Құрамы ұғымына түсінік беру; сөз құрамын оқытудың түрлері



бет1/14
Дата02.02.2022
өлшемі81,25 Kb.
#117042
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ана тілі оқыту методикасы қосымша мәліметтер


4-тақырып: Сөз құрамына талдауды үйрету

Жұмысының міндеті:

- сөз құрамы ұғымына түсінік беру;

- сөз құрамын оқытудың түрлері;

- сөз құрамына арналған жаттығу жұмыстарының тиімділігі;

- сөз құрамын оқытуда ойын әлементтерін енгізу;

- жаңаша сабақ беру және оны талдау.

Сөз құрамы - сөз тұлғасы, сөздердің сыртқы түр-түрпаты.Тілімізде сөздер бір бүтін тұлға ретінде қарал-ғанмен, олар мағыналы бір немесе бірнеше бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі -түбір.Сөз тудыратын, сөз жалғанатын қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы: ег-ін, егін-ші, егінші-лік сөз-дері "ек" түбіріне жұрнақтар-ін, -ші, -лік қосу арқылы жасалған. Ал "өнеркәсіп" сөзі екі түбірдің бірігуінен, "ата-ана" сөзі түбірдің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер осындай сыртқы тұлғасына, яғни құрамына қарай: түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді сөз құрамы деген ұғымға түбір сөзге жалғанатын жалғаулар жатады. Бірақ бұлар сөз емес, сөздің морфологиялық құрамының бөлшектері. Қазақ тілі сөздердің морфологиялық құрамына қарай жалғамалы тілдер тобына қосылады.

Сөз құрамы тақырыбы - бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар, қиын мәселе. Сөздің мағыналы бөлшектерінің ұғымын жетік меңгеру

процесі оқушылардың абстракциялы ойлауын дамытып, тіл фактілерін бақылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. Ал морфемаларды оқып білудің, толық меңгерудің маңыздылығы мынадай:

1. Сөздің морфологиялық құрамына талдау жұмысы және жаңа сөз

жасау жаттығулары оқушының логиклық ойы мен тіл байлығын дамытады.

2. Сөз құрамы жөніндегі теориялық материалмен бастапқы танысу балалардың тіл туралы білімін кеңейтеді.

3. Сөз құрамын зерттеу - оқушыны орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз болады.

4. Сөз құрамын меңгерту мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру, оқушылардың сөзтануға деген назары мен ынтасын аударады.

Сөздің мәніне терең түсініп, дұрыс қолданабілуге, сөз мағынасы мен формаларының ара қатынасына зейін аударуға дағдыландырады.

Сөз құрамын меңгерту жұмысында төмендегідей мақсат-міндеттер алға қойылады:

1. Көзделген мақсатқа сәйкес ұйымдастырылатын жүйелі практикалық жұмыс процесінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды

саналы меңгерулері қамтамасыз етіледі.

2. Оқушыларды сөзді бөлшектеп талдауға машықтандырады, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары

жасатылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден, ал түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйретіледі.

3. Оқушылар орфографиямыздың морфологиялық принципті мәнімен таныстырылады. Бұл білім терминді атамай-ақ тәжірибелілік жұмыс арқылы беріледі.

4. Оқушыларға жазу ережелерінің негіздері ұқтырылып, өз сөздерінде өте жиі қолданатын қосымшалар жөнінде түсінік беріледі.

Бастауыш сыныпта сөздің лексикалықграмматикалық тобы, яғни сөз таптары туралы ұғым өтілмейді, бастауыш сыныптарда оқытылатын қазақ тілінің мазмұны, негізінен мыналардан тұрады:

- Қазақ тілінің дыбыстың құрылысы мен дыбыстық таңбалануы туралы фонетикалық және грамматикалық білім;

- Сөздердің түрленуі және сөйлем ішіндегі байланысуы жолдары туралы грамматикалық білім.

- Сөздердің морфемалық құрамы мен сөз жасау тәсілдері туралы білім.

- Сөздердің лексика-семантикалық тобы туралы лексикологиялық білім.

- Дұрыс жазу және тыныс белгілерін дұрыс қоя білу туралы

орфографиялық және пунктуациялық білім.

Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқытудың басты әдісітілдік фактілерді бақылату және талдау. Бұл оқушылардың ойлау қызметін күшейтеді. Оқушылардан ереже мен анықтамаларды саналы түрде түсіну әрі есте сақтау талап етіледі. Жаттығу орындау арқылы тиісті ережені дәлелдеу, тұжырымдау жұмысы жүргізіледі. Сөйтіп, оқушы ережені білумен бірге оны өздігінен мысал келтіріп дәлелдеуге үйренеді. Бұл үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытып, өтілген тақырыптан өздіктерінен қорытынды шығара алатын етіп қалыптастыру керек. Бұл жөніндегі К.Д. Ушинскийдің "Оқушы тілдік құбылыстарды мұғалімнің басшылығымен өзі байқасын, грамматикалық ережені немесе ұғымды, мүмкін болғанынша өздері қорытсын, балалардың ой -өрісін жетілдіру үшін грамматиканық басты мәні де осында" деген пікірі әлі де өз мағынасын жойған жоқ. Сөйтіп, тіл сабақтарында оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа ажырауды үйренеді. Сөйлем құрамындағы сөздерді синтаксистік қызметіне қарай сөйлем мү-шелеріне, лексикалық мағыналарына қарай сөз таптарына ажырата алатын болады, сөз құрамы жайындағы түсінік алады, өз бетімен сөйлем құрап жазуға, өз ойын ауызша да, жазбашада дұрыс айтып жеткізуге дағды-ланады.

Қазақ тілінің фонетикасы төрт сыныпта да өтіліп, онда оқушылар дыбыс, әріп, олардың мәні, жазу емлесі, алфавит, буын және тасымал жөніндегі бастапқы ұғымдармен танысады. Бірінші сыныпта әліппеге дейіңгі кезеңде сөз туралы түсінік беріледі. Сөздің жеке дыбыстардан құралып, белгілі бір мағынаны білдіретіні, сөзге дыбыс-тық талдау жасау, дыбыстардың дауысты, дауыссыз түр-лері, сөздерді буынға бөлу, сөздегі буын санының әртүрлі болатыны, сөздегі дыбыстарды тиісті белгілерімен ажырата көрсетуге үйрету, модельдеу арқылы өтілген дыбыстарды қатыстырып сөз құрату, т.б. осы кезеңде түсіндіріледі. Ал әліппе кезеңінде сөз туралы берілген ұғымды ескетүсіріи, бекіту козделеді. Сөздіңбелгілібірзаттың,құбылыстың, сын-сапанық, қимылдың атауы екенін түсіндіреді. Нақты мысалдар арқылы сөздің лексикалық мағынасын байқатып, заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздер туралы жалпы түсінік беріледі. Әліппені оқыту кезінде сөзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды ажыратып үйренеді. "Дыбыс пен әріп" тақырыбы бірінші сыныпта ерекше орын алады. Сондықтан бұл тақырыпты меңгертуге бірінші сыныпта ұтымды әдіс-тәсілдер барынша қолданылуға тиіс. Бұл тарау грамматиканы оқуға көшкенде де практикалық жолмен өтіледі. Бұл кезеңде, жоғарыда айтылғандай, балалар дұрыс айтып, буынға бөліп, сөз құрамындағы дыбыстарды айырып, жазған кезде ол дыбыстарды әріппен таңбалай білуге үйретіледі. "Дыбыс пен әріп" тақырыбы әліппе кезеңінде өтілген материалды қайталаудан басталады. Қайталау ерекшелігі тәжірибелік жаттығу жұмыстарын орындату арқылы айырып, тануға болатын жеке сөздегі дыбыстарды тыңдату, айтып жаттығу тәсілдерімен меңгертіледі. Дыбыстың сөзді құрайтыны, әрі сөз мағынасын өзгертіп, түрлендірілетіні түсіндіріледі. Дыбыстық сөз мағынасына әсерін практикалық жұмыс арқылы түсіндіруге болады. Ол үшін қосу және алу әдістері қолданылады. Тиісті сөзге тағы бір дыбыс қосқанда немесе сөзден бір дыбысты алып тастағанда, сөз мағынасы өзгеріп түрленетіні байқалады. Сөздегі басы артық, қажеті жоқ дыбыс болмайтыны белгілі. Сөздегі дыбыс санын көбейту жолымен ойын түрінде қызғылықты етіп түсіндіру төсілін де қолдануға болады. Мысалы, а десе -дыбыс, егер біреу есіміңді атағанда "а" деп жауап қайырса - сөз мөнінде жүреді. Енді осы а-ның үстіне бір-бірлеп дыбыс қосып атау жолымен әр алуан мағыналы сөздер жасауға болады:

А а, Ат, ата, атақ, атағы (сөздер).

Дыбыс пен әріп әліппе кезеңінде үйретіледі. Осы мәселе бірінші сыныпта қазақ тілін оқытуды бастағанда пысықталады. Мұнда "Сөз дыбыстардан құралады" деген ережелер беріледі. 1-сыныпта дауысты дыбыс пен әріп емлесі оқыту бойынша жүргізіледі: мысалы, а-ә дыбыстарының ұқмәні мен ерекшелігін ұқтыру үшін, бір сабақта қатар алынып, екеуінің дыбыстау жолы, естілу бойынша салыстырылып байқатылады. Яғни, тыңдату, айтқызу жолымен бақылатып жаттықтырылады. Осын-дай дыбыстар ерекшелігін таныстыру жұмысында мына сияқты әдістер де қолданылады:

- мысалға алған сөз дыбыс жіктерімен айтылып, талданады;

- жуан, жіңішке дыбыстар қатысып тұрған сөздер мағынасы жағынан салыстырылады;

- сөздердің қалай айтылып, естілетіндігі байқатылады.

- Дауысты дыбыстар ішіне кейде жуан, кейде жіңішке дыбыс орнында қолданылатын У дыбысын өткенде, алдымен, у дыбысының дауысты екендігін дәлелдеуден басталған жөн. Мысалы, жу-сан, о-ңу-шы, бо-лы-су. Мұндағы жу, қу, су буындарын құрап тұрған дыбысының у жуан дауысты болатыны, ал су-рет, бө-лу-ші, кү-ре-су сияқты бірнеше сөзді буынға бөлгенде, оларда-ғы у дыбысының жіңішке айтылып, солай естіліп тұрғаны және буын құрайтын дауысты дыбыс екені балаларға дәлелденеді.

Екіншіден: у дыбысы дауысты болғанда, дауыссыз дыбыстардан кейін тұратынын байқату.

Үшіншіден: жоғары сөздердегі у дыбысының сөздің бас, орта, соңғы буындарында қолданыла беретіні байқатылып, ұғындырылады.

Төртіншіден: у дыбысының дауысты дыбыстан соң келгенде, дауыссыз дыбыс қызметінде жүретіні мысал арқылы түсіндіріледі.

"Сөз құрамы" тақырыбы екінші сыныптан бастап таныстырылады. Бұл сыныпта сөз туралы берілген білімді еске түсіріп, сөздердің лексикалық мағыналарын байқатып, жуық мәнді және қарама-қарсы мағыналы сөздермен, омонимдермен жұмыс жүргізіледі. Түбір мен қосымша туралы алғашқы түсінік беріліп, олардың бір-бірінен айырмашылығы, қосымшаның жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінетіндігі және олардың әрқайсының өзіндік белгілері жөнінде түсіндіріледі. Сонымен қатар тақырыптарға байланысты, мысал, жалғау мен жұрнақтың айырмашылығын білдіретін жаттығулар беріледі.

Екінші сыныпта оқу жылы басында бірінші сыныпта өтілген материалдың басты тақырыптары қайталанады.

"Қайталау - оқудың анасы", - деп К.Д.Ушинский айтқандай, мұғалімдер қайталау сабақтарын жан-жақты дайындықпен шебер ұйымдастыруға тиіс. Дауыссыз дыбыстар мен олардың әріптерінің жазылу емлесі бағдарламасы бойынша негізінен, осы 2-3-сыныптарда өтіледі. 2-сыныпта дауыссыз дыбыстар оқытылып, дауыссыз дыбыстардың дыбысталу ерекшеліктері бойынша қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіні түсіндіріліп, өтілетін әріптерге байланысты емле ережелері үйретіледі. Мысалы, Б-Т дыбыстарының бірі ұяң, екіншісі қатаң екендігі, б дыбысы сөз аяғында дүдамалдау естілсе де, п әрпі жазылатыны, тек кейбір клуб, штаб секілді сөз соңында б жазылатыны түсіндіріледі, жазып отыр, оқып отыр сияқты тіркестердегі кейінгі сөз басындағы дауысты, ұяң дыбыстың өсерінен жазыб, оқыб болып айтылып және солай естіледі. Сонымен қатар, 2-сыныпта сөз құрамының анықтамаларымен таныстыру әдістемесінде түбір мен түбірлес сөздердің мән-мағынасына айрықша назар аударылады. Түбір сөздің мәнін оқушылар түбірлес сөздердің мағыналық туыстығын білгенде ғана жақсы түсінеді. Сондықтан түбірдің ұғымы түбірлес сөздердің мағыналық өзара байланыстарын бақылату әдісімен түсіндіріледі. Әр түрлі қосымшалардың жалғануымен бір түбірден әрбіген сөздер бір-бірімен салыстырыла талдатылады да, олардың түбірі ажыратылады. Содан кейін түжырым жасалады. Демек, барлық түбірлес сөздерге ортақ бөлім - түбір танылады. Бұл арада сөздің сырт пішінінде, әсіресе оның бастапқы бөлімінде құрылымдық жағынан құсастығы бар сөздерді оқушылардың түбірлес сөздер деп шатастыратынын ескерген жөн. Шын мәнінде, сөздер түбірлес болу үшін, ондай сөздердің барлығына мағынасы ортаң бір сөздің негіз болып тұрғандығы нанымды мысалдар көрсету, талқылау тәсілімен танытылады. Мәселен, бірғана "ор" деген сөзді қосымшалар жалғап түрлендіру жолымен одан тараған түбірлес сөздердің бір тобы - зат есім,

екін-ші тобы - сын есім, үшінші тобы - етістік сөздерге айнал-ғанын танытуға болады:

Үлгі: 1. Ор-Орды қаз. (зат есім). Орлы жер (сын есім). Терең орла (етістік). 2. Ор-Егінді ор (етістік). Егін орағы (зат есім). Орғыш жігіт (сын есім).

Бастапңы бөлімі не буыны сырт формасы жағынан түбірлес сөздерге үңсас болып келетін сөздерді де балалардың түбірлес сөздер қатарына қосып, жаңылысатынын ескерген жөн. Мысалы, Орман-тоғай арасында. Орта бойлы жігіт келеді. Бұрын барсаң - орын бар, - деген сөйлемдерде орман, орта, орын сөздерінің әрқайсысы жеке-жеке мағыналары бар дербес түбір сөздер екені таны-тылады. Демек, ол сөздердің түбірі "Ор" болғанымен, түбірлес сөз емес екенін түсіндіру керек. Осындай баңылау материалдарын тақтаға оқушылардың алдында көзбе-көз жазып, талқылатса, не плакат түріндегі кесте арқылы баңылатса, не кодоскоп тәрізді техникалық құралдарды пайдаланып көрсетсе, балалар әрі нанымды, әрі тартымды өсер алады. 2-сыныпта "Сөз құрамы" тақырыбын таныту жұмысы әуелі балалардың 1 -сыныпта оқыған білімдерін еске түсіріп, оқушылардың ойын жаңғыртып, сол мағлұматтарына байланыстыра жүргізуден басталады. Бұл сыныпты сөз құрамы мынадай түрде: түбір сөз, яғни, негізгі түбір, қосымшалы сөз, қосымша, бір түбірге қосымшаны жуан,не жіңішке болыпжалғанатын емлесі, қосымшаның жұрнақ, не жалғау болып екі түрге бөлінетіні, қосымшалардың сөзге жалғану тәртібі өтіледі.Түбірмен таныстырғанда, мысалға алынатын сөздің оқушылар ұғымынажаңын заттың атын білдіретін сөздер болуы ескеріледі. Ал қосымшалардан оқушылардың кәріп байқауына айқын, мағынасы жеңіл, тез түсінуге қолайлысы көптік жалғаулар болғаны дұрыс. Соған орай оқулықтың алғашқы жаттығуында, мысалы: гүл-гүлдер, күн-күндер сөздерін салыстырып, олардың мағыналары мен құрылысы жөнінен айырмашылықтарын таптыруға ұсыну орынды.

Үшінші сыныпта сөз құрамы жайында 2-сыныпта бе-рілген ұғымдарды жинақтап, бекітеді. Қосымша жалғанғанда түбір сөздің көбінесе өзгермеуі, қосымшалардың сөздегі соңғы буынмен үндесіп жалғанғанда кейбір сөз түрлерінің соңғы дыбысының өзгеруі, немесе түсіп қалуы туралы түсініктеме беріледі. Түбір сөз және туынды сөз, негізгі түбірге жұрнақтар қосылуы арқылы ту-ынды сөз жасалатынын меңгерту. Түбірлес сөздер, бір түбірден жасалған сөздің түбірлес сөз деп аталатыны жөнінде түсіндіреді.Төртінші сыныпта сөз құрамынан өткізілетін негізгі бағдарламалық тақырыптар: күрделі сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер және қысқарған сөздер. Бағдарлама біріккен сөздердің жасалуы, оның жиірек кездесетін түрлері және біріккен сөздердің жазылуы жөнінде практикалық дағды бойынша білім беруді талап етеді.

Ал оқулықта: "Екі түбірден құралған сөзді біріккен сөз дейміз. Олар бірігіп жазылады", деген анықтама айтылады да, аққу, күнбағыс, т.б. сөздер мысалға беріледі. Бұл сөздердің тиісінше ақ және қу, күн және бағыс деген екі сөзден бірігіп жасалғанын айтып түсіндіріп, жазып көрсету арқылы үйретіледі. Біріккен сөздерді оқығанда, көңіл бөлінетін мәселе - олардың жазылу емлесі. Біріккен сөздердің жазылу емлесінен Бұл сыныпта төмендегі төрт жағдай ескеріледі:

1. Жалпы біріккен сөздердің құрамына енген сөздер-дің қосылып жазылатындығы.

2.Кейбір бірігіп жазылатын екі сөз аралығындағы к, қ, дыбыстарының г, ғ, дыбыстарына айналып айтылатыны, бірақ жазғанда, түбірдегі бұрынғы қалпы сақталып к, қ дыбыстарының жазылатыны - көкжиек, қарақұс тәрізді сөздердің көкжиек, қарағүс болып айтылуын байңату, жаздырып дағдыландыру әдісімен түсіндіріледі.

3. Біріккен сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келгенде, бір дауысты дыбыс арқылы айтылып, алдыңғы дауысты дыбыстың естілмейтіні, дегенмен жазғанда, түбірлер өзгермей екі дауысты дыбыстың да қатар жазылатыны ұқтырылады.

Мысалы: Сарөзен, Қарарна болып айтылып, Сары өзен, Қара арна түрінде қатар екі дауысты арқылы жазылады.

4. Бірқатар бөлек жазылатын тіркес сөздердің емлесін оқушылардың есінде сақтау үшін, әр түрлі тапсырма жұмыстары орындатылады. Мұғалім оқушыларға сөз тіркесін біріккен сөздерден ажырата білуді, олардың жазудағы бөлек жазылатын емлесін практикалық әдіс қолданып меңгертеді.Сонымен қатар 4-сынып оқушылары қос сөз ұғымымен және оның жасалу жолымен танысады. Осы сынып балаларының түсінуіне қолайлы деген үш түрлі жасалу жолдары - бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және күшейтпе буын арқылы бөлек жазылатын емлесі үйретіледі. Сонымен бірге балалардың оқуын қа-лыптастыру, сөйлеу шеберлігін жетілдіру үшін, қос сөз-дердің бір сөз сияқты бір түйдек екпінмен тұтас оқылатын, айтылатынынбайқатып, жаттықтырылады. Мұғалімдер сабақ материалын өздері байытады. Қолдан жасаған көрнекі құралдарын да, талдауға алған мысалдарын да, қос сөздердің мысалдарын басқа өдебиеттерден пайдаланады.

Бағдарламада талабы бойынша қос сөздердің семантикалық, лексикалық мөндерін ашыпкөрсетеді. Сөйтіп, оқушылардың сөздік қорын байытады, тіл байлығын арттырыды, логикалық ойлау мен дүниетанымын жетілдіреді. 4-сыныпта оқылатын қысқарған сөздер тақырыбын өткенде әдістемелік жағынан ескерілетін мынандай мәселелер бар:

1. Оқушыларға сөзді қысқартып қолданудың практикалық жағынан артықшылығын аңғарту керек.

2. Қысқарған сөздердің бас әріптерден жасалатын түрлерін (ТМД, БҰҰ) әріп аттарымен айту, оқыту арқылы жаттықтыру арқылы практикалық дағды беріледі.

3. Бас әріппен жазылатын және кіші әріптермен жазылатын сөздің бірінші әріптерінен қысқарған сөздердің емлесін түсіндіруге ерекше жаттығулар жасатылады, оларға лайық біраз мысалдар өздеріне жаздырылып, жаттатылады.

4.Қысқарған сөздердің мағыналарын дұрыс ұқтыру үшін олардың толық түрін айтқызып, жазғызып, білімін бекіту жұмысы жасатылады. Толық сөздерден қысқарған сөздер жасатып та дағдылық жұмыстар орындаты-лады. Қысқарған сөздердің негізінен орыс тілінен енген сөздерде кездесетінін де ұқтырған жөн.

"Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы ой. Ақылды ой, алғыр сөз -адамның ең жоғары қасиеті", - дейді жазушы ағамыз Ғ.Мұстафин. Сөз - сөйлем құраудың материалы болып табылады. Сондықтан Бұл тарау бойынша жұмыс жүргізгенде, оқушы сөйлем ішіндегі керекті сөздерді дұрыс танып, ал сөздерге сұрақтарды дұрыс қоя алатын болуы тиіс. Сұрақ қойылған сөздер әдетте екінші сөзбен үласып жатады, яғни байланысты болады. Оқушыларды сұрақ қоя білуге үйреткенде осы жағдай ескерілгені жөн. Сонда оқушылар біртіндеп сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс түсінетін болады.

ІІ Бастауыш сыныптарда "сөз құрамы" тақырыбын өткенде, алдымен морфемалардың өзіндік белгісі практикалық жұмыс жүзінде аңғартылады, содан соң грамматикалық белгі ұғымының анықтамасы түсіндіріледі, ақырында жаттығулар арқылы танылған ұғымдар, ережелер бекітіледі 1-сыныпта әр тақырыпқа байланысты жаттығулар бергліп отырылады. Әр жаттығудың тапсырмалары да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, мысалы, "сөз" тақырыбын өткенде, сөзге дыбыстық тал-дау жасап, буынға бөлу тапсырмалары берілген. Сөздің белгілі бір заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді түсіндіре отырып, олардың қандай сұраққа жауап беретіндігі жөнінде жалпы түсінік беріледі. Осындай әр түрлі бағыттағы жаттығулар, тапсырмалар оқушылардың сөз байлығын молайтып, тілін дамытып отырады.

Ал 2-сыныптағы "Сөз және оның құрамы" тақырыптары бойынша жалпы барлығы жетпіс екі жаттығу берілген. Әр тақырыптың жаттығулары тақырыпқа сай, оқушылардың сабақты түсініп, меңгеріп кетуіне ыңғайлы, жеңіл түрде құрылған. Жуық мәнді және қарама-қарсы мағыналы сөздермен, омонимдермен жұмыс жасау, жалғау және жұрнақтың айырмашылығын білдіретін жаттығулар орындау, сөз бен сөйлемді салыстыру, сөзді қатыстырып сөйлем құрау, сөздердің түбірін табу, сөздерді сөз құрамына талдау, түбір сөзді қосымшалы сөзге айналдыру, сөздегі жалғанған қосымшанық жұрнақ не жалғау екендігін ажыратабілу, т.б. бағытта жаттығулар түрі көп. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында күрделірек және шығармашылық тапсырмалар көптеп берілген. Тақырыпқа байланысты ережелер де оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту мақсатын көздейді."Сөз құрамы" тақырыбына 3-сынып бойынша барлығы 64 жаттығу берілген. Тапсырмалар тақырып көле-мінде қамтылып, атап айтқанда, түбірден қосымшанық айырмашылығын айтқызу, қосымшалы сөздің түбірін тапңызу, оған қосымшанық қай түрін қосылып тұрғанын айтқызу, түбір сөздерге жұрнақ қосқызып, жаңа сөз жасату, туынды сөз бен түбір сөзді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызу сынды жаттығулар оқушылардың тақырыптарды толық меңгеруіне себепші болады.

Төртінші сыныпта "Сөз құрамы" тарауы бойынша жетпіс бір жаттығу берілген. Әр тақырыптың ереже, анықтамалары орнымен жазылған. Жаттығулар мен тапсырмалары да толық тарауды қамтиды. Мысалы, антоним, синоним сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін табу, оларды қатыстырып сөйлем құрау, бір түбірді беріп, екіншісін ойдан тапқызып біріккен сөздер жасату, мәтіннен біріккен сөздерді тапқызу, берілгенмәтіннен қос сөзді тапңызу, олардың қалай жасалғанын айтқызу, әңгімеден қысқарған сөздерді тауып, қалай жасалып тұрғанын, емлесін айтқызу, т.б. секілді тапсыралар көптеп кездеседі.

Жалпы төрт сынып бойынша да жаттығулар, тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған. 4-сынып бойынша, яғни 1-сыныптан 4-сыныпқа жоғарылаған сайын тақырыпқа байланысты жаттығу мен тапсырмалар да күрделене береді. Оқушылар қай тақырыпты болсын толық меңгеріп кетуі жаттығулардың тиімділігіне байланысты. Оқушылар бұл тақырыптарды толық меңгеріп, түсініп кетуі мұғалімнің шеберлігіне де байланысты.

Бастауыш сыныпта "Сөз құрамы" тақырыбын өту барысында оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдаланып және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысындағы

алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері тақырыпты сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.

Ойын Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыланады. Ойланғыштық, ізденгіштілік қабілеттерін арттырады, соз қорларын молайтуларына көмектеседі. Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану Оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік туғызады. Ойын элементтерін 1-4 сыныптарда әр мұғалім күнделікті сабақтарында "деректен - дерексізге", "жеңілден-ауырға", "жақыннан-алысқа" деген принципті негізге алып пайдаланып, бірте-бірте күрде-лендіре жүргізуіне болады. Грамматикалық ойынмен бастауыш сыныптардағы Қазақ тілі сабақтарында қайсысына болсын аз-кем өзгеріс енгізуге болады. Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа тақырыптар түсіндіру, өткенді қайталау кезінде 2 -5 минуттың уақыт көлемінде жүргізіледі. Сабақ үстінде ойын элементтерін орынды, оқылып отырған тақырыпқа лайықты баланық білімін үштай түсуіне пайда келтірер-ліктей етіп жүргізе алу мұғалімнің шеберлігіне байла-нысты. Мысалы: бастауыш сыныптарда "Сөз құрамын" оқыту барысында. "Қай сөзді жоғалттым?", "Бос торды толтыр", "Неқажет?",т.б. ойындарынойнатуғаболады.

"Қай сөзді жоғалттым" ойыны

Бұл ойын 1, 2, 3-сыныптарда сөз құрамы, сөз таптары және сөйлем туралы сабақ өткізген кезде жүргізіледі.

"Қай сөзді жоғалттым" ойынына бір сөзі кем. Сара тепті. Сәуле тау көрінді. Құралай қызық ....оқыды.

...... балық аулады. Торғай бүтаңңа , секілді тақырыптың мазмұнына сай бірнеше сөйлемдер дайындалады.

Сонымен қатар, осы сөйлемдерге қажетті сырғанақ, салды, биік, кітап, балықшы, қонды сияқты жеке сөз топшамалары да жасалады. Ойын төртібі, сынып Оқушылары партадағы отырған орындарына қарай екі топқа бөлінеді. Сөйлем ішіндегі жоғалған сөздерді қай топ көп әрі дұрыс тапса, сол топ көп үпай алады.

1. Сөздерін жоғалтңан сөйлемдер жазылған топшамалар ойынға қатысып отырған екі топтың оқушыларына бірдей мөлшерде таратылып беріледі. Әр Оқушы өз қолындағы сөйлемнің жоғалған сөздерін тауып, толықтырып дәптеріне жазады. Мұғалім әр топтан қанша оқушылардың дұрыс тапңанын анықтайды. Ойынды дұрыс орындаған оқушылар тобы ұтады.

2. Тақтаның ені жағына сөздерін жоғалтңан бірнеше сөйлем топшамалары ілініп қойылады. Сол сияқты мұғалім үстелінде дежекесөзтопшамаларыболады. Оқушылар сөйлемдегі жоғалған сөздерді іштерінен ойлап табады. Мұғалім шақырған оқушы жеке сөз топшамаларынан жоғалған сөзді тауып, тақтадағы сөйлемдерді толықтырады, өтіліп отырған тақырыпқа байланысты ережені де айтып береді. Осы төртіппен барлық топшамадағы жоғалған сөздер табылған соң, мұғалім қорытынды жасап, қай топтың жеңіп шыңқанын хабарлайды. Мұнда да жасалған сөздерді көп тапқан, тиісті ережені дұрыс айтып берген Оқушылар тобы ұтып шығады.

"Бос торды толтыр" ойыны

Тор көздің ішіне керекті әріптерді қойып, сөздер құрау ойыны оқушыларды тапқырлыққа, ойлай білуге, өз беттерімен жұмыс жасауға баулиды. Ойынға арналған бірнеше тор көзді топшамалар жасалынады, топшамада тордың бір көз, әріп жазылмай ашық беріледі, қалған көздерге тиісті әріптер жазылады.

Ойын тәртібі, оқушыларға топшамалар тапсырылып беріледі немесе тақтаға ілінеді. Оқушылар ашық торкөздерге дыбыстардың үйлесіміне сәйкес әріптер қойып, сөздер құрайды. Тор көздегі сөздерді көлденеңінен оқы-ғанда мағыналы сөздер шығуы шарт. Мына топшамадан көлденеңінен оқығанда, ана, тал, ара, ал тігінен оқы-ғанда ата, нар, ала деген сөздер шығады. Ал мына топшамадағы бос орынды әріптер қойып толтырғанда көлденеңінен, ақаш, тана, алар, қара сөздері құралады. Топшамадағы бос орынға қажетті әріптерді қай оқушы тез және дұрыс қойып, сөздерін айтып бере алса, сол оқушы ұтады.

"Не қажет?" ойыны

Бұл ойын 1 -сыныпта сөз және оның құрамы, түбір және қосымша, сөйлемдегі сөздердіңбайланысы, 2-сыныпта сөйлем, 3-сыныпта жай сөйлем тақырыптарын өткен кезде жүргізіледі.

"Не қажет?" ойыны сөйлемдегі сөздердің негізгі түбірлеріне қосымшалар, яғни жалғау жалғану арқылы ғана бір-бірімен байланысты болатынын ұқтыру үшін қажет. Ойынға сөйлем ішіндегі сөздердің тиісті қосымшалары қалдырылып беріледі. Мысалы: Балалар серуен шық. Олар орман іші - кел -. Биік өскен ағаш - көрін -деген секілді бірнеше топшамалар жасалады.Ойын тәртібі

1. Ойынға қатысушы оқушыларға қосымшалары қалдырылып кеткен топшамалар үлестіріліп беріледі. Әр оқушы өз топшамасындағы сөйлем сөздерінің қалып қойған қосымшаларын тауып, дәптерлеріне жазуға тиіс.

2. Ойынға қатысушы оқушылар 2 топқа бөлінеді. Қосымшалары қалдырылып кеткен сөздері бар сөйлем топшамалары тақтаға ілінеді. 2 топтың да оқушылары да тақтадағы топшамадағы сөйлемдердің ішіндегі сөздердің қалып қойған қосымшаларын тез әрі дөл табуға кіріседі. Қай топтың оқушылары жылдам әрі дұрыс тапса, солар жеңеді. Осындай танымдық ойындар арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығы оянып, білім нәрімен сусындайды.

Таза ғылыми тұрғыдан алғанда Бұл тақырып аясында берілетін мағлұматтар тіл білімінің морфология тарауы-на енбейді. Бірақ тілдің бір

тұтас дұрыс екенін ескерсек, оның ғылыми еңбектерде "лексика", "морфология", "синтаксис", т.б. тарауларға бөлініп зерттелуінің өзі шартты. Әрі Бұл тараулардың бірінде оқытылатын мағлұматтарды меңгермей тұрып, екіншісіндегі ұғымдарды түсінуі қиын. Мәселен, сөз мағыналарын түсінбейтін оқушы ол сөздің құрамын қалай талдай алсын. Сөз құрамының түрлену заңдылықтарын білмейтін бала сөздерді қалайша тіркестіріп сөйлем құрай алады? Бастауыш сыныптарда тіл білімінің "лексика" тарауы арнайы оқытылмайды. Сондықтан бастауыш сынып оқушылары өздері оқыған дыбыстардан сөз құралатыны, ол сөздердің әр түрлі мағыналық ерекшеліктері болатыны жөнінен аз да болса мағлұмат алуы қажет. Бұл тақырыптарға арналған сабақтардағы мақсат балалардың бұрынғы білім-дерін жинақтау, тілдегі жаңа құбылыстарды байқату, меңгерту арқылы бірте-бірте олардың іс жүзілік дағдыларын дамыту болып табылады.

Біз осы мемлекеттік машық кезінде осы "Бастауыш сыныптарда сөз құрамын оқытып үйрету" курстық жұмыс тақырыбы бойынша әр түрлі бағытта жұмыс жасап, яғни сөз құрамына байланысты түрлі әдістерді қолданып, 3 сыныпқа сабақ бердік. Мұндағы негізгі мақсатымыз -жақаланған бағытта сабақ беру арқылы, яғни оқушыларға сөз құрамын оқып үйренуді олардың қаншалықты меңгеріп, түсінгендігін, білім сапасын, сонымен қатар өзіміздің де тәжірибемізді тексеру еді. Төменде осы мақсаттарды жүзеге асыру жолдары көрсетілген сабақ үлгісін ұсынып отырмыз:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет