Грамматикалық ұғымдарды меңгерту
Мектепте сөз жасалымын оқытудың маңызы, мазмұны, міндеттері мен Сөз жасалымын сөз таптарымен, орфографиямен, тіл мәдениетімен және стилистикамен байланыста оқыту. 3. Сөзжасамды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер және оларды қолдану жолдары. Сөзжасамды меңгерту жұмысында төмендегідей мақсат міндеттер алға қойылады: 1.Көзделген мақсатқа сәйкес ұйымдастырылатын жүйелі практикалық жұмыс үрдісінде оқушылардың түбір, жұрнақ, жалғау деген ұғымдарды саналы меңгерулері қамтамасыз етіледі. 2.Оқушыларды сөзді бөлшектеріне талдай алу іскерлігіне, дағдыларына машықтандырады, яғни сөздің түбірін, жұрнақ, жалғауларын табу сияқты көптеген жаттығу жұмыстары жасатылады. Сөйтіп, түбір формасы бірдей, мағынасы басқа сөздерді түбірлес сөздерден; ал түбірлес сөздерді омонимдер мен көп мағыналы сөздерден ажырата білуге үйретіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |