Құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәрауыздардың құрылымдық деңгейлері мен құрылысы. Нәрауыз денатурациясы мен ренатурациясы



бет42/65
Дата07.02.2022
өлшемі411,21 Kb.
#86164
түріҚұрамы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65
Байланысты:
Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020

Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.
Индукция принципі. Жүйке орталығында қозу тежелуге немесе тежелу қозуға жылдам ауысады, сонымен қатар бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші бір жүйке орталығының қозуы тежеледі немесе бір жүйке орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейуі мүмкін. Бұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды. Қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі өзара индукция құбылысына негізделеді. Егер бір аяқты бүгетін еттермен байланысты жүйке орталығында қозу туғанда, оның жазғыш еттерімен байланысты тежелу туады (теріс индукция), ал екінші аяқты жазғыш еттерімен байланысты орталықта қозу туғанда, бүгуші еттерімен байланысты керісінше, тежелу туған (оң индукция). Антогонистік еттердің жүйке орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннервация. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуі – реципроктық тежелу деп атайды.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.
Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде жүйке орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мәселен, жүйке орталығын тежеуші әсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция), немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі – белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жоғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.
Кері байланыс принципі. Кері байланыстар үрдістерінің маңызына айрықша мән бергендерінің бірі Н.А.Бернштейн болды. Ол физиологиялық үрдістердің өздігінен реттелу механизмдерін зерттеу барысында, рефректорлық реакциялар орындалу үшін «рефректорлық шеңбер» керек, ал бұл «шеңбердің» маңызы звеноларының бірі «кері байланыстар» деп есептеледі. Кері байланыс рефлекторлық реакцияны бағалауға, қателік кетсе әр уақыт үзіндісінде түзету ендіруге мүмкіндік береді.
 
Орталық жүйке жүйесіндегі қозу
 
Қозу жүйке клеткасының деполяризациясының нәтижесі болып табылады, ол натрий мен кальцийдің иондарына мембрана өткізгіштігінің жоғарлауымен немесе калий және хлор иондары үшін өткізгіштігінің төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. ОЖЖ-гі қозудың таралу ерекшеліктері: суммация, конвергенция, реверберация, иррадиация, қозудың тек бір жаққа таралуы – рецептордан аралас нейрондар арқылы эффекторға.
Жүйке орталықтарындағы қозудың суммациясы физиологиялық реакцияны дамытады, егер жеке қоздыратын әсерлердің күші айтарлықтай қозу табалдырығынан төмен болса, бірақ мұндай импульстардың уақытша және кеңістік жинақталуы эффекторлы клетканың қозуын тудырады. Жүйке орталықтарының функциональдік лабильділігіне және иннервацияланатын жұмысшы мүшелерге сәйкес келетін тітіркену ырғағын белгілі бір қозу ырғағына трансформациялау нәтижесінде ОЖЖ пессимумның (пессимальды тежеу) пайда болуының алдын алады.
Иррадиацияның қасиеті нәтижесінде жүйке орталығына түсетін әрбір жеке жүйке талшығының қозуы импульстар арқылы орталықтан көптеп шығатын талшықтарға таралады. Жүйке орталықтарының интегративті іс-әрекетін қамтамасыз ететін конвергенция қасиеті.
Аралас нейрондар жүйесіндегі импульстардың созылмалы айналымымен байланысты реверберация қасиеті афферентті қозудың қасиеттерінің уақытша сақталуын қамтамасыз ететді.
 
Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу
Тежелу - қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі мүшелерге де, орталық жүйке жүйесіне де тән. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Тежелу процестерінің негізгі мағынасы ОЖЖ реттеуші рөлін жүзеге асыруына мүмкіндік жасайтын қозу процесіне шек қоюынан тұрады. Екінші мағынасы – қорғаушы (ОЖЖ шамадан тыс қозудан қорғайды). Механизмі жағынан пресинапстық және постсинапстық тежелуді ажыратады (15 сурет).
 

15 сурет.Пресинапстық және постсинапстық тежелу.
 
Пресинапстық тежелу жағдайында тежелу нейроны қоздыратын нейрон аксонның терминалдарында аксо-аксондық синапсты түзеді. Бұл күйдегі тежелудің медиаторы ретінде ГАМҚ болады (гамма-аминмай қышқылы). ГАМҚ-лы постсинапстық мембрананың хлор анионына өткізгіштігін күшейтіп деполяризациялайды. Бұл деполяризация әрекет потенциалын азайтады, постсинапстық мембрана кальций катиондарын өткізбейтін болады, ұзақ деполяризациясы потенциалға тәуелді натрий каналдарының инактивациясына әкеледі. Нәтижесінде қозуы мен өткізгіштігі төмендейді.
Постсинапстық тежелу кезінде бір нейронда қоздыратын және тежейтін нейрондардан келіп түскен импульстер жиналады. Тежелу медиаторының бөлінуі (мысалы, глицин) постсинапстық мембранадан калий катиондарын сыртқа шығарумен қатар хлор аниондарының ішке өтуін күшейтеді де, постсинапстық мембранада гиперполяризацияны тудырады, немесе постсинапстық тежеуші потенциал пайда болады. Мұның салдарынан нейронның қозғыштық қабілеті төмендейді, оның қозуына кедергі туады.
 
Тежелудің түрлері
Орталық (Сеченовтық) тежелу.И.М.Сеченовпен ас тұзы кристалын бақаның ашық миының төрт төмпешік миына салу тәжірбиесі кезінде ашылды. Бүгу рефлексі уақытының (қозуды беру уақытысынан рефректорлы реакцияның басталуына дейін) ұлғаюын байқады. Бұл тәжірибе ОЖЖ тежелу процесінің бар деген тұжырымды жасауға көмектесті. Сеченовтық тежелу субординация принципінің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Қозудан кейінгі тежелу.Қозудан кейінгі жүйке орталығының қозғыштығының уақытша төмендеумен сипатталады. Осы қозудың бір механизмі – ұзақ мерзімдегі іздік гиперполяризацияның нәтижесіндегі нейрон қозу табалдырығының уақытша жоғарылауы.
Пессимальды тежелу.Ұзақ әрі қүшті тітіркенуден пайда болады. Механизмдерінің бірі постсинапстық мембрананың медиаторға сезімталдығының төмендеуінен тұрады (рецепторлардың десенситизациясы).
Қайтымды тежелу. Жұлынның мотонейрондарына тән. Жұлыннан шыққаннан кейін мотонейронның аксоны аралық тежеуші нейронды белсендіретін коллатеральды құрайды. Ол өз кезегінде мотонейронды тежейді.
Латеральды тежелу.Қозу көзіне жақын орналасқан жүйке орталықтарына тежелу процесінің таралуын болжайды.
Реципрокты тежелу.Ілесетін тежелу антагонистік бұлшықет топтарының жұмысы негізігде көрсетілген. Бүгілу бұлшық еттерінің қозуы бір мезетте жазылу бұлшық еттерінің тежелуін тудырады немесе керісінше болады.
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет