қосымшаның жұрнақ пен жалғау болып екіге бөлінетінін меңгерту керек.
Міне, осы арада қиындық туатыны сөзсіз. Оқушыларға жұрнақ пен жалғауды
айыра алатындай бастапқы білім берудің дұрыс жолдарын қарастырған
мұғалім ол қиындықты да жеңе алады. Сөзге жұрнақ жалғанғанда, оның
бұрынғы мағынасы өзгеріп, басқа затты білдіретіні, жалғау жалғанғанда,
сөздер ондай өзгеріске ұшырамайтынын нақты мысалдар келтіре отырып,
салыстыра түсіндірген жөн.
Оқу жоспары мен бағдарламалық талапқа сәйкес жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі пәнінен сөз жасалымын оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен принциптері Сөзжасамды оқыту әдіс-тәсілдері. Қазақ тілінің сөзжасам тарауын оқыту жайында әдіскер ғалымдардың пікірі. Сөзжасамды оқытуда қолданылатын жаңа инновациялық технологиялар және оларды басшылыққа ала отырып оқушы бойындағы дағдыларды қалыптастыру жолдары. Жаңа технология страгегияларын қазақ тілінің сөзжасам сабақтарында тиімді қолдану жолдары.
Бақылау сұрақтары:
1.Сөз құрамын талдау мен сөз жасамын талдау, бұлардың ұқсас және
айырмашылық жақтары қандай ?
2. Сөз жасамын оқытуға қандай көрнекі құралдар мен техникалық
құралдарды, сөздіктерді пайдаланған тиімді болады деп ойлайсыз?