Педагогикалық кадрларды аттестациялауды ұйымдастыру
Аттестация педагогикалық кадрлардың білім беру қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін дамыту үшін ең маңызды стимул болып табылады.
Білім сапасын қамтамасыз етудің шешуші факторы-педагогикалық кәсіби біліктілігі. Осыған байланысты педагогтар мен басқарушы кадрларды аттестациялау ұстаздың кәсіби өсуіне, оның педагогикалық еңбегінің жемісті болуына әсер етеді. Аттестацияның қажеттілігі айдан анық, өйткені оның барысында ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің деңгейі ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар перспективалық бағыттар айқындалады.
Педагогтарды аттестациялау педкеңес бекіткен жоспар бойынша және мұғалімдердің өз кәсіби біліктілігін растау немесе көтеруге берген өтініштеріне сәйкес, 1 қазаннан бастап 30 сәуір аралығында жүзеге асырылады.
Аттестация екі кезеңнен тұрады: өз талдау қызметкерлері және эксперттік комиссияның сараптамалық талдауы.
2016-2017 оқу жылында аттестациядан 9 педагог өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |