Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы



бет41/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020

Қозу ырғағының трансформациясы.Жүйке орталығы арқылы қозудың өтуі кезіндегі әсер ету потенциалы жиілігінің өзгерісімен жүзеге асады. Бірнеше механизмдері болуы мүмкін. Жүйке орталықтары өздеріне келген импульстер ырғағын өзгерте алады, трансформациялайды. Сол себептен де жүйке орталығының жұмыс мүшесіне жіберетін эфференттік импульстері белгілі шамада тітіркендіру сипатынан басқаша бола алады. Афференттік жүйкеге түскен бір стимулға жауап ретінде жүйке орталығы жұмыс мүшесіне қозу импульстарының тобын жібереді. Жүйке орталықтарынан шеткі жұмыс мүшелеріне секундына 50-200 жүйке импульстары түседі.

ПО для дистанционного обученияСкачать бесплатно программу видеосвязи для дистанционного обучения и работы. trueconf.ru Яндекс.Директ18+Купить автокран КрАЗ Силач КТА-25На базе шасси КрАЗ-63221 (вездеход). Год выпуска: 2009. Новый, без пробега. Звоните! zkk.kz 

Жүйке орталықтарының тонусы. Қызмет атқаратын мүшенің тонусына байланысты болады. Жүйке орталықтарының тонусын сақтап тұратын қызмет атқаратын мүшеден афферентация маңызды орын алады. Мүшелердің деафферентациясы қозғалыс орталықтарына сай тонустар мен қаңқа бұлшықеттерінің тонусының төмендеуіне әкеліп соқтырады (Бронжестің тәжірибесі). Орталық жүйке жүйесінде биоэлектрлік құбылыстарды зерттеуден мынадай ерекшілік анықталды: тыныштық күйде болғанның өзінде жүйке орталықтарынан, ондағы нейрондардан ылғи да белгілі жиіліктегі жүйке импульстері шығып шеткі мүшелерге қарай бағытталып отырады. Сондықтан да олардың тұрақты тонусы (қозу күйі) болады деп есептейді.
Жүйке орталықтарындағы суммация.Уақыт бойынша суммация және кеңістік суммация болып бөлінеді.
Уақыт бойынша суммация бір синапс шегінде ғана жүруі мүмкін. Оның негізінде қоздыратын постсинапстық потенциал (ҚПСП) немесе тежейтін постсинапстық потенциалдардың (ТПСП) жиынтығы жатыр. Тек қозу немесе тек тежеу ғана суммацияланады.
Кеңістік суммациясы бірнеше синапстардың қоздыратын постсинапстық және тежейтін постсинапстық потенциалдардың жиынтығынан құралады. Қозу, тежелу және қозу мен тежелу де бірге суммациялануы мүмкін.
Конвергенция, окклюзия және жеңілдену құбылыстары. Орталық жүйке жүйесіндегі бір нейронда әр түрлі жолдармен жүретін импульстар тоғыса алады. Осыны конвергенция құбылысы деп атайды. Әр түрлі талшықтардағы импульстердің бір нейронда тоғысу кезінде олардың әлсіреуі де (окклюзия), кушеюі де (жеңілдену) мүмкін. Окклюзия кезінде, мысалы, екі афференттік талшық арқылы бір мезгілде жүйке орталығындағы бір немесе бірнеше нейрондарға жететін импульстер тудыратын эффект сол афференттік талшықтарды жеке-жеке тітіркендіргенде туатын эффектілердің қосындысынан аз болады. Жеңілдену – бұған кері құбылыс. Әр түрлі жүйке жолдары арқылы импульстер 2 не 3 нейронға бір мезгілде жеткенде пайда болатын эффектілердің қосындысынан артық болады.
ОЖЖ жұмыс қызмет етудiң үйлестiретiн ұстанымдары
Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған.
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін «күреседі».

ДИРЕКТ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет