіне байланысты оқу бағдарламасы, білім алушыларға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) және пәннің жұмыс бағдарламасы жасалынды. Жұмыс оқу бағдарламасында берілген тақырыптар модульдерге бөлінді. Пәннің негізгі мазмұнын беретін тарауларды біріктіре отырып пән мазмұны 7 модульге бөлінді. Әр модуль кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытындыдан тұрады.
Модульге бөлу барысында нақты заңдылықтарға негізделген логикалық байланысқа ие тақырыптар бірігеді. Мысалы, «Бейметалдар химиясын» меңгеру бейметалдардың атом құрылысы сипатына, элементтердің периодтық жүйедегі орналасуына және одан туындайтын заңдылықтардың бейметалдардың және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін бақылауына негізделген.
Кіріспе бөлімінде дәріс тақырыбының негізгі мазмұны ашылады, қосымша конспект құрылады. Келесі сабақтарда білімді нақтылау, кеңейту, дәлелдеу және қорытындылау жүргізіледі.
Одан кейін білім алушылар өздері блог-сызба құрастырады, өздерінің сызба түріндегі материалдарын ұсынады. Жұмыс түрінің бұл формасы білім алушылардың қызығушылығын тудырады.
Жоғары оқу орны білім алушыларының химиялық дайындығының психолого-педагогикалық негізін талдау нәтижесінде түлектердің кәсіби білім сапасын жоғарлату және болашақ кәсіби қызметінде жалпы химия бойынша алған білімі мен білігін қолдана білуге дайындығы химиялық пәндерді оқытудың негізгі бағыттарын жетілдіру арқылы жүзеге асады. Білім алушыларға жалпы химияны модульдік технологиямен байланыстыра отырып оқыту барысында теориялық модель дайындалды.Төменде жоғары оқу орындарында биология мамандығына жалпы химия пәнін модульдік технология арқылы оқытудың құрылымды- мазмұндық моделін береміз.
Модульді технологиямен химия пәнін оқыту барысында дәстүрлі емес химия сабақтарын жүргізудің пайдасы өте зор, әсіресе проблемалық сабақ, интегралданған сабақ, ойын сабақтарын және т.б. айтуға
Жоғарыда айтып өткеніміздей, оқыту технологиясының ұсынылып отырған моделін құруда білім алушыларды дамытуға баса көңіл аударылды.
2-сурет. Модульдік технология бойынша «Жалпы химия» пәнін оқытудың моделі
Осының арқасында оқу процесі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шарттарын, құрылып жатқан педагогикалық технологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі талаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: білім алушыларды оқытуға емес, тұлғалық-бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б. ұмтылдық.
Жоғары оқу орнында биология мамандығы бойынша оқитын білім алушыларға химиялық білім беру жүйесінде педагогикалық оқыту технологияларының бірі модульдік технологияны қолданудың әдістемесі тәжірибе жүзінде зерттелді. Педагогикалық зерттеу 2011-2012 оқу жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Жаратылстану және аграрлық технологиялар» институтының «Химия және экология» кафедрасында жүргізілді. Зерттеуге кафедраның 2 оқытушысы және 86 білім алушы қатысты. Кафедрада эксперименттік және бақылау топтары құрылды.
Бірінші тарауда жоғары оқу орнында модульдік технологияны пайдалану арқылы оқытуды зерттеудің проблемаларының теориялық-әдіснамалық аспектілері жан-жақты қарастырылып, екінші тарауда жалпы химия курсын модульдерге бөліп бірнеше модуль-блок сабақтары келтірілген және білім алушыларға арналған дәріс материалдар, есептер мен тестілер фрагменттері сонымен бірге зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулықтары жасалынды.
Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша педагогикалық эксперимент 3 кезеңде жүргізілді: анықтау, қалыптастыру және бақылау кезеңдері.
Эксперименттін анықтау кезеңінің мақсаты:
- білім алушылардың химия пәніне, қызығуы, оны түсінуге ұмтылу, химия-биологиялық білімінің болу және оны пайдалану нәтижесін бағалау;
- жалпы химия пәні оқытушыларының химиялық білім беруде модульдік технологияны қолдану проблемасына деген көзқарасын анықтау;
-химия пәні оқытушыларының бұл тұрғыда кездестіретін қиыншылықтарын зерттеу;
- жоғары оқу орнында жалпы химия курсын модульдік технологиямен оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу мен талдау.
Эксперименттің бұл кезеңінде сауалнама, құжаттарды талдау, бақылау, тестілеу әдістер пайдаланылды.
Биология мамандығына түсетін білім алушылардың таңдау пәні биология болатындақтан, мектеп қабырғасында бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындалу барысында химия пәні шеттеп қалатыны белгілі. Осыған орай семестр басында білім алушылардың сауалнама және тест тапсырмаларын орындау нәтижесінде химия пәніне деген қызығушылығы және білім деңгейінің жоғары еместігі түсінікті. Білім алушылар тірі организмде жүретін түрлі процестердің химизмін түсіндіруді талап ететін сұрақтарда, кейбір қосылыстардың адам организмі мен табиғи нысандарға әсерін түсіндіру т.б. сұрақтарында қиналған.
Осы жоғарыда көрсетілген жағдайларды ескере отырып, жоғары оқу орнында биология мамандығы білім алушыларына жалпы химия курсын оқытуда модульдік технологияны қолдана отырып оқыту технологиясының негізгі компоненттерін оқу үрдісіне енгізудің қажеттілігі туындады. Бағдарлама көлемін сақтап, оқыту мотивациясын жоғарылатып, білім алушылардың жалпы химия курсы білімдерінің жүйесін қалыптастыру болып табылды.
Білім алушылардың жалпы химия пәнінен сапалы жоғары білім алу үшін, тереңдетіп оқыту кезінде модульдік технологияны қолданудың тиімді екендігі дәлелденді. Эксперимент барысында осы әдістің тиімділігін анықтайтын әдістемелік нұсқаулар құрылып, оны оқу процесіне енгізу жұмыстары жүргізілді.
Педагогикалық эксперимент жүргізілген топтармен бақылау топтарының білім деңгейі және ондағы білім алушылардың саны шамалас болды. Білім алушыларға берілген тапсырмалар әр түрлі деңгейде құрастырылумен ерекшеленді.
Модульдік технология арқылы оқыту барысында кіріспе бөліміндегі дәріс сабақтары бейнедәріс түрінде берілді және қорытынды сабақтарда өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауда ақпараттандыруды қолдану арқылы әр түрлі деңгей бойынша құрылған бақылау жұмыстарын орындау нәтижесімен, семестрлік жұмысты орындау барысында көрсетті.
Семинар, ойын, конференция сабақтарында білім алушылар кіріспе бөлімінде алған теориялық білімдерін ұштастыра отырып «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» модульі бойынша өткізілетін қышқылдардың, тұздардың химиялық қасиеттері, олардың биологиядағы ролі іскерліктерін анықтауға негізделді. Ол саралап, даралап берген тапсырмалар көмегімен анықталды. Зертханалық сабақтарды химиялық реакция жылдамдығы, ерітінділер дайындауға арналған тәжірибелер орындалды.
Білім алушылардың оқытушымен бірлескен өзіндік жұмысы ғылыми зерттеу жұмысы ретінде берілген «Химиктер симпозиумы», Химиялық байланысты сипаттайтын теориялар», «Құрылысы ерекше қосылыстар» мен «Металдардың адам өміріндегі маңызы» тақырыптары терең ашылып теориялық білімнің маңыздылығы дәлелденді.
Сондықтан да, қалыптастыру педагогикалық экспериментінде 1-курс білім алушыларынан эксперименттік және бақылау топтары алынды. Бақылау және эксперименттік топтарда сабақтар бір оқытушымен, бірдей сағат көлемінде жүргізілді. Эксперименттік топтарда модульдік технологияның компоненттері эксперименттік топтарға жүйелі түрде дәріс, семинар және ойын сабақтарында сонымен бірге зертханалық жұмыстарды орындау кезінде енгізілді. Ал бақылау топтарында сабақ дәстүрлі әдістермен өткізілді. Зертеу процесі кезінде жалпы химияны оқытуда ұсынылып отырған білімдерді қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тексеру үшін мына төмендегі көрсеткіштер пайдаланылды:
- меңгерілген білімнің толықтығы мен дұрыстығы;
- нысанды сипаттау үшін пайдаланылған блоктардың орташа саны;
- бір жұмыста пайдаланылған ғылыми түсініктердің орташа саны.
Осы жұмыстағы педагогикалық зерттеу жұмысына жоғары оқу орынында жалпы химия курсының Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары, Ерітінділер, Химиялық жылдамдық, Атом құралысы тараулары алынды. Бұл тақырыптарды игерудің басты себептері төмендегідей:
- қышқылдар және олардың қосылыстары барлық тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызды рөл атқарады және тірі организмнің өмір сүруіне қатысады;
- тұздар және олардың қосылыстарының мысалында ауыл шарушылықтарында минералдарды тыңайтқыштарды тиімді пайдалану қарастырылады;
- түрлі биологиялық тәжірибелер жасау барысында ерітінділер қолданылады, сондықтан ерітінділерді дайындаудаң теориялық білімдері беріледі;
Жоғарыда көрсертілген тауарларды оқытқаннан кейін, меңгерілген білімнің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін бақылау жұмысы және тест тапсырмалары алынды. 4-кестеде 1-курс білім алушыларының бақылау жұмысының қорытындылары талданған. Ондағы эксперименттік топтағы дұрыс және толық жауаптардың үлесі, бақылау тобындағыға қарағанда жоғары. Бұл жалпы химия пәнінен модульдік технологияны қолданудағы білімдердің тиімді меңгерілгендігін көрсетеді.
1-кесте. 1-курс білім алушыларының эксперименттке дейінгі бақылау жұмысын талдау нәтижелері
-
№ | Деңгейлер | Экспериментке дейін | 1 | Жоғары | 28,3 % | 2 | Орта | 21,2% | 3 | Төмен | 50,5% | 4 | Білім алушылар саны | 86 |
Достарыңызбен бөлісу: |