23.Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы. Қан ағысының жылдамдығы Қан ағысының жылдамдығы үш түрлі өлшеммен сипатталады : көлемдік , сызықтық және қан айналымының толық мерзімі . Қан ағысының көлемдік жылдамдығы деп тамыр түтігінің тұрақты диаметрі арқылы белгілі уакыт ішінде өтетін қан көлемін айтады . Қан ағысының көлемдік жылдамдығы тамырдың бас жағымен аяқ жағындағы қысымдарының айырмасына және тамырлардың шеткей кедергісіне байланысты.яғни қан ағысының көлемдік жылдамдығы тамырлар жүйесінің қай бөлігінде болса да , бірдей болуы шарт , әйтпесе белгілі бір тамыр қанға толы болса , екінші бір тамыр суалып қалады . Әдетте ондай жағдай кездеспейді . Бірақ әрбір ағза арқылы өтетін қан мөлшері бірдей емес , ол сол ағзадағы қантамырларының санына тамыр түтігінің көлеміне байланысты . Қан ағысының сызықтық жылдамдығы деп қан тамшысының бір секунд арасында өткен жолын айтады, Қан ағысының сызықтық жылдамдығы кан тамырының ортасын да , қабырғасына таяу жерінде бірдей болмайды . Дегенмен де сызықтық жылдамдык орташа көрсеткіш болып есептеледі . Тамыр неғұрлым кең болса , қан ағысының сызықтық жылдамдығы солғұрлым баяу болады . Қан айналымының толық мерзімі деп бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақытын айтады . Бұл мерзім сау адамда қалыпты жағдайда 17-25 секундқа тең . Қанның қан шеңберлерін қанша уақытта бір айналып шығатынын шынтақ венасына бояу, радиоактивтік натрий изотопы арқылы білуге болады . Бұл заттардың арасында лобелин жиірек қолданылады . Лобелиннің 1 % -тік ерітіндісінің 1 мл көлемін , қанға құйса рефлекс аркылы тынысты тереңдетеді не жиiлетеді немесе жөтел пайда болады . Осы рефлекстің пайда болу уақыты анықталады . Рефлекс кезінде лобелин араласқан қан кіші шеңберді 3,5-5,4 секунд ішінде бір айналып өтеді .