Құрамы және құрылымы. Компьютердің арифметикалық негізі. Санау жүйелері



бет129/167
Дата24.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#133037
түріҚұрамы
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   167
Байланысты:
Информатика зертхене 2014

Элементтер тобының құрылуы
Суретті салу барысында олардың түстерін бір мезгілде өзгерту үшін бірден бірнеше геометриялық элементтерді белгілеп алу кажет болуы ықтимал. Ол үшін, Сурет (Рисование) саймандар тактасындағы бағыттауыш бейнесі бар батырманы басып, қажетті элементтерді қамтитын тіктөртбүрыш салу керек. Элементтерді біртіндеп те белгілеп шығуға болады. Ол үшін бірінші қажетті элементті тышқанмен шертіп, одан кейін Shіft пернесін жібермей ұстап түрып, келесі элементтердің де әрқайсысъш тышқанмен шертіп отыру керек. Егер де таңдап алынғандардың ішінен бір элементті алып тастау қажет болса, Shіft пернесін басып тұрып осы элементті тышқанмен тағы да бір рет шерту жеткілікті.
Кез келген сурет бір немесе бірнеше элементтерден тұрады. Осындай бірнеше элементтерді біріктіре отырып, оларды бір бүтін аймаққа кіретін етіп орналастырып алып түгелдей өндеуге де болады.
Бірнеше элементтерден тұратын топты құру үшін, алдымен оларды белгілеп алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топтау (Группировать) командасын орындау керек.
Топтан шығару

Қажетті бір әрекеттерді орындап болган соң, геометриялық элементтер тобын қайтадан бөлек-бөлек элементтерге жіктеуге болады. Бүл үшін сол біріктірілген топты таңдап алып, жанама менюдегі немесе Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің Топты жіктеу (Разгруппировать) командасын орындау керек.
Геометриялық элементтерді басқа орынға жылжыту

Геометриялық элементті жылжыту үшін, оны белгілеп алган соң тышқанмен іліп алып, қажетті орынға жылжыту керек. Бірден бірнеше элементтерді де бірден жылжытуға болады. Мұнда оларды бір ірі топқа біріктіру тәсілін де қолдануға болады.
Егер де геометриялық элементтерді тік бағытта (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) жылжыту қажет болса, онда оларды жылжыту барысында Shift пернесін жібермей ұстап тұру қажет.
Геометриялық элементтерге әртүрлі масштаб қолдану

Геометриялық элементтерді әртүрлі масштабпен бейнелеу үшін, сегіз тіктөртбұрышты элементтері бар жақтау қолданылады. Ол қажетті элементті немесе элементтер тобын таңдап алғанда пайда болады. Бұл тіктөртбүрыштарды тышқанмен жылжыту арқылы бейнелеу масштабын үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік бар.
Егер масштабын өзгерту кезінде Shift пернесін басып ұстап түрсақ, өзгертулер цропорционалды түрде екі бағытта (тік және көдденең) жүргізіледі. Бұл мүмкіндік квадраттар мен шеңберлер масштабын өзгертуде олардың пропорцияларын сақтап қалу үшін, яғни өзгерткеннен кейін шеңбер-шеңбер болып, квадрат-квадрат болып қалуы үшін қолданамыз.
Егер де масштабтау кезінде Сtгl пернесін басып, оны жібермей ұстайтын болсақ, масштабын өзгерту процесі геометриялық элементтің центріне байланысты жүргізіледі.
Геометриялық элементтердің көшірмесін алу және оларды өшіру.

Геометриялық элементтердің көшірмесін алу жөне өшіру үшін, мәтін фрагменттерінің көшірмесін алуға және оларды жоюға арналған Тузету (Правка — Еdit) менюі командаларын қолдануға болады.
Геометриялық элементтердің орналасуы.

Егер графикалық элементтер бір-бірін жауып түратын болса, қай элементтің беткі жағында (үстінде), ал қайсысының астыңғы жағында орналасуы керектігін анықтап көрсету мүмкіндігі бар. Бұл үшін элементті белгілеп алып, Іс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған менюдің немесе жанама менюдің Реті (Порядок) командасының қажетті төменгі сатылы командасын орындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет