Мәтiннiң жиегiн белгілеу, бояу, беттердi суретпен қоршау. Мәтiннiң жиегін әр-түрлi сызықтармен белгілеу, бояу, беттердi тiзiмде бар әр түрлi суреттермен қоршау мүмкiндіктер бар. Осы әрекеттердi Формат – Шекаралар және бояу (Границы и заливка) командасын орындау арқылы iске асырамыз.
1.Тұтас мәтiндi немесе бөлiгiн белгiлеп алған соң Формат – Шекаралар және бояу командасын орындаймыз.
2. Ашылған сұхбат терезесiнде қажеттi шамаларды енгiземiз. Бұл сұхбат терезесi Шекара, Бет, Бояу үш астарлы бетiнен тұрады.
Шекара астарлы бетiнде мәтiндi жиек, көлеңке, көлемдi, басқа жиектемелердiң бiрiн және сызықтың түрiн, түсiн, енiн таңдай отырып, үлгiсiнен көрiп, қажеттi емес шекараны үлгiде немесе сәйкес батырмада шерту арқылы iске қосып, қайта алып тастау әрекеттерiн орындап болған соң, ОК батырмасына шертемiз. Параметрлер… батырмасын шерткенде мәтiн мен жиектеменiң арақашықтығын азайтып-көбейту мүмкiндiгiн беретiн сұхбат терезесi ашылады.
Бет (Страница) астарлы бетiнде дәл осы әрекеттердi орындауға және бiр немесе бiрнеше беттi Сурет (Рисунок) батырмасын шерткенде шығатын тiзiмнен таңдап алынған суретпен қоршау мүмкiндiгi бар.
Бояу (Заливка) астарлы бетiнде мәтiннiң белгiленген аймағын бояу параметрлерiн бергеннен кейiн ОК батырмасын шерткенде, таңдаған түске боялады.