Рамазан Елебаев (1910, Акмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Құдықағаш ауылы 4 қараша, 1943, Ресей, Ново - Сокольники қаласының маңы) – композитор.
Өмірбаяны. Атақты сазгер Р. Елебаев 1910 жылы Башқұртстандағы бір елді мекенде Сәлима атты башқұрт қызынан туылған. Әкесі Елебай баласы Ержан Еңбекшілдер ауданының қазіргі Құдықағаш ауылының жанындағы орман қойнауында Өтей деген ауылда өмір сүріп, сол жерде жерленген. Руы – Ақсары керей. Ұлы Біржан салдың аталас інісі болып табылды.Башқұртстанға кәсіп іздеп барған Ержан 1919 жылыкөктемде жеті жасар Рамазанды ертіп елге оралады. Сәлима сол жақта қалады да, көп кешікпей Ержан Зейнеп деген қазақ қызымен отбасын құрады. Сол Зейнептен жалғыз қарындасы Қанипа туады. Қазіргі уақытта туған елі Құдықағаш орта мектебіне Рамазан Елебаев аты берілген. Мектеп жанында Республикалық халық ағарту ісінің үздігі, ақын Жамаш Нұралыұлының жетекшілігімен ашылған шағын мұражай жұмыс атқарады.
1928 – 1929 жылдары Орынбор қаласында жұмысшылар факультетінде оқыған.
1930 жылы Алматыда құрылған Қазақ атты әскер полкінде әскери борышын өтеді.
1931 жылы Қазақ драма театырының актері болды.
1933 жылы қысқа мерзімді сақшылар курсын бітіріп, Лепсі шекара күзетіне қызметке жіберілді.
1934 жылы Алматы медицина институтына оқуға түседі.
1937 жылы жолдамамен Мәскеу консерваториясына оқуға түскен.
1942 жылы майданға аттанады. Ол Панфилов дивизиясының атқыштар полкінде ұрысқа қатыса жүріп, әскер қатарындағы әнші - өнерпаздардан концерттік бригада ұйымдастырады. Елебаев әндері майдандағы сарбаздарды ерлікке жігерлендірді.
Шығармалары.
1930 жылы «Жолдастар» әнін шығарған.
1935 жылы Қазақстанның он бес жылдық төл мерекесіне арнап «Қазақстан» әнін шығарған.
1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне арнап «Қуанышты жолсапар» әндерін жазады.
1942 жылы Елебаевтың Бородино түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапқан майдандас досы Төлеген Тоқтаровқа арнаған әйгілі «Жас қазақ» әні дүниеге келді.
Достарыңызбен бөлісу: |