Құрамы жайлы жалпылама мəліметтер Жер қойнауларын көзбе-көз зерттеудегі адамзаттың қолы



бет10/12
Дата01.10.2023
өлшемі149,5 Kb.
#183227
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лек 2

нептунизм (Нептун – ежелгі гректердің су құдайы) жəне
плутонизм (Плутон – ежелгі гректердің от құдайы) деген
атаулармен сақталған жалған ілімдік (псевдонаучное) қағидалар
мазмұнына қысқаша ғана тоқталып өту орынды.
«Нептунистер» геологиялық процестердің туындау
себептерін тек қана сырт күштердің əсерімен түсіндіруге
тырысты (сырт күштер əсерінен туындаған процестер кейінірек
«экзогендік процестер» деген атауды иеленді). Бұл орайда
тұздардың сулы ерітінділер құрамынан тұнбаға түсуіне, яғни
олардың кристалдану процесіне айырықша үміт артылды. Олар
жер бетінде ұшырасатын таужыныстардың барлық түрлері, тіпті
қазір бізге кеңінен таныс магмалық таужыныстар да сулы
ерітінділер құрамындағы алуан түрлі тұздардың кристалдану
нəтижесі деп есептеді. «Нептунистер» жер қыртысы
ауқымында айтарлықтай қозғалыстар болмайды деп мəлімдеді,
ал таужыныс қабаттарының «иілу» себептерін олардың əуел-
бастан-ақ кедірлі-бұдырлы жазықтық бетінде «қисық
кристалдануының» нəтижесі деп түсіндіруге тырысты. Олардың
түсініктеріне сəйкес, жанартаулардың əрекеті жерасты
көмірлерінің, мұнайдың немесе күкірт шоғырларының
өртенуінің нəтижесі-мыс.
«Плутонистердің» идеялары «нептунистлердің»
идеяларымен салыстырғанда прогрестік сипатты иеленді деп
Геотектоника жəне геодинамика
39
мəлімдеуге болады, алайда бұлардың тұжырымдары да өте
қарабайыр болатын. Олар геологиялық процестер табиғатын
негізінен жер қойнауының ішкі күштерінің əсерімен түсіндіруге
тырысты, яғни олар қазіргі таңда «эндогендік процестер» деп
аталатын процестерге ғана иек артты. Жанартаулар əрекетін жер
қойнауларына «жасырынған» жылулар нəтижесі деп ұққан олар
құрлықтар мен теңіздердің ұдайы бір-бірін алмастырып
отыратындығын мойындады, жербедердегі мұндай өзгерістер
табиғатын күшті жерсілкіністердің нəтижесімен түсіндіруге
тырысты. «Плутонистердің» көрнекті өкілдерінің бірі –
италиялық Моро деген ғалым тұжырымдарына сəйкес, жер
бетінің кейбір бөліктерінің жоғары көтерілуі, сөйтіп таулы
жербедер түрінің пайда болуы планетаның ішкі жылуы əсерінен
қатты қызған газдардың «көмпие ісінуінің» нəтижесі; алайда
аталған газдар жерасты қуыстарында тұрақты түрде сақталып
қалуы мүмкін емес, ендеше мұндай қуыстар белгілі бір уақыт
өткеннен кейін қайтадан «жабылуға» «қуыс үсті опырыла
құлауға), сөйтіп үстіңгі өңір жаңа таужыныс қабаттарымен
қайтадан көмілуге мəжбүр; жер бетінде жиі ұшырасатын
көтерілімдер мен ойыстар дəйім алмасып отырмақ.
«Плутонизм» идеяларын одан əрі дамыта отырып, болашақ
геотектоника ғылымына жаңа леп əкелген белгілі орыс ғалымы
М.В. Ломоносов болды. Геотектоника ғылымының тарихында


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет